• Басты
  • «Каспий конституциясын» іске асыру үрдісі
25 Қараша, 2019 13:32

«Каспий конституциясын» іске асыру үрдісі


Былтырғы жылы 12 тамызда Ақтау қаласында Бесінші Каспий саммиті барысында 5 мемлекеттің басшылары (Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан) Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияға қол қойды. Теңіз жағалаудағы барлық мемлекеттер үшін стратегиялық маңызы бар құжат. Оны қабылдағаннан бері бір жылдан астам уақыт өтті.
«Каспий конституциясын» іске асыру үрдісі

Ережеге сай Конвенция депозитарийінің (Қазақстан) бесінші бекіту грамотасын алған күнінен бастап күшіне енеді. Конвенцияны іске асыру мақсатында биылғы жылдың 8 ақпанында Елбасы Н.Ә. Назарбаев бұл тарихи құжатты ратификациялады.

Бүгінгі таңда, Қазақстанмен қатар Конвенцияны, Әзербайжан, Ресей және Түрікменстан мақұлдады. Қазіргі уақытта тек қана Иран Конвенцияны ратификациялаудың мемлекетішілік рәсімдерін жүргізуде.

Жалпы, Елбасы атап өткендей "Каспий теңізінің конституциясы" қазақстандық дипломаттардың және басқа да мемлекеттік органдардың Каспий жағалауындағы елдерімен 25 жылдан астам жүргізген келіссөздердің нәтижесі.

Конвенцияда еліміздегі заңнамасында көзделгеннен өзге қағидалар белгіленгендіктен, ішкі заң актілерін оның ережелеріне сәйкестендіру қажеттілігі туындаған.

Сөйтіп, жақында Сыртқы істер министрлігі тиісті заң жобасын әзірледі. Заң жобасы шеңберінде Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер реттеледі. Бұл қандай түзетулер?

Бірінші. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң).

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенциямен (бұдан әрі - Конвенция) теңіз акваториясы түрлі режимдермен аймақтарға бөлінеді. Жағалауындағы мемлекеттердің ені 15 теңіз миліне дейін аумақтық сулардың және ені 10 теңіз миліне дейін балық аулау аймағын белгілеген. Биологиялық ресурстардың бірегей популяциясын сақтау мақсатында балық аулау келісілген ұлттық квоталар негізінде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ шектес және қарсы жатқан мемлекеттермен келісім бойынша теңіз түбіндегі және жер қойнауындағы өзінің секторының аражігін ажырату құқығы қарастырылған.

Бұған қоса, экологиялық талаптар сақталған жағдайда теңіз түбі арқылы магистралдық құбыр желілері мен кабельдерді төсеу мүмкіндігі көзделген. Осы келісімді іске асыру мүмкіндігін жақында Қазақстан мен Әзірбайжан елдері пайдаланды.

Алдыңғы аптада Ақтау қаласында екі елдің Премьер-министрлері Асқар Мамин мен Али Асадов құрылыстың салтанатты басталуы рәсіміне қатысқан. Оптоволокно негізіндегі кабельді тарту туралы келісім шартқа қазақстандық Транстелеком мен KazTransCom және и әзербайжандық AzerTelecom.басшылары қол қойды. Бұл цифрлы-телекоммуникациялық коридор 2021 жылдың аяғына дейін іске қосылады және 4-6 терабит/с деректер жіберуге мүмкіндік береді.

Халықаралық шарттардың ережелерін ұлттық заңнамаға имплементациялау шеңберінде:

- аумақтық сулардың енін 12 ден 15 теңіз миліне дейін ұлғайту;

- «аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар режимі» ұғымын «ішкі және аумақтық сулар режимі» ұғымына ауыстыру;

- «континеттік қайраң режимі» ұғымын «Каспий теңізінің қазақстандық секторының режимі» ұғымына ауыстыру;

- осындай акваторияда теңіз ғылыми зерттеулерін және сулардағы биологиялық ресурстарға кәсіпшілік жүргізу тәртібін белгілейтін балық аулау аймағы шегінде «балық аулау аймағының режимін» енгізу;

- балық аулау аймағында сулардағы биологиялық ресурстарға кәсіпшілік жасауға Қазақстанның айрықша құқығын сақтауды бақылау, сондай-ақ олардың өзара әрекет ету тәртібі бойынша мемлекеттік органдардың құзыреттілігін белгілеу.

- балық аулау аймағының кеңеюіне байланысты тәуліктің кез келген уақытында балық аулау мүмкіндігін қарастыру.


Каспий теңізінде шекара ведомствосының жауапкершілік аймағының ұлғаюына және Мемлекеттік шекараны күзетуге заманауи технологияларды енгізу қажеттілігіне байланысты пилотсыз ұшу аппараттарын қолдану (дрондар), сондай-ақ Шекара қызметінің корабльдерін, катерлері мен кемелерін салуды ұйымдастыру туралы нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға арналған уәкілетті орган басшысының құзыреті қарастырылады.

