• Басты
  • Кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі қалай қорғалмақ
29 Қаңтар, 2020 18:09

Кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі қалай қорғалмақ

Елордада «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Шарада бизнес үшін маңызды мәселе: қылмыстық процесте кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдесінің қорғалуы талқыланды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі қалай қорғалмақ

Қылмыстық кодексте кәсіпкерлік қызметті шектейтін қылмыстық жазаланатын әрекеттер тізбегінен тұратын жекелеген тарауды енгізу қажеттілігі туды.

Аталған мәселе Кеңес отырысында егжей-тегжейлі талқыланады.

ҚР Прокуратура жанындағы Құқық қорғау академия проректоры Гүлнар Шушикова Тәуелсіздік жылдарынан бастап, бизнесті қорғау мәселесі мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылатынын жеткізді.

«Бұл бағыт елдің барлық құжаттарының құрамында бар. Кәсіпкерлік қызметке қатысты 120-дан астам заңнамалық акт қабылданды. 4 жылдың ішінде 2019 жылы әлемдік рейтингте бизнесті енгізуге қолайлы елдер бойынша 53-тен 25-ші орынға көтерілді. Сондай-ақ, елде жүргізіліп жатқан реформаларға қарамастан, кәсіпкерлер құқығы ғылыми қауымдастық тарапынан ерекше назар аударуды қажет етеді. Бас прокуратура мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы ынтымақтастыққа сәйкес, Құқық қорғау органдарының академиясы өткен жылы кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша зерттеу жұмысын жүргізді», - деді ол.

Сондай-ақ, ол зерттеуде Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуы сараланған.

«Зерттеу аясында инвесторларды қылмыстық-құқықтық қорғау бойынша ешбір ғылыми жоқтың қасы екені анықталды. 16 жыл бұрын жазылған екі кандидаттық жұмыс қана бар екен. Оған қоса, зерттеу барысында бірнеше проблемалық мәселелерге тосылдық. Бизнесті қорғау саласы бойынша нақты статистика жоқ екен», - деді ол.

Сонымен қатар, ол зертеу қорытындысы бойынша әрекеттегі заңнамаға 20-ға жуық өзгертулер енгізу ұсынылғанын айтты.

«Зерттеу аталған бағыттағы барлық жұмысқа қайта қарап, кәсіпкерлерді құқықтық қорғаудың жаңа әдістерін әзірлеуге серпін берді», - деді ол.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды