• Басты
  • Кадрлық резерв жастарға әлеуметтік лифт сияқты болады – А.Сәкенов
22 Қаңтар, 2020 16:32

Кадрлық резерв жастарға әлеуметтік лифт сияқты болады – А.Сәкенов

Кадрлық резерв жастарға әлеуметтік лифт сияқты болады. Бұл туралы Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Алмас Сәкенов Strategy2050.kz ақпарат агенттігінің тілшісімен бөлісті.
Кадрлық резерв жастарға әлеуметтік лифт сияқты болады – А.Сәкенов
«Мен Ақмола облысының тумасымын. Көпбалалы отбасында дүниеге келдім. Жанұяда төрт ағайындымыз, екінші баламын. Педиатрия мамандығы бойынша Астана медициналық университетін тәмамдадым. Бала дәрігерімін. Екінші жоғары білімді Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде Менеджмент саласы бойынша алдым. 2006 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Эссекс университетінде жобаларды басқару бойынша Магистр дәрежесін тәмамдадым. 2011 жылдан бастап денсаулық сақтау саласында жұмыс істеп жүрмін. Қазіргі таңда әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасының экономика, денсаулық сақтау мемлекеттік жеке меншік серіктестігінің маманымын», - деді Алмас Сәкенов.

Сондай-ақ, А.Сәкенов айтып өткендей, кадрлық резерв арқылы елдің дамуына үлес қосу мүмкіндігі бар.

«Алыстан сермегенше, жақыннан мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді пайдаланып, қолдан келгенше елге пайдамыз тисін деген оймен осы жобаға қатысып, құжатымды тапсырдым. Әрине, бастапқыда осы жобаға кішігірім сенімсіздік болды. Алайда, әр кезеңнен өткен сайын ол сенімсіздік жойылды. Қазіргі таңда іріктеу үрдісі 100 пайыз ашық өтті деп айта аламын. Оған дәлел көптеген аудио және видеожазбалар», - деді ол.

Оған қоса, кадрлық резерв мүшесі денсаулық сақтау саласын дамытуға мүдделі.

«Президенттк кадрлық резервке 300 білімді әрі білікті қыз-жігіттер өтті. Өз басым өз елінің дамуында жақсы өзгерістер енгізгісі келетін резерв құрылды деп ойлаймын. Денсаулық сақтау саласын одан әрі дамытуға, үлес қосуға дайынмын. Кадрлық резерв жастарға әлеуметтік лифт сияқты болады.Қазіргі таңда көптеген ұсыныстар келіп жатыр. Алдағы уақытта барлығы белгілі болады. Үлкен өзгерістер болатынына кәміл сенемін», - деді А.Сәкенов.

Сонымен қатар, ол өзінің азамат ретінде атқаратын жұмыстарына тоқталды.

«Волонтерлік тәжірибем жоқ. Алайда, 5 жылдан бері қан донорымын. Ironman-ның биатлон бойынша ең жоғары дәрежесі бар», - деді ол.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды