• Басты
  • Карантин шаралары ел экономикасына қалай әсер етті

Карантин шаралары ел экономикасына қалай әсер етті

11 Тамыз, 2020 11:23

Бүгін үкімет отырысында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2020 жылғы қаңтар-шілдедегі республикалық бюджеттің атқарылуы туралы ҚР Ұлттық Экономика министрі Руслан Дәленов баяндады. Оның сөзінше, тауар өндірісі өскенімен, қызмет көрсету саласының көрсеткіші азайған, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Қаңтар-шілдедегі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері

Тауар өндірісі 2,1% өсті, ал қызмет көрсету өндірісі 6,2% төмендеді. Осының салдарынан, деректерге сүйенсек, ЖІӨ 2,9% төмендеді.

Жылдық инфляция 7,1% құрады. Бұл жалпы біз күткен инфляция дәлізінен төмен (8-8,5%). Экономиканың нақты секторында өсу жалғасуда. Біріншіден, құрылыс, өндіріс, ауыл шаруашылығы.

«Импорттың төмендеуіне байланысты сауда балансы да жақсы көрсеткішке ие болып отыр. Сонымен бірге карантиндік шектеулерге байланысты қызметтер көлемінің төмендеуі, сондай-ақ экономикалық өсудің тежеу ​​факторына айналған мұнай өндіру қарқынының жоспарлы төмендеуі байқалады», - деді министр.

Өңдеу секторында 2,1%, оның ішінде құрылыста - 6,3%, өңдеу өнеркәсібінде - 3,8%, ауыл шаруашылығында - 2,5% өсу байқалуда. Сонымен бірге қызмет көрсету саласында жылжымайтын мүлікпен жасалған мәмілелер 4,3%, әкімшілік қызметтер - 5,3%, сауда - 11,9% және көлік - 15,6% төмендеді. Сонымен бірге байланыс қызметтері 8,7% -ға өсті.

«Сонымен қатар, шілде айында осы жылдың маусымымен салыстырғанда, қызмет көрсету салаларында өсу жалғасын тапты. Осылайша, бір айда қаржылық және сақтандыру қызметі 29% -ға, тұрғын үй және тамақтану қызметтері - 10,2% -ға, мәліметтерді беру - 6,7% -ға, ұялы байланыс - 4,1% -ға, интернет - 2,9% -ға өсті. Жүк айналымы 5,6%, оның ішінде теміржол көлігі 5,5%, құбыржол көлігімен тасымалдау 2,9% өсті», - деді Руслан Дәленов.

   

Сыртқы сауда

Осы жылдың қаңтар-маусым айларында сыртқы сауда айналымы 42,5 миллиард долларды, экспорт 26 миллиард долларды, импорт 16,5 миллиард долларды құрады, ал тауар айналымының сальдосы 9,5 миллиард доллар деңгейінде қалды.

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өндірісі 1,3%, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 3,8% өсті. Бұл ретте кен өндіру өнеркәсібі мұнай өндіру қарқынының төмендеуі нәтижесінде 0,4% -ға азайды.

Өнеркәсіп саласы бойынша, көптеген аймақта өсу байқалады. Ең көп өсім Солтүстік Қазақстан (8,1%) және Қостанай (6,5%) облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (6,5%) қаласында байқалды. Ал төмендеу 5 аймақта тіркелді.

Өңдеу өнеркәсібі

Өңдеу өнеркәсібі жылдам қарқынмен дамуда. Өсім 3,8% құрады.

Өсімнің жоғары көрсеткішін фармацевтика (өсім 23,2%), дайын металл өнімдерін өндіру (18,6%), машина жасау (13,9%), соның ішінде автомобиль жасау (45,1%), жеңіл өнеркәсіп (7,3%) көрсетіп отыр.

Өңірлер бойынша Қостанай (18,9%), Түркістан (15,8%), Солтүстік Қазақстан (8,8%) облыстарында жоғары өсім байқалады. Төмендеу 4 аймақта байқалды.

Негізігі капиталға құйылатын инвестиция

Негізгі капиталға 6,1 трлн теңге көлемінде инвестиция тартылды.

13 аймақта өсім байқалды. Ең көп өсім Ақмола (29,7%), Солтүстік Қазақстан (18,8%), Түркістан (18,7%) облыстарында және Шымкентте (23,4%) аймақтарына тиесілі. Ал төмендеу 4 аймақта тіркелді.

Құрылыс

Құрылыс 6,3% -ға өсті. Құрылыс жұмыстарының жақсы көрсеткіші Шымкентте (58,9%) және Түркістан облысында (52,8%) байқалады. 7 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,5 пайызға көп.

 

Ааймақтардағы жағдай

Руслан Дәленов 7 экономикалық индикатор бойынша аймақтағы жағдайларға байланысты тоқталды. Оның сөзінше, екі индикаторда (сауда және көлік) карантин шараларының әсерінен төмендеу байқалады.

«5 көрсеткіш бойынша 7 аймақта оң өсу байқалады. Бұл Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары. 7 аймақта өсу тек 4 көрсеткіш бойынша тіркелді. Бұл орташа деңгей. 3 аймақта өсу тек 3 көрсеткіш бойынша байқалып отыр», - деді министр.

Ол экономикалық белсенділікті қалпына келтіру үшін қабылданған шараларды ескеріп, орталық және жергілікті атқарушы органдардың қандай аспектілерге назар аудару керегін атап өтті.

1. 2020 жылға дейінгі өсуді қалпына келтірудің кешенді жоспарының уақтылы және тиімді орындалуын қамтамасыз ету.

2. Қолдау шараларын қамтамасыз ету үшін аймақтық дағдарысқа қарсы штабта кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін қарау.

3. Уақытылы егін жинауды және тиімді құрылыс маусымын қамтамасыз ету.

4. Мониторинг, шекті бағаларды белгілеу арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін жол бермеу.

5. Аймақтық еңбек нарықтарындағы жағдайды тұрақты бақылау және мемлекеттік бағдарламалар жобаларын іске асыруда барынша жұмыспен қамтамасыз ету.

Барлық жаңалықтар