• Басты
  • Кадрлық резервке өткен 55 азамат жаңа қызметке орналасты - Қ.Тоқаев
15 Қаңтар, 2020 12:47

Кадрлық резервке өткен 55 азамат жаңа қызметке орналасты - Қ.Тоқаев

Кадрлық резервке өткен 55 азамат жаңа қызметке орналасты, деді Президент Қ.Тоқаев Президенттік жастар кадрлық резервіне өткен кездесу барысында, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.

Кадрлық резервке өткен 55 азамат жаңа қызметке орналасты - Қ.Тоқаев
"Дана халқымызда "Қатарыңның алды бол" деген қанатты сөз бар. Бұл игі тілек жастарға ерекше рух беріп,жігерлендіру үшін айтылады. Сіздер іріктеу кезеңнен сүрінбей өтіп, шын мәнінде,өз қатарыңыздан оза білдіңдер.Бірақ,мұны ең алдымен мемлекеттің өздеріңізге деген зор сенімі ретінде қабылдау қажет. Кадрлық резервке өту дегеніміз-жоғары лауазымды қызметке орналасу емес,бұл ұлт,ел үшін аянбай тер төгу деген сөз. Әр заманда кез келген халықтың білімді,білікті азаматтардың ортақ мүдделерінде тоғысатын кез болады. Жаңа Қсзақстан үшін де осындай кез келді деп санаймын. Сондықтан сіздерге үлкен жауапкершілік артылады",-деді Президент.

Сондай-ақ Қ.Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын ұсынғанын айтты.

презка.jpeg

"Ол басты үш басымдыққа негізделген. Біріншісі-ашықтық және жариялылық. Соның аясында мемлекеттік органдардағы жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету міндеті тұр. Біздің әрбір шешіміміз азаматтарға түсінікті болуы керек. Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңның тармақтары сапалы орындалуы керек. Шешім қабылдау кезінде барлық талаптар сақталуы тиіс. Шын мәніндегі әділдік қағидасын осылай іске асыруға болады. Сыбайлас жемқорлыққа барынша қарсы тұру-негізгі мақсаттың бірі. Қоғам өкілдері биліктің шешімімен келіспеген жағдайда кіріп,өз пікірлерін айта алатын жағдай туғызу керек", - деді Президент.

Қ.Тоқаев екінші ұстаным-инклюзивтілік екенін атады.

"Қызығушылық танытқан адамдар шешім қабылдауға қатыса алуы керек. Әрбір шешім маңызды. Мемлекеттік қызметкер-халықтың бөлігі. Олар халықпен, халық үшін жұмыс істеуі керек",-деді ол. 

Қ.Тоқаев жастар мемлекеттік басқару жүйесінің болашағы екенін айтты.

"Әрқайсыңыздан елдің дамуына серпін беретін тың идеяларды күтеміз. Алдағы уақытта мемлекеттік органдар мен Ұлттық компанияларға жұмысқа орналасты. Қазірдің өзінде резервке өткен 55 азамат жаңа қызметке бекітілді. Биыл тағы 100 азаматты жұмысқа тұрғызу жоспарланған", - деді Мемлекет басшысы.

Қ.Тоқаев ел дамуына үлес қосатын бастамаларды бастаған жөн екенін айтты.

"Басты міндет-талантты жастардың Қазақстанды жаңа белестерге көтеруге мүмкіндік беру. Ең бастысы-туған еліңді шексіз қадірлеу,адал еңбек ету. Сіздер егемен еліміздің жастарына отаншылдықтың,ұлтжандылықтың озық үлгісін көрсетулеріңіз керек. Түсіне білген адамға туған жер,ел деген сөздердің мағынасы бөлек", - деді Қ.Тоқаев.
Президенттің толық сөйлеген сөзін мына жерден оқи аласыздар.

Аягөз Құрмаш

Фото: Бауыржан Жуасбаев 

Барлық жаңалықтар
3.238.107.166, 192.168.88.100