• Басты
  • Карантин талаптарын жеңілдету шаралары: Әлем және Қазақстан
19 Мамыр, 2020 17:17

Карантин талаптарын жеңілдету шаралары: Әлем және Қазақстан

Елімізде төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантин талаптары әлі де сақталған. Десек те, санитарлық талаптарды сақтай отырып, бірқатар қоғамдық орындарға жұмысын қайта жалғастыруға рұқсат етілді. Қазақстан ғана емес, Еуропа елдері де, АҚШ-тың кейбір штаты да дүйсенбіден бастап карантин шараларын жеңілдетті. Осы орайда, әлем елдеріндегі пандемияның салдары мен карантин талаптарын жеңілдету үшін қолға алған шараларын сараптап көрелік. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, көптеген мемлекетте осы дүйсенбіден бастап бірқатар шектеу алынған, деп хабарлады Strategy2050.kz тілішсі.

Карантин талаптарын жеңілдету шаралары: Әлем және Қазақстан

Ұлыбритания коронавирус белгілерінің толық тізімін жасаса, Қытай пандемия себептерін тергеуге әлі ертерек екенін айтып отыр. Ал Франция мен Германия басшылары еуропалық экономиканы қолдауға тағы 500 миллиард еуро жіберуге уәде берді.

Франция президенті Эммануэль Макрон мен Германия канцлері Ангела Меркель пандемиядан зардап шеккен Еуропа елдеріне қолдау қорына 500 миллиард евро жіберуге уәде берді. Бұл қаржы Еуропалық Одақ 2020 жылдың 1 маусымынан бастап беруге келіскен 540 миллиард еуро несиесіне қосымша бөлінген. Несиені ЕО-ға мүше барлық 27 мемлекет мақұлдауы керек.

Макрон мен Меркель бірлескен бейнеконференция барысында жаңа субсидиялар туралы сөз қозғады. Франция президентінің айтуынша, көмек несие емес, грант түрінде беріледі. Меркель бұл қаражат болашақ ЕО бюджеттерінде ескерілетінін айтты. Сонымен бірге Франция мен Германия басшылары ЕО елдері карантин шараларын енгізіп, шекараларды жабық ұстағанына және бұл шешімдер бүкіл Еуропалық Одақ деңгейінде келісілмей, шешім қабылданғанына өкініш білдірді.


Италия мен Испания карантин талаптарын жеңілдетті. Италияда дүйсенбіден бастап барлар, кафелер мен шаштараздар ашылды. Алайда  келушілер мен қызметкерлер бір метр қашықтықты сақтап, бетперде киюі керек. 

Италия - пандемия салдарынан 32 мың адам қайтыс болды. Итальяндық ІЖӨ биыл шамамен 10 пайызға төмендейді деп болжануда. Көптеген еуропалық елдер сияқты, Италия наурыз айында енгізілген карантиндік шаралардың арқасында індеттің шарықтау шыңынан өтті. Өткен жексенбіде елде мамырда Ковид-19-ға қатысты қайтыс болғандардың саны аз болды, 145 адам қайтыс болды. Ал 27 наурызда Италия ауруханаларында қайтыс болғандардың саны 900-ден асқан еді.

Италиядағы және Ватикандағы католиктік шіркеулер әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, қызметтерін қайта бастауға дайындалып жатыр. Дүйсенбіде Әулие Петрдің Базиликасы келушілерге есігін ашты. Дүйсенбіде Рим Папасы Франциск өзінің алғашқы бұқаралық мейрамын көпшілікпен бірге өткізді. Испанияның да кейбір аймақтарында карантин талаптары жеңілдетілуде. Ел аймақтарға бөлінгендіктен, әр өңірде карантин талаптары кезең-кезеңмен, әр түрлі уақытта жеңілдетілмек. Өткен аптадан бастап елдің көп бөлігінде карантиндік шаралар жеңілдетілді. Карантин талаптарын жеңілдетудің алғашқы кезеңі бойынша 10 адамға дейін жиналып, маска киіп, қашықтықты сақтап, кездесулер ұйымдастыруға рұқсат етілді. Ал кинотеатрлар, театрлар мен мұражайлардың жұмысына бірқатар шектеу қойылған.

Сонымен бірге алдағы дүйсенбіден бастап бірнеше испандық аралдар карантин талаптарын жеңілдетудің екінші талаптары бойынша ашылып, онда 15 адамға дейін жиналуға болады, сонымен бірге сауда орталықтары ашылады.Алайда Барселона, Мадрид және солтүстік-батыс аймақтарда барлық шектеулер дерлік сақталады. Дегенмен дүйсенбіден бастап онда шағын дүкендер ашылып, адамдардың жерлеу рәсіміне рұқсат етіледі.

Сонда-ақ Испания билігі коронавирустық пандемиядан зардап шеккен аз қамтылған отбасыларға қаржылық көмек жоспарын бекітеді деп жоспарланған. Бастапқыда кем дегенде 100 мың отбасын қамту жоспарда тұр. Алдын ала жоспар бойынша, әр кәселеттік жасқа толған азаматқа айына кемінде 462 еуро беріледі. Егер адам басқа әлеуметтік төлемдерді алса, бұл сома артуы мүмкін. Испан бағдарламасы ең алдымен аз қамтылған отбасыларға, оның ішінде бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ата-анаға көмек көрсетеді.

Ал Бельгияда көптеген шектеулер сақтай отырып, бастауыш және орта мектептер ашу жоспарланған. Дегенмен елде коронавирустың өлім-жітім деңгейі әлі де жоғары. Грецияда Афины Акрополы мен орта мектептер ашылуда.

Ұлыбритания коронавирус белгілерінің толық тізімін жасады. Ұлыбританиядағы Лондонның Кингс Колледжінің ғалымдары қосымшаны пайдаланып коронавирус белгілерінің толық тізімін жасаған. Колледжде жасалған қосымшаның көмегімен ғалымдар Ковид-19 белгілеріне шағымданған миллион жарым британдықтардың симптомдық деректерін жинады. Зерттеушілер дәрігерлер вирустың барлық белгілерін білмейді дейді.

"Біз шамамен 14 белгіні жинақтап отырмыз, олардың барлығының вирустың жұқтырған кезде пайда болады", -  дейді жоба жетекшісі профессор Тим Спектор.

Зерттеушілер келтірген белгілердің көпшілігі жаңалықтарда айтылған. Бұл ауырсыну, конъюнктивит, диарея, тамақтың ауыруы және бөртпе немесе қолдар мен аяқтардағы дақтар. Ұлыбритания денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкоктың айтуынша, қазір ауру белгілері  бар  бес жастан асқан британдықтардың барлығы коронавирус тестін тапсыра алады.  

Дүйсенбіде Қытай СІМ өкілі Чжао Лицзян пандемия қалай басталғанын тәуелсіз тергеуді талап ету мәслесіне қатысты пікір білдірді. Тергеу жүргізуді Аустралия мемлекеті талап еткен еді. Бұл талап 62 мемлекет, оның ішінде ЕО-ға мүше 27 мемлекет қолдау көрсеткен. Тергеу туралы қарардың жобасы БҰҰ-ға жіберілмек. "Резолюцияда көптеген елдер індет әлі аяқталмағандығын айтқан. Сондықтан індетке қарсы күрес қазіргі кезде басым бағыт болуы керек, ал тез арада тергеу жүргізу уақыты әлі келген жоқ", - деді қытайлық дипломат.


Америкада да бірқатар штат карантин талаптарын жеңілдетіп, бірнеше нысандардың жұмысын жалғастыруына рұқсат берілді. 

АҚШ-тың бірқатар штатында дүкендер ашылған. Олардың қатарында Оңтүстік Каролина, Мэн және Техас бар. Ал Техаста спорт залдар мен бірқатар компанияның қызметкерлері жұмысқа шығады деп күтілуде.  Кеше Арканзаста үш казино ашылған, бірақ келушілер саны шектеулі.

Ал дүйсенбіде американдық ірі автомобиль өндірушілер - General Motors, Fiat Chrysler және Ford конвейерлерді қайтадан іске қосты. Жұмысшылар бетперде кию керек.

Kөрші Ресейде соңғы тәулікте коронавирустың тағы 9263 жағдайы анықталып, жұқтырғандар саны 300 мыңға жетіп қалды. Жалпы, қазіргі уақытта диагноз республикадағы 299 941 адамнан расталып отыр. Ал 2837 адам қайтыс болды, оның 115-і соңғы 24 сағат ішінде), 76 130 адам емделіп, ауруханадан шығарылды. 

Ресейдің ІЖӨ өткен жылдың сәуірімен салыстырғанда 28 пайызға төмендеді. Ресейдің Қаржы министрлігі таратқан ақпарат бойынша, Ресейде сәуірдегі номиналды ЖІӨ өткен жылдың сәуірімен салыстырғанда 28 пайызға төмен болған. Ресейдің номиналды ЖІӨ 2020 жылдың сәуірінде 6,3 трлн рубльді құрады, яғни өткен жылдың сәуір айымен салыстырғанда 2,4 трлн рубльге аз. Ағымдағы жылдың наурызымен салыстырғанда номиналды ЖІӨ шамамен үштен бірге төмендеді.

Ал Еңбек министрлігінің хабарлауынша, Ресейдегі жұмыссыздық 2,5 миллион адамға дейін өседі. Соңғы мәліметке сәйкес, қазірдің өзінде ресми жұмыссыздар саны 1,6 миллионға жеткен, бұл сәуір айының ортасындағыдан екі есе көп. Министрліктің болжамына сәйкес, жұмыссыздық деңгейі өседі: ресми тіркелген жұмыссыздар саны 2,5 млн адамға жетуі мүмкін, ал Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) әдісімен жұмыссыздық деңгейі 5,3 млн адамға дейін өсуі мүмкін.

Ресейде жұмыссыздық деңгейі екі әдіспен есептеледі: ресми жұмыссыздық деңгейі жұмыспен қамту қызметінде тіркелген азаматтардың жалпы санына негізделеді, ал нақты жұмыссыздар саны ХЕҰ әдіснамасы бойынша есептеледі.

Десек те соңғы күндері коронавирустың таралу коэффициенті Ресейдің көптеген аймақтарында азайған. Жағдай тұрақтанған жерлерде бұрын енгізілген шектеулер жеңілдетілмек. Мәселен, халық таза ауада серуендеп, жаттығу жасауға мүмкіндік алады.

Ал енді Қазақстанға оралсақ, еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтанда 18 мамырдан бастап бірқатар жұмыс орындары іске қосылды. Атап айтсақ, олардың қатарында 30 орынға дейiнгi қоғамдық тамақтану орындары, балабақшалардағы кезекшi топтар, жеке сабақтар үшiн балaлардың коррекциялық кабинеттерi, халыққа қызмет көрсeту орталықтары, aрнайы ұйымдaр, психoлогиялық-мeдициналық әрi педагoгикалық кoнсультациялaр, психологиялық-педагoгикaлық түзеу кабинеттері, оңaлту орталықтары, дiни орындар бар. 

Сонымен қатар оңтүстік астанада кешеден бастап, яғни 18 мамырдан бастaп туроператорлар, ұялы байланыстың абоненттiк бөлімшелері, екiншi деңгейлi банктер және қаржы сeктoрының басқа да ұйымдарының қызметі ашылды. 

Бұдан бөлек бүгiн елордада өткен баспасөз мәжілісінде Нұр-Сұлтан қаласының бaс санитар дәрiгерi Жанна Правлиева ойын-сауық орталықтaрының, қoғамдық монша секiлді oрындaрдың 20 мамырдан бастап ашылу мәселесi қараcтырылып жaтқанын айтқaн болaтын. "Қолaйлы эпидемиoлогиялық жағдaйды eскере отырып, ведомствоарaлық кoмиссиямен 2020 жылдың 20 мaмырынан бaстап біздің қалада сaуда-ойын-сауық ортaлықтaрын ойын-сауық жәнe ойын орталықтарынсыз, фудкoрттарсыз, кинoтеатрлaрсыз және қоғамдық моншалардың, сауналардың бассейнсіз, азық-түлiк емес жабық базaрлардың, сауда орталықтары мен сауда үйлерiнің жұмысын қайта aшу сұрaқтары қaрастырылып жатыр. Қaзіргi таңда бұл сұрақ біздің тарапымыздан пысықтaлуда және қаланың бaс мемлекеттiк санитариялық дәрігерінің Қaулысы дaйындалып жaтыр", - деп атап өткен еді.

Оның сөзiнше, көрсетiлген санаттағы объектiлердiң жұмыс алгоритмдерi әзiрленген, онда жалпы санитариялық-шектеу талaптарынaн басқа ерекше талаптар көрсетілген. "Күнделiктi жұмыс кестесiмен сауда үйлерi, сауда орындары мен сауда ойын-сауық үйлерi, сaуда бутиктерiнде сатып алушылардың ең көп саны 5 адамнан аспайтын, сaтып алушылар арaсында 2 мeтрден кeм eмес әлеуметтiк қaшықтықты қатаң сaқтау, кeзекте, кассaлық, сауда және киiм өлшeу аймaғында арнайы таңбaлардың бoлуы ескерiлу қажет. Aл моншa және сауна үшiн (бассейнсiз) жұмыс кестесi сағат 9:00-ден 18:00-гe дейiн (алдын ала жазылу бойынша) жoбалық сыйымдылықтың 30 пaйызынан көп болмaуы кeрек, күту зaлында адамдaрдың жиналуын болдырмау, персоналдың келушiлермен тiкелeй бaйланысын азайтуды қадaғалау кeрек", - деді Жанна Правлиева.

Қорытындылай келе, әлемнің көп елі карантин талаптарын жеңілдету шараларын қолға алғанын көріп, коронавирус инфекциясының таралу көрсеткішінің азайғанын байқауға болады. Десек те, енді өмір салты бұрынғыдай болмасы анық. Қазақстандық денсаулық сақтау саласының мамандары да осыны ескертіп, карантин талаптары жеңілдетілгенімен, бірқатар коронавирустан қорғану шараларын ұстануға кеңес береді. Қоғамдық орындарда арақашықтықты сақтап, әрдайым бетперде киіп, көп адам жиналатын жерлерге барудан бас тартуға шақырады. Жоғарыда атап өткеніміздей, мұндай шаралар тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің барлық елінде қолданылуда.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша әлемде 4 909 393 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Ал 320 441 адам індетке шалдығып, қайтыс болған. Сонымен бірге 1 917 528 адам емделіп шықты. Қазіргі таңда коронавируспен ауыратындар 2 671 424 адамды құрап отыр. Ал 44 767 азаматтың жағдайы өте ауыр. 

Ал Қазақстанда www.coronavirus2020.kz/kz сайтының мәліметінше, 6 751 жағдай тіркелген. Жазылып шыққандар саны 3515-ке жетті. Ал, өкінішке орай, коронавирус індетіне шалдыққан 35 қазақстандық қайтыс болды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды