• Басты
  • Карантиндік шаралар сақталмаған соң, кей өңірлерде өсім бар – Т.Сұлтанғазиев
18 Мамыр, 2020 15:32

Карантиндік шаралар сақталмаған соң, кей өңірлерде өсім бар – Т.Сұлтанғазиев

Карантиндік шаралар сақталмаған соң, кей өңірлерде өсім бар. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Денсаулық сақтау министрлігінің медиа холдингі ұйымдастырған баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Карантиндік шаралар сақталмаған соң, кей өңірлерде өсім бар – Т.Сұлтанғазиев
«Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған 6440 науқас тіркелген болатын. Қазіргі таңда 3150 науқас ем қабылдауда. 3256-сы жазылып шықты. Өткен тәулікте 283 науқас тіркелді. Өсім 4,6 пайызды құрады. Оның ішінде 187 жағдай, белсенді скринингтің қорытындысы бойынша жасалды. Ақтөбе және ШҚО-да науқас тіркелмеді. 11 мамырдан бастап 17 мамырға дейін 1350 жағдай тіркелді. Оның ішінде 80 пайызы жедел кәсіби скринингтер жасау шаралары аясында жүзеге асырылды. Сондай-ақ, бір аптада тіркелген оқиғалардың 17 пайызы азаматтардың өздері кеп қаралғаннан анықталды. 4 пайыз шеттен келген, оның ішінде басым бөлігі Ресейден, аз мөлшерде Қырғызстан мен Өзбекстаннан келгендер де бар. Өңірлерді 3 топқа бөлдік. 7 пайыздан көп тіркелген облыстар: Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл облыстары. Екінші топ 7 пайызға жетпегендер: 6 өңір бар. 3-топ 5 пайыздан төмен облыстарға ШҚО, Маңғыстау, Қызылорда облыстары. Карантиннің жеңілдеуіне қатысты өңірлердегі барлық жедел штабтарға рейдтік бақылауды күшейту қажеттігі айтылды. Карантин шаралары жеңілдесе де, бірқатар бағыттар бойынша карантин шараларын сақтау қажет», - деді Т.Сұлтанғазиев.

Ол атап өткендей, кәсіби скрининг барысында анықталған симптомсыз аурулардың тіркелуі тестілеу санының көбеюі нәтижесінде анықталды.

«Өткен аптада біз тәулігіне 23,5 мың тест ала бастадық. Жұмысқа кіріскен ұйымдарға карантин шараларын сақтады ұмытпауды еске саламыз. Себебі, ұйымда инфекцияның пайда болуын болдырмау қажет. Қызметкерлер мен келушілер жеке санитарлық тәртіпті сақтаулары керек. Бұқаралық орындарға көп бармай, жеке гигиенаны сақтап, медициналық маскалар мен антисептиктерді қолдануды жүзеге асыруды жалғастыра беру керек. Соңғы уақытта кей өңірлерде өсім байқалған. Бұл көп адам жұмыс істейтін жабық ұйымдарда өсіп байқалып отыр. Себебі, олар бастапқыда айтылған карантиндік шараларды сақтамай отыр. Бұл жұмысшылар мен жұмыс берушілердің жауапкершілігіне сын. Бұл ұсыным емес, талапты шаралар еді. Карантиндік шаралар сақталмаған соң, өсім болып отыр. Нұр-Сұлтан мен өзге өңірлерде көп адамдар қонаққа барып, қоғамдық жерлерде қыдыруды жүзеге асырып жүр. Ауызашарға бармау керек, қонақ та шақырмау керек», - деді ол.

Сондай-ақ, Т.Сұлтанғазиев қалалар арасында әлі күнге дейін блок бекеттердің жұмысы сақталып отырғанын айтты.

«Бұл әртүрлі өңірде жағдай әртүрлі болып отыр. Мәселен, Шымкент пен Атырау облысында өсім байқалып отыр. Сондықтан да блок бекеттерді алып тастау, бір өңірден екінші аймаққа вирусты тасымалдауды арттырып жіберуі мүмкін. Әуе арқылы орын алмасу қауіпсіздеу. Себебі, Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшу уақыты небәрі 2 сағат. Сондықтан да, өңірлер арасында автомобиль жолдарын ашу әлі талқыланған жоқ», - деді ол.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды