- Басты
- Жаңалықтар
- Карантин шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысы цифрландырылды
Карантин шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысы цифрландырылды
21 Шілде, 2021 11:09
Алматыда «Дельта» үнді штамының айналымы салдарынан коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны өсуде. Алматы «қызыл аймақта». Мегаполисте қала тұрғындарының денсаулығын сақтау мақсатында адамдардың көп жиналуын және қайта жұқтыруды болдырмау үшін шектеу шаралары күшейтілді. Мониторинг топтар өз кезегінде шектеулердің сақталуын бақылайтын болады.

Жұқтырудың алдын алу тетігін жетілдіру аясында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі Қалалық штаб қалалық прокуратурамен және «Атамекеннің» өңірлік палатасымен бірге мониторинг топтарының жұмысын цифрлық форматқа көшіру туралы шешім қабылдады.
Алматыда мониторинг топтарының жұмысын цифрландыру жұмыс қорытындысы туралы мәліметтерді өңдеу мен тіркеу сапасын жақсартады. Мәселен, Алматы қаласы бойынша мониторинг топтарын бақылау модулі мониторинг топтарының жұмысын нақты уақыт режимінде бақылауға және өзекті талдауларды енгізуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, тексерушілердің қай нысандарға жиі баратыны, рейдтік бағыттар режимінің сақталуы және т.б. туралы ақпарат қолжетімді болады. Сонымен қатар, мегаполис прокуратурасында атап өткендей, мониторинг топтарының жұмысы тек осы модульді қолданған кезде ғана заңды болады.
Енді мониторинг топтарының кәсіпкерлерге келуі дереу жазылатын болады, базаның өзі электронды жазбаларды жүргізеді. Платформа мониторинг нысанының мекенжайын жайын автоматты түрде анықтайды. Кәсіпкердің қатысуымен барлық идентификацияланған тәртіп бұзушылығы, қабылданған шаралар көрсетілімі жазылған шаблон толтырылады.
Еске салсақ, мониторинг топтары бизнес субъектілерін бес талап бойынша тексереді:
- жұмыс режимін сақтау;
- көптеген адамдармен іс-шаралар өткізу;
- әлеуметтік арақашықтықты сақтау;
- бетперде режимін сақтау;
- келушілер санының лимитін сақтау.
Мониторингтік топтардың заңсыз әрекеттері мен шешімдерінің барлық фактілері бойынша кәсіпкерлер прокуратураға 8-701-775-55-00 нөмірі арқылы хабарласа алады.

Алматыда 40 мониторинг топтары қарқынды жұмыс жасауда. Мәселен, жыл басынан бері 3195 тексеру жүргізілді, 30 279 нысан қамтылды, карантин шараларын бұзған 2682 нысан анықталды. Жеке және заңды тұлғаларға жалпы сомасы 350 млн теңгеден асатын 4730 хаттама толтырылды. Соттарға 75 материал жіберілді (462-бап, 3-бөлім және 425-бап, 1-бөлім бойынша), оның ішінде 64 материал бойынша шешімдер қабылданды. Өткен аптада 12-17 шілде аралығында 829 нысанның карантин шараларын сақтауы тексерілді, 78 нысанның бұзушылығы анықталды. Демалыс күндері, 16-18 шілде аралығында Алматы қаласы бойынша 27 заңды тұлғаның заң бұзғаны белгілі болды.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді
-
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет
-
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы
-
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді
-
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда
-
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді
-
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту
-
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы
-
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі
-
COVID-19: Үнді штамы, әкімшілік айыппұл және күшейтілген карантин шаралары
-
Карантин: Қандай қосымша шаралар қабылданады
-
Қазақстандағы эпидахуал: Елорда мен аймақтарда карантин шаралары күшейтілмек
-
31 мамыр: Саяси құрбандарды ақтау, мемлекеттік комиссия жұмысы және әлеуметтік төлемдер