• Басты
  • Карантинге жатқызылған өнімдерді заңсыз тасымалдағандарға 22 млн тенге айыппұл салынды
25 Мамыр, 2020 11:35

Карантинге жатқызылған өнімдерді заңсыз тасымалдағандарға 22 млн тенге айыппұл салынды

Жыл басынан бері фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу барысында карантинге жатқызылған өнімді ел аумағына әкелу кезінде  600-ден астам заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Strategy2050.kz АШМ баспасөз қызметі. 
Карантинге жатқызылған өнімдерді заңсыз тасымалдағандарға  22 млн тенге айыппұл салынды

Оның ішінде: фитосанитарлық сертификаттың болмауы - 388, карантиндік организмдердің анықталуы – 13, таңбалаудың болмауы - 17, фитосанитариялық сертификаттың сәйкес келмеуі – 9, карантинге жатқызылған өнімнің келіп түскен жері бойынша екінші тексеруге ұсынылмауы - 60, басқа жол арқылы алып өту - 4, фитосанитариялық талаптардың бұзылуы бойынша - 45 жағдай, қол жүгіне тыйым салу бойынша - 79 заң бұзғандар анықталды.

Көбіне заң талаптарын бұзғандар Ресейден (439 заң бұзушылық), Өзбекстаннан (110), Ираннан (33) тіркелген. 

Анықталған жағдайларға байланысты АШМ мемлекеттік инспекторлары тарапынан заң аясында тиісті шаралар қабылданды. 332 мәрте жалпы көлемі 10,2 мың тонна карантинге жатқызылған өнім кері қайтарылды, залалданған өнімнің бір партиясы толық жойылды. Жалпы 22,1 млн.теңге сомасында айыппұл салынып, 384 әкімшілік жаза қолданылды.

Қазақстан аумағына карантинге жатқызылған өнімді әкелу кезінде анықталған жағдайлар бойынша экспорттаушы елдерге 105 нотификация жіберілді.



ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды