- Басты
- Жаңалықтар
- Каспийдегі итбалықтардың аман қалуына барынша көмектесе аламыз деп үміттенемін – Ә.Баймұқанова
Каспийдегі итбалықтардың аман қалуына барынша көмектесе аламыз деп үміттенемін – Ә.Баймұқанова
5 Желтоқсан, 2019 17:21
Бүгінгі экологтардың қорытынды жиынында Гидробиология және экология институтының маманы Әсел Баймұқанова Каспий теңізіндегі итбалықтарды аман алып қалу үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Айтуынша, Каспийде итбалықтар мекендеуге қолайлы аймақ та қысқарып қалған.
«Биыл біз Каспийдегі итбалықтардың аман қалуына барынша көмектесе аламыз деп үміттенемін. Біздің ұйым Каспий итбалықтарын 15 жылдан бері зерттеп келеді. Соңғы кездері Каспий теңізінде жалғыз сүтқоректі итбалықтардың бұдан кейінгі жағдайы алаңдатады. Олардың өлім себебіне талдау жүргізгенде олардың көп бөлігі 8 жасқа дейін жетпей қырылып қалғанын анықтадық. Сондай-ақ популяциясында өте белсенді жастағы – 20-30 жастан жоғары итбалықтар азайған. Оның үстіне олар өмір сүре алатындай маңызды орында да қысқарған. Каспий теңізінің Қазақстан жеріндегі бөлігінде тек Комсомол шығанағында Оппа ауданы мен Дурнев аралы теңіз ауданында ғана орын қалған», - деді ол.
Маман итбалықтарды аман алып қалу үшін шаралар жоспарын ұсынды.
«Ол үшін бізге ҚР заңнамасына теңіз жануарларының құрғақ жерге – жатаққа шығатын кезінде балық аулау мен кемелерде жүргізбеу керек; жатақтарды сақтап қалу және итбалықтар мекендейтін жерлерді қайта қалпына келтіру үшін мемлекеттік табиғи резерват ұйымдастыру керек; Каспий итбалығын сақтау және тиісті шаралар жүргізу туралы қалың көршілікті хабардар ету керек; Трансшегаралық жануар болғандықтан, мемлекет аралық зерттеу ұйымдастыру керек», - деді Әсел Баймұқанова.
Еске сала кетсек, бүгін елордада "Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне кіретін 132 қоғамдық экологиялық ұйымдардың қатысуымен қорытынды жиналыс өтті.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Қоршаған ортаны қорғай аламыз ба -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді