• Басты
  • «Kazakhstan Project Management Awards 2021» байқауы: Мүмкіндіктері мен артықшылықтары

«Kazakhstan Project Management Awards 2021» байқауы: Мүмкіндіктері мен артықшылықтары

15 Маусым, 2021 15:35

«Kazakhstan Project Management Awards 2021» Ұлттық байқауы 2021 жылы 15 маусымда байқаудың басталғанын жариялады. Бірінші кезең - 2021 жылғы 15 маусымнан 15 шілдеге дейін созылады. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігі жобалық басқару департаментінің директоры Илона Шварцкопф, Жобалық менеджментті жетілдіру бойынша халықаралық судья және бағалаушы Жұмағали Ғалымбекұлы таныстырды. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі жобалық басқару департаментінің директоры Илона Шварцкопфтың айтуынша, бұл ұлттық конкурс - жобалық басқарудың үздік тәжірибелері көрсетілетін, тәжірибе алмасатын және тиімді әріптестік қатынастар жолға қойылатын кәсіби бәсекелестік алаңы. Мемлекет басшысы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында олардың қызметіне жобалық тәсілді енгізу міндетін қойған.

«Сондықтан, басқа елдердің тәжірибесі бойынша жобалық басқарудың кемелденуін арттыру мақсатында құрылды. Конкурс жыл сайын өткізіледі. Өткен жылы байқауға тек мемлекеттік органдар қатысқан болса, биыл біраз өзерістер бар», – деді ол.

Оның айтуынша, байқаудың басты жаңалығы - тек осы жылы ғана мемлекеттік органдардан басқа, бизнес өкілдері, сарапшылар қауымдастығы және ҮЕҰ қатысады. Сондай-ақ, қазіргі таңда Үкімет жобалық басқарудың заңнамалық негізін қалыптастыру бойынша жұмысты аяқтаған.

«Ұлттық экономика министрлігі уәкілетті орган болып белгіленді. Министрліктің негізгі міндеті – жобалық басқарудың ұлттық жүйесін құру және дамыту», – деді Шварцкопф.

Жүйе мемлекеттік басқарудың үш деңгейін қамтиды:

·       жалпыұлттық басымдықтарды іске асыру арқылы Үкімет деңгейінде портфельдерді басқару;

·       мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру арқылы мемлекеттік органдар деңгейінде бағдарламаларды басқару;

·       жобаларды құру және қызметін ұйымдастыру арқылы жобалық командалар деңгейінде басқару.

Оның айтуынша, жобалық басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде бірыңғай заңнамалық, нормативтік-құқықтық және әдіснамалық негізде жұмыс істейді. Сонымен қатар, онда ұлттық даму жоспарының барлық жалпыұлттық басымдықтары бойынша жобалық командалар онлайн режимінде жұмыс істейді.

«Мемлекеттік органдар жұмысында жобалық тәсілді қолдану идеясы бірлескен коллаборацияға, әртүрлі мемлекеттік органдар, бизнес-қоғамдастық, квазимемлекеттік сектор, сарапшылар қоғамдастығы өкілдері, белсенді азаматтар бір жобалық команда ретінде бірлесіп жұмыс істеген кезде кросс-функционалды командаларды ұйымдастыруға бағытталған. Сондықтан, биыл байқауға қатысушылардың санаттарын кеңейтудеміз», - деді Шварцкопф.

Жобалық менеджментті жетілдіру бойынша халықаралық судья және бағалаушы Жұмағали Ғалымбекұлының айтуынша, биылғы жылы да байқау онлайн форматта өтеді. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жобалық менеджмент бойынша тәжірибелі және сертификатталған мамандары конкурс бағалаушылары болып табылады.

«20 адамнан тұратын қазылар алқасының құрамына мемлекет өкілдерінің 50% - ы, Ұлттық жобалық қоғамдастықтың 50% - ы кіреді. Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар есеп түрінде кері байланыс алады, онда командалардың әлсіз және күшті жақтарын талдау, оларды әрі қарай дамытуға ұсыныстар беріледі», - деді ол.

Қалай өтінім беруге болады

Конкурсқа қатысу үшін сайтта онлайн өтінім беру қажет www.apa.kz Онда конкурс туралы ережемен, өткізу мерзімдерімен және кезеңдерімен танысуға, есептердің нысандарын және оларды толтыру қағидаларын, сондай-ақ өзге де құнды ақпаратты жүктеуге болады.

Сондай-ақ, конкурсқа қатысушылар үшін бірқатар артықшылықтар бар, олар:

·       Жобалық басқарудың ұлттық дамуына қосқан үлесі

·       Өз жобаңызды кең аудитория арасында жариялау мүмкіндігі

·       Жоба менеджерлерінің көшбасшыларын анықтауға және олар туралы және олардың БАҚ пен әлеуметтік желілердегі тәжірибесі туралы ақпаратты таратуға мүмкіндік береді.

«Конкурсты ұйымдастыру және өткізу жобалық менеджмент құралдары мен әдістерінің көмегімен жүзеге асырылған. Бұл өткен жылы карантиндік шаралар, шектеулі мерзімдер, сондай-ақ жобаның көптеген мүдделі тараптарында алғашқы конкурсты сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік берді», - деп қорытындылады Ғалымбекұлы.

Барлық жаңалықтар