• Басты
  • Елімізде карантин шаралары жеңілдейді
11 Тамыз, 2020 10:00

Елімізде карантин шаралары жеңілдейді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин еліміздің Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастауды тапсырды. Мамин вирустың таралуының төмендеуін, емделіп шыққандардың көбеюін есепке ала отырып карантин шараларын шешу жоспары мемлекеттік комиссия қарауына бейсенбі күні енгізілсін деді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Елімізде карантин шаралары жеңілдейді
Жалпы қабылданған кешенді карантиндік шектеу шараларының нәтижесінде еліміздегі коронавирустың таралуы деңгейі және осыған байланысты барлық көрсеткіштер төмендеді. Соның ішінде вирустық репродуктивтілік деңгейінің орташа көрсеткіші 0,82 пайызға дейін төмендеді. Әлі ауырып жатқандар қажетті ем алып жатыр, - деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдің атап өтуінше, ауруханалардың түсетін жүктеме де 61%-ға, ал жедел жәрдем шақыру 62 %-ға төмендеген.

Осы нәтижелер қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді. Қалыптастып отырған эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына бейсенбі күні енгізуді тапсырамын, - деді Асқар Мамин.

Отырыста сөз алған Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендегенін айтты.

Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында денсаулық сақтау жүйесі жүктеменің негізгі көрсеткіштерін төмендете алды деп айта аламын. Елімізде орташа есеппен аурудың тәуліктің өсімі 2 есеге жуық төмендеп, емделіп шыққандар саны 73,6 пайызға артты, - деді Алексей Цой.

Цой клиникалық-эпидемиологиялық мәліметтер негізінде зертханалық нақтылаусыз коронавирус инфекциясы жағдайларын тіркеуді алғашқылардың бірі болып қолға алғандарын айтты.

Мемлекет басшысының жағдайды түсініп, қолдауының арқасында біз ауруды статистикалық есепке алуға көштік. Бұл ең бірінші кезекте халықтың індеттің салмағы қандай ауыр екенін түсінуге көмектесті. Статистикаға жаңа әдіс енгізу төсек-орын қорын айтарлық кеңейту есебінен стационарлық ем алатын пациенттер санын барынша ұлғайтуға мүмкіндік берді. Соның арқасында жүздеген өмірді сақтап қалдық. Өйткені, адам өмірін сақтап қалу үшін қажетті дем алуды жасанды қолдау тек стационарлық жағдайда ғана көрсетіледі, - деді Бас дәрігер.

Өз баяндамасында Алексей Цой коронавирус індетіне қатысты татитикаға тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстан әлем бойынша ПТР диагностикамен қамту бойынша 37-орында тұр. Ал ауру жұқтыру жөнінен 43 орында екенбіз. Елде карантин шаралары енгізілген бес аптада коронавируспен жұқтырғандар көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 56,73 адамнан 36,2-ге дейін төмендегенін жеткізді. Өлім-жітім көрсеткіші де төмендеген.

Қазақстанда 11 тамыздағы эпидемиологиялық ахуал бойынша 100 164 науқас тіркелді. Оның ішінде 25 171 науқас ем алып жатыр. 73 702 пациент немесе емделіп шықты. 1 091 адам қайтыс болды. Вирус репродуктивтілігінің немесе 1 науқастың өзгелерге жұқтыру көрсеткіші 1,72 болатын. Карантин енгізгеннен кейін репродуктивтілік көрсеткішінің тұрақты түрде төмендеген көріп отырмыз. Ол 2 есеге, яғни 0,82-ге дейін төмендеді. Елдегі ауырғандар көрсеткіші өзгертіліп, ПТР тесттерінің көптігінен ауру дер кезінде анықталып жатыр. Анықталған пациенттердің уақытында өзін-өзі оқшаулауы, амбулаториялық және стационарлық емдеумен қамту, сонымен қатар байланыста болған адамдарды бақылауға алу аурудың таралуын тежеуге, жағдайы ауыр науқастарды бақылауға алуға мүмкіндік берді. Қазақстан дер уақытта диагностикалаудың нәтижесінде Covid-19-дан қаза тапқандар көрсеткіші бойынша 70-орында тұр, - деді Цой.

Министр алдағы аптада ол басқарып отырған ведомство карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету шараларын орындайтынын айтты. Бірақ жеңілдету шаралары қоғамдық орындарда маска тағу режимі мен гигиенаны қатаң сақтай отырып, сондай-ақ барлық ақпараттық арналар бойынша халық арасында ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз ету арқылы жүргізілуі тиіс екенін де атап өтті Бас дәрігер.

   Фото: дереккөз

Барлық жаңалықтар