• Басты
  • Карантин кезінде мемлекеттік бюджет қанша қаражаттан қағылды

Карантин кезінде мемлекеттік бюджет қанша қаражаттан қағылды

27 Қазан, 2020 15:23

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында еліміздің салықтық және кедендік әкімшілендіру жағдайы сөз болды. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев кәсіпкерлерді салықтық және кедендік тексерулер, фискал жүйесін, цифрландыру, электронды шот-фактура, онлайн бақылау кассалық машиналар, сондай-ақ бюджетке түскен қаржының есебі, салықтық декларация туралы есеп берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Пандемия кезінде карантиндік шектеу шараларына байланысты Қазақстанда жеке кәсіпкерлер салық төлеуден босатылған болатын. Strategy2050.kz тілшісінің бюджетке түспей қалған қаражат мөлшері туралы сұрағына Сұлтанғазиев 1,5 трлн жуық қаражат екенін айтты.

Сондай-ақ, Марат Сұлтанғазиев кәсіпкерлерді салықтық тексеру 60%-ға азайғанын мәлімдеді. 2020 жылдың 9 айында 7,2 мың салықтық тексеру жүргізілген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59%-ға немесе 10,4 мыңға аз. Ал бюджетке төленетін қосымша төлемдер 118,8 млрд теңгені құраған, пайызға шаққанда өсім мөлшері 5,4% пайыз. Өндіріп алу сомасы 58 млрд теңге, пайыздық өсімі 19%. Оның мәліметіне сүйенсек, мемлекеттік кірістер комитеті тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдірір, тексерулерге іріктеу жүргізген. Сонымен қатар, салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды санаттарға бөлуді жүргізіп жатыр.

Мемлекетке түсетін бюджетті ірі салық төлеушілер мен жер қойнауын пайдаланушылар толтырады. Осындай ірі салық төлеушілер тобы үшін бақылау әдістерін қолдану нәтижесінде жыл басынан бастап қосымша түсімдердің мөлшері 37,7 млрд теңгені құрады, - деді спикер.

Мүлік салығы, жер салығы, ЖТС, акциздер және басқа да салықтардың кейбір түрлері үшін 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін нольдік мөлшерлемелер енгізілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату және импорттау бойынша қосымша құн салығының мөлшерлемесі 12%-дан 8%-ға дейін төмендетілді.

Салық декларацияларын тапсыру мерзімі 2020 жылғы 31 наурыздан 31 мамырға дейін ұзартылды. Шағын және орта бизнес өкілдері салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, әлеуметтік төлемдер бойынша 2020 жылғы 1 маусымға дейін кейінге қалдырылды.

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының айтуынша, қазір ведомство артық төлемдерді төмендету қарызды азайту және кедендік статистикадағы сәйкессіздіктерді азайту бағытында жұмыс істеп жатыр.

Кедендік әкімшілендіру шараларының күшеюіне байланысты Қытаймен кедендік статистикадағы сәйкессіздік 48%-дан 44%-ға дейін төмендеді. Өндіріп алу процедураларын күшейтудің есебінен, салық берешегі жоспарланған 5% көрсеткіші жағдайында 5,2%-ға азайды, ол 195,5 млрд теңгені құрады Әкімшілендіруді жетілдіру бойынша қабылданған шаралар соңғы 5 жылдағы артық төлемнің 2,3-тен 2 триллионға дейін ең үлкен төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді. 2020 жылдың басынан бастап бұл көрсеткіш ол 68 млрд теңгеге немесе 3,2% төмендеді, - деді ол.

Мемлекеттік кірістер комитеті экспорттық бақылау кезінде дұрыс декларацияламау фактілерін әшкерелеген. Комитет жүргізген статистика бойынша жыл басынан бері тексерілген 2,5 мың көліктің 2,3 мың жүкқұжаттардағы мәліметтер мен нақты тасымалданған тауарлар арасындағы сәйкессіздіктер анықталды. Бұл заң бұзушылық болып есептеледі. Кедендік тексерулер кезінде бұзушылықтардың 73%-ы тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы анықталды. Ал жалған жүк алушылардың мекен жайына әкелу фактілері осы жылы 95%-ға азайды. Спикердің айтуынша, «Ахуал орталығы» құрылған. Бақылау-өткізу бекеттерінің техникалық жабдықтары толық Орталыққа қосылған. 9 айда 702-ден астам заң бұзушылық анықталған. Нәтижесінде қосымша төлем құны 885 млн теңгені құрады. Испекторлық-бақылау кешенінің скан-суреттерін талдау үшін жасанды интеллект енгізу жоспарлануда.

ТБЖ тиімділігі 73% құрады, 46 мың тексерудің 33,6 мыңында бұзушылықтар анықталды. Кедендік тексерулердің тиімділігі 44% құрады. Жыл басынан бері 1499 кедендік тексеру жүргізілді, нәтижесінде ТПиН-ге қосымша 23,1 млрд теңге сомасында есеп жасалынып, 7,2 млрд теңге өндірілді. Бұл өсімге «посткедендік бақылау» модульдерін енгізу және АСТАНА-1 АЖ-да баға туралы ақпаратты автоматты іздеудің арқасында қолжеткізілді. Кеден статистикасында ҚХР-мен сәйкессіздіктерді азайту үшін ҚХР-дан тауарлардың 6 мың баға индикаторлары енгізілді, тәуекелді тауарлар құнының өсуі байқалады. Комитет пен ҚХР Бас кеден басқармасымен Қытайдың экспорттық декларациялары негізінде ақпараттармен онлайн алмасуды орнатты, - деді Бас фискал.

Марат Сұлтанғазин кеден мен салық саласын цифрландыру жұмысының қалай жүргізіліп жатқанын баяндады. Айтуынша, тауарларға декларация тапсыруды цифрландыру жүйесі енгізілгеннен бастап бері 2,6 миллионнан астам кедендік декларация шығарылды, оның ішінде 2 млн астам декларация 1 минуттың ішінде автоматты түрде шығарылды. Жыл басынан бері қосымша түсімдер мөлшері 23 млрд теңгені құрады. «Бір терезе» арқылы «Е-лицензиялау» деректер базасынан берілген лицензиялар мен рұқсаттарды алуға өтінімдерді алу жұмысы автоматтандырылған. Қазір ол бұрынғыдайй көп уақытты алмайды. Порталда 2300 қолданушы тіркелген. Комитет төрағасы «Электронды шот-фактуралар» туралы да айтты.

Салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесінде «Электронды шот-фактуралар» тиімділігін көрсетті. 2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 482,8 мың пайдаланушы ЭШФ АЖ-да тіркелді және 450 миллионнан астам ЭШФ шығарылды. Жыл басынан бері қосымша түсімдердің мөлшері 68,2 млрд теңгені құрады, - деді Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы.
Тауарлардың қадағалануының соңғы сатысы - бұл онлайн бақылау кассалық машиналары.
 Мұндай кассалық аппараттарды оны 2020 жылдан бастап пайдалану барлық кәсіпкерлерге міндеттелді. Қазір елде онлайн-БКМ саны 710 мыңды мың онлайн бақылау кассалық машиналары бар. Жыл басынан қосымша түсімдердің жалпы сомасы 32,7 млрд теңгені құрады. Бұл онлайн кассалық бақылау машиналарының тиімділігін көрсетті, - деді ол.
2019 жылдың соңында eSalyq «салықтық әмиян» мобильді қосымшасы іске қосылды. Салық әмияны салық төлеушілердің уақытын үнемдеуге, дұрыс емес төлемдер мен айыппұлдарды алып тастауға, декларациялар мен өкімдер санын азайтуға және банктерге төлейтін артық комиссия төлемдерін жоюға мүмкіндік ереді. Осы жылы бұл қосымшаның қызметін жетілдіру үшін қосымша қызметтер мен функциялар енгізілген. Қазіргі таңда салық әмиянын 78 000 салық төлеуші қолданады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің басым бағыттарының бірі – тұтынушылар үшін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту. Жыл басынан бері Комитеттің департаменттері мен бөлім басқармалары 17,3 млн мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның 97,1% электронды түрде. Марат Сұлтанғазиевтің дерегінше, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін 44 мемлекеттік қызмет түрі бар. Оның 27-сі салық қызметі және 17 – сі кеден қызметі болып табылады. Декларацияның 99%-ы электронды түрде ұсынылады, кәсіпкерлік қызмет субъектілері өздерінің есеп жүйелерінен салық есептілігін ұсынуы үшін API қызметі енгізілді.

Байланыс орталығының операторлары 9 айда 360 мыңнан астам салық төлеушіге мемлекеттік қызмет бойынша кеңес берді.

2021 жылғы 1 қаңтарға дейін жолаушылар кейбір қызмет түрлері бойынша, егер резидент емес болса, қосымша құн салығын төлемейді. 2020 жылғы 1 маусымға дейін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары мен салықтық бақылау қосымша тоқтатылды.

Мемлекет басшысы фискалдық саясатты жаңғырту және салықтық преференциялар мен жеңілдіктердің тиімділігіне талдау жүргізу бойынша міндеттерді алға қойды. Тау-кен секторындағы жер қойнауын пайдаланушыларға салық салуды одан әрі жаңғырту жоспарлануда, онда мөлшерлемелер 2009 жылдан бері өзгермеген, - деді Сұлтанғазиев.

Төлемдерді жүргізуді жеңілдету үшін зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдарды біріктіру жоспарланған. Жеке тұлғалардың жер мен мүлік салықтарын салық элементтерін өзгертпей біріктіру де жоспарда бар.

Біз электронды сервистерді одан әрі дамыту және белсенді қызметтерді енгізу жұмыстарын жалғастыруды көздейміз. Сондай-ақ, бизнесті бөлшектеу және жалақыны «конверттерде» беру арқылы салық төлеуден жалтаруға қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстарды күшейту жоспарлап отырмыз, - деді М.Сұлтанғазиев.

Барлық жаңалықтар