Сонымен бірге, Каспий теңізінің балық аулау аймағында, аумақтық суларда, ортақ су кеңістігінде су биологиялық ресурстарын және табиғи ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі Шекара қызметінің міндеті көзделеді.

Сондай-ақ, Конвенцияның 12-бабын іске асыруды, тексеріп қарауды, инспекциялауды, іздерін суытпай ізге түсуді және ұстауды, кемелерде тұрған нақты айыру белгілері бар құзіретті мемлекеттік органдардың өкілдері жүзеге асырады.

Қолданыстағы заңнаманың Мемлекеттік шекараны күзетуге қолданылатын жүзу құралдарында айыру белгілерін бейнелеуді регламенттемеуіне байланысты, шекаралық ведомствоның корабльдерінің, катерлерінің және кемелерінің сыртқы бояуы схемасын және айыру белгілерін белгілейтін нормативтік құқықтық актіні қабылдау бойынша уәкілетті орган басшысының құзыреттерін бекіту қажеттілігі туындайды. Қазіргі уақытта осы мәселе таратуға шектеуі бар құжатпен ішінара реттелген.

Сонымен бірге, Заңның қолданыстағы редакциясына сәйкес, егер бұзушылық Қазақстан Республикасының ішкі және аумақтық суларында айқындалса, іздерін суытпай ізге түсуді жүзеге асыру құқығы Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметіне берілген.

Конвенцияның 12 бабының 3 тармағына сәйкес, егер бұзушы балық аулау аймағында немесе Каспий теңізінің қазақстандық секторында табылған жағдайда, ізіне түсуді жүзеге асыру құқығы шекара ведомствосына беріледі.

Заңның қолданыстағы редакциясындағы қайшылықтарды, олқылықтар мен коллизияларды болдыртпау мақсатында басқа да түзетулер енгізіледі.

Екінші. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңындағы «континентальдық қайраң» терминін «Каспий теңізінің қазақстандық секторы» терминіне ауыстыру бөлігі бойынша сәйкестендіру қажеттілігін көрсетеді.

Үшінші. Конвенция ережелеріне, сондай-ақ 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісімге сәйкестендіру мақсатында (2015 жылғы 17 шілдедегі № 332-V ҚР Заңымен ратификацияланған, 2016 жылғы 24 мамырда күшіне енді) «көрсетілген Конвенцияға сәйкес заңсыз, хабарландырусыз, реттеусіз кәсіптік аулану», су биологиялық ресурстары, ортақ су кеңістігі, балық аулау аймағы және басқада түсініктер түсінігін», сондай-ақ Каспий теңізінің ортақ су кеңістігінде және балық аулау аймағында, биологиялық су ресурстарын аулауға рұқсаттар беру бойынша уәкілетті органның құзыретін қарастыратын «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі анықталды.

Сонымен қатар, «ішкі су», «аумақтық сулар», «балық аулау аймағы», «жалпы су кеңістігі» және «сектор түбі» ұғымдарына қатысты Конвенция ережелерін имплементациялау мақсатында жекелеген заңнамалық актілерге, онымен бірге, Қылмыстық кодекске, Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.

Осылайша, Кедендік реттеу туралы кодексіндегі «...ҚР континенттік қайраңында» деген сөздердің «...Каспий теңізінің қазақстандық секторында» деген сөздерге өзгеруі бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Сонымен бірге, құқықтық мониторинг жүргізу кезінде сол Кодекстегі «Айрықша экономикалық аймақтар мен континенттік қайраңдар» ұғымын алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізу Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде көрсетілген ұғымдардың бекітілуіне байланысты мүмкін еместігі анықталды.

Тұтастай алғанда, бесжақты келіссөздерді жүргізу үдерісі барысында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция қалыптасқан халықаралық тәжірибенің есебінен толықтырылды, оның айтарлықтай бөлігі Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ Конвенциясының ережелерінде (Монтего-Бей, 1982 жылғы 10 желтоқсан) көрсетілген.

Атап айтқанда, Каспий конвенциясында БҰҰ Конвенциясындағы ұқсастық бойынша мыналар қарастырылады:

1) Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ Конвенциясының айрықша экономикалық аймағында сулардың биологиялық ресурстарына кәсіпшілік жасауға өзінің айрықша құқығына қатысты заңдарды және қағидаларды қабылдауға теңіз жағалауындағы мемлекеттің құқығы, құқықтық мәртебесі Каспий конвенциясының балық аулау аймағына көбінесе ұқсас болып келеді (БҰҰ Конвенциясының 58-бабы және Каспий конвенциясының 9-бабы);

2) іздерін суытпай ізге түсуге арналған теңіз жағалауындағы мемлекеттердің құқығы (БҰҰ Конвенциясының 111-бабы және Каспий конвенциясының 12-бабы);

3) теңіз жағалауындағы мемлекеттер құзыретті органдарының кемелерінде айыру белгісінің болуы (БҰҰ Конвенциясының 111-бабы және Каспий конвенциясының 12-бабы).

