• Главная
  • Кәсіпкерлердің жұмысына мемлекеттік құрылым заңсыз араласа алмайды – Президент
1 сентября, 2020 11:55

Кәсіпкерлердің жұмысына мемлекеттік құрылым заңсыз араласа алмайды – Президент

Еліміздің бизнес климатына қатысты мәселелерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында тоқталды, - деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Кәсіпкерлердің жұмысына мемлекеттік құрылым заңсыз араласа алмайды – Президент

Президент бизнес-климат пен мемлекеттік құрылымдардың байланысын қатаң сынап, бірқатар тапсырма берді.

Келесі жылдың барысында шағын және орта бизнес қызметінің жаңа құқықтық базасын әзірлеуді тапсырамын. Кәсіпкерлік қызметке мемлекеттік құрылымның кез келген заңсыз араласуы, бизнесмендер жұмысына кедергі келтіру жағдайы мемлекетке қарсы өте ауыр қылмыс ретінде қабылдануы керек, - деді Мемлекет басшысы.
 Шағын және орта орта бизнес үшін айналымдағы қаржыны толықтыру бойынша арнайы бағдарлама 2021 жылға дейін ұзартылатын болды. 
Ұлттық банк зардап шеккен секторларда шағын және орта бизнес үшін айналымдағы қаржыны толықтыру бойынша арнайы бағдарламаны жүзеге асыруда. Бұдан бұрын оның іске асыру биыл аяқталады деп ескерілген еді. Қазіргі дағдарыстық жағдайда аталған бағдарламаның күшін 2021 жылдың соңына дейін ұзартуды және оның ауқымын кеңейтуді тапсырамын. Осы мақсаттарға қосымша 200 млрд теңгені қарастыру керек. Осы орайда бағдарламаның жалпы көлемі 800 млрд теңгеге дейін жеткізіледі, - деді ол.

Бәсекелестік саясаты аса маңызға ие. Бәсекелестік саясатын түрлендіріп, әр кәсіпкерге тең мүмкіндіктер беру қажеттігін Президент бүгін Қазақстан халқына бүгінгі Жолдауында айтты.