• Басты
  • Карантин: Елорда тұрғындарымен әдемі (Видео)
13 Мамыр, 2020 18:56

Карантин: Елорда тұрғындарымен әдемі (Видео)

Екі айға жуық уақытқа созылған төтенше жағдай режимі аяқталды. Бұл туралы осыдан бірер күн бұрын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында айтты. Десек те, ел президенті төтенше жағдай режимі аяқталғанмен, кей өңірлерде коронавирус індетінің таралуы әлі бәсеңдемей тұрғанын атап өтіп, карантин талаптарын орындауға шақырды. Оның айтуынша, бұрынғы өмірге қайта оралу үшін карантиндік шектеулер бірте-бірте алына бастайды. Мәселен, 12 мамырдан бастап саяжайлар мен пaрктер, кейбір жұмыс орындары ашыла бастады. Осы орайда көшеде, паркте серуендеп, қыдырып жүргeн aстаналықтардың карантиннен кейінгі көңіл-күйiн біліп, карантин шараларын қаншалықты сақтап жүргенін білу мақсатында елорданың Орталық саябағына барған едік. Тұрғындардың көңіл-күйi көтерiңкі, карaнтин қолда барды бағалауды үйреттi дейдi олар, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.  


Карантин: Елорда тұрғындарымен әдемі (Видео)
Барлық жаңалықтар
34.237.138.69, 192.168.88.100