Сонымен бірге, таяу және алыс шетелдерде (Ресей, Украина, Пәкістан, Үндістан, Жапония және т.б.) теңіз жағалауы мемлекеттері құзыретті органдарының әскери корабльдерінде және кемелеріндеолардың ұлттық заңнамаларымен регламенттелетін сыртқы айырмашылық белгілері бар. Мәселен, «РФ Шекара әскерлерінің корабльдерін, катерлерін және кемелерін борттық айыру белгілерін бекіту туралы» Ресей Федерациясы Президентінің 1993 жылғы 21 мамырдағы Жарлығында және «Жағалау күзетінің шекаралық органдарына шекаралық корабльдердің, кемелердің және катерлердің тиесілілігін айыру белгілерін жазу туралы» Ресей ФҚҚ Директорының 2005 жылғы 5 тамыздағы №465 бұйрығында жазылған бейнелер Ресей ФҚҚ Шекара қызметінің Жағалау күзетінің корабльдерінің, катерлерінің және кемелерінің борттарында айыру белгілері жазылады. Көрсетілген актілерге сәйкес кеменің бортында мемлекеттік ту түсіндегі үш түрлі еңкіш белдеулі түрде, сондай-ақ оның ведомстволық тиесілілігін көрсететін жазу жазылған айыру белгілері бейнеленеді.

Осы іспеттес айыру белгісін бейнелеу тәсілдері Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік шекара қызметінің Жағалау күзетінде де бар.

«Заңсыз, хабарламайтын, реттелмейтін кәсіпшілік» (бұдан әрі - ЗХР кәсіпшілік) туралы ФАО мәліметтері бойынша, ЗХР кәсіпшілігінде жылына 26 млн. тоннаға дейін балық өндірілуі мүмкін немесе өнеркәсіптік балық аулаудың жалпы әлемдік 15%-дан астамын құрайды. Экономикалық шығыннан басқа заңсыз кәсіпшілік көптеген елдердің биологиялық әртүрлілігі мен азық-түлік қауіпсіздігіне қауіптөндіреді.

ЗХР кәсіпшілігі жаһандық проблема болды, ол әлемдік мұхиттың барлық акваторияларында, айрықша экономикалық аймақта және континенттік қайраңда да, ашық теңізде де орын алады. ЗХР кәсіпшілігі балық қорларын сақтау және оларды басқару жөніндегі ұлттық және халықаралық шараларды бұзады және ресурстардың сарқылуына әкеледі. Бұл балық аулаумен айналысатын адамдардың өмір сүруіне қауіп өндіреді.

БҰҰ Бас Ассамблеясы 2005 жылғы 60-сессияда қабылдаған №60/31 қарарында ЗХР кәсіпшілігі «бұрынғысынша теңіз экожүйелері үшін ең үлкен қауіп-қатердің бірі болып табылатынына және мұхит ресурстарын сақтауға және оларды басқаруға айтарлықтай әсер ететіндігіне алаңдаушылық білдірді». Ол мемлекетті халықаралық құқық шеңберінде осындай кәсіпшілікке қарсы батыл күрес жүргізуге шақырды.

2015 жылғы 70-сессияда БҰҰ Бас Ассамблеясы №70/75 қарарын қабылдады, онда ЗХР балық кәсіпшілігі балық қорлары мен теңіз экожүйелері үшін ең үлкен қауіп-қатердің бірі болып қалатынына және экономикалық ресурстарды сақтауға және оларға иелік етуге, сондай-ақ көптеген мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикасына айтарлықтай және зор әсер ететіндігіне тағы да қатты алаңдаушылық білдірді және мемлекеттерге қолданыстағы барлық міндеттемелерді толық көлемде орындауға, осындай кәсіпшілікпен күресуге және заңсыз, хабарланбаған және реттелмейтін балық кәсіпшілігінің алдын алу, оны тежеу және жою жөніндегі халықаралық іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруға қажетті барлық қадамдарды шұғыл қолдануға шақырады.

Сөйтіп, Конвенция аймақтағы кауіпсіздік, тұрақтылық пен гүлденудің кепілі болып, Каспий теңізінің шекарасын делимитациялауды аяқтауға мүмкіндік береді. Оған қоса, инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай туғызуға, Каспийдің бесжақты сауда-экономикалық байланыстарын, көліктік инфрақұрылыммен және аймақтың транзиттік әлеуетін дамытуға оң әсерін тигізеді.

Қайсар Ноғаев 

Фото: Ашық дерекккөз 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды