• Басты
  • Катар Қазақстанда «MASRAF ALRAYAN» банкін ашады
14 Ақпан, 2020 12:15

Катар Қазақстанда «MASRAF ALRAYAN» банкін ашады

Жоғары деңгейдегі Қазақстан-Катар бірлескен комиссияның бесінші отырысында Катар   Қазақстанда «MASRAF ALRAYAN» банкін ашатыны белгілі болды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

 


Катар   Қазақстанда «MASRAF ALRAYAN» банкін ашады

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов аталған отырыс Катар Эмирі шейх Тамим бен Хамад әл-Танидің Қазақстанға жасалатын сапары аясында үлкен маңызға ие екенін айтты.

  "Бұл маңызды шара екіжақты қарым-қатынасты белсенді ете түсіп, халықтар арасындағы достастықты нығайта түсетінін айтты. Бұл біз үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Сондықтан бүгін аталған сапарды барынша маңызды етіп өткізуге тырысамыз",-деді министр.

  Сондай-ақ, министр өткен жыл екіжақты қарым-қатынас үшін өте тиімді болғанын атап өтті.

"Қазақстан екі ел арасындағы байланысты кеңейту бойынша кешендік шараларды қабылдады. Оның ішінде Катардың азаматтарына 2019 жылдың 1 қазанынан бастап визасыз режимнің қосылуы мен жақында қол қойылған әуеқатынасы туралы келісімі бар. Келісімге сәйкес, «Qatar Airways" әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына аптасына 7 жолаушылық, Доха мен Алматы арасында 7 жүк рейсін жасай алады",-деді ол.

Министр бұл шаралардың барлығы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге арналғанын атап өтті.

"Шағын құрамда біз Әл-Кувари мырзамен екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқыладық. Оның ішінде, инвестициялық ынтымақтастықты ерекше атап өткен жөн, алдымен бұл Катар инвестициялық қорының қазақстандық инфрақұрылымдық қордың жұмысына Қазақстандағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға қатысады. Қазір қаржы және банкинг саласындағы ынтымақтастық тиімді болмақ, ол «MASRAF ALRAYAN» банкінің ашылуы мен «Qatar International Islamic Bank» банкінің листингі АХҚО платформасында ашылады. Айтылған жобалар мен қабылданған шешімдер екі елдің стратегиялық ынтымақтастығының нығаюына өз үлесін қосады», - деді Р.Дәленов.

   Министр айтып өткендей, ынтымақтастық күрделі жағдайда дамып жатыр.

   «Дүниежүзілік банк пен ХВҚ сынды халықаралық ұйымдар әлемдік экономика болжамдарын соңғы 10 жылда ең төменгі деңгейге түсіріп отыр. Жаһандық тұрғыда қызмет пен тауарларды сату деңгейі айтарлықтай төмендеп отыр. Әлемдік экономика тенденциясы мен бақыланып отырған өзгерістер әрбір елден экономикалық әдістер мен жүйелік экономикалық әдістерді, тәжірибелерді жетілдіруді қажет етеді», - деді ол.

   Сондай-ақ, министр Катар республикасын таяу Шығыстағы ең жақын серіктес ретінде танитынын айтты.

   «Жалпы, дипломатиялық қарым-қатынастың 27 жылында біздің елдер конструктивті диалог құрып, сенім орната білді. Катар Қазақстан үшін уақытпен сыналған, сенімді әріптес. Біз Катардың Қазақстанда әлеуметтік нысандарды салу бастамасына үлкен ризашылықпен қараймыз. Катар тарапы Алматы облысында перзент үйінің құрылысына қаражат бөлу шешімін қабылдады. 2018 жылы Нұр-Сұлтанда мектеп-лицейдің құрылыс жобасын сәтті аяқтады. Жақында ғана мектепке шейх Тамим бен Хамад әль-Танидің есімі берілді», - деді ол.

   Р.Дәленов бүгінде Катар мен Қазақстан арасындағы тауар айналым 2 млн долларды құрап отырғанын айтты.

   «Тауар айналымның көлемін арттыруға наурыздың соңында Доха, Нұр-Сұлтан және Алматы бағытында іске қосылатын жолаушылар және жүк рейсі өз үлесін қосуы мүмкін. Бүгінде біздің қарым-қатынас жаңа мазмұнда қайта құрылуда, біз өзара тиімді және табысты ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз», - деді Р.Дәленов.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды