• Басты
  • Кәсіпкерлер ауыл шаруашылығын дамытуға мүдделі
29 Қаңтар, 2020 14:05

Кәсіпкерлер ауыл шаруашылығын дамытуға мүдделі

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның ауылдық жердің тұрғындарына өз ісін дөңгелету үшін ұсынып отырған мүмкіндіктері мол. Аймақтарда аталған Қордың көмегімен кәсіп ашқандар туралы Strategy2050.kz АА материалынан оқи аласыздар.

Кәсіