• Басты
  • Кәсіподақтар федерациясы 30-дан аса шетелдік кәсіподақ ұйымдарымен байланыс орнатқан
16 Қазан, 2019 16:01

Кәсіподақтар федерациясы 30-дан аса шетелдік кәсіподақ ұйымдарымен байланыс орнатқан


ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов Ұлыбритания елшілігінің өкілдерімен кездесіп, екі ел кәсіподақтарының ынтымақтастықта жұмыс істеуіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады,деп хабарлады ҚР Кәсіподақтар Федерациясының баспасөз қызметі. 
Кәсіподақтар федерациясы 30-дан аса шетелдік кәсіподақ ұйымдарымен байланыс орнатқан

Елшіліктің  Саяси бөлім басшысы Джэки Дэвис бастаған делегация құрамында саяси офицер Лариса Волкова  да кірді. 

Ералы Тоғжанов кездесу қатысушыларына ҚР Кәсіподақтар Федерациясы жұмысының негізгі бағыттары мен әлеуметтік әріптестермен қарым-қатынас туралы айтып берді. 

Атап айтқанда, кәсіподақтардың жұмысшының құқығын қорғау бойынша қолға алынып жатқан шаралар, елдегі әлеуметтік-еңбек саласындағы түйткүлді мәселелерді шешудегі кәсіподақтардың рөліне тоқталды. 

«Әлеуметтік әріптестіктің үш жақты моделі аясында жұмыс орнын сақтау бойынша 115 мыңнан астам меморандумға қол қойылған. Кәсіподақтардың қатысуымен Халықаралық еңбек ұйымының 24 конвенциясы ратификацияланған болатын. Бұл шаралардың барлығы жұмысшының жағдайын жақсартуға және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған, - деді ҚРКФ басшысы. 

Кездесу барысында кәсіподақтың xалықаралық ынтымақтастығы мәселесіне ерекше мән берілді. 

ҚР Кәсіподақтар федерациясы бүгінгі таңда 30-дан аса шетелдік кәсіподақ ұйымдарымен байланыс орнатқан. 12 мемлекетпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Сонымен қатар, ҚРКФ кәсіподақтарға қатысты xалықаралық іс-шаралардың белсенді қатысушысы екендігі айтылды. 

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігіндегі Саяси бөлім басшысы Джэки Дэвис өз кезегінде Ұлыбританиядағы кәсіподақтар орталығы - Британдық тред-юниондар конгресінің қызметі туралы баяндады. Джэки xанымның өзі де кәсіподақ мүшесі екенін жеткізді. Аталған орталыққа 48 мүшелік ұйымдар бірікккен және мүшелерінің саны 5,5 миллионға жуық мүшесі бар. 

Джэки Дэвис сонымен қатар, қазақстандық тарапты екі ел кәсіподақтарының ынтымақтастығын күшейтетін жоба туралы құлағдар етіп, оның Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі қаржыландыратынын мәлімдеді. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар болашақта тығыз-қарым қатынаста жұмыс істеуге уағдаласты. Ұлыбритания елшілігі ҚР Кәсіподақтар Федерациясына жақын күндері осы саладағы озық әдіс-тәсілдерімен бөлісуге уәде берді. 

 

 

 

Барлық жаңалықтар
3.237.67.179, 192.168.88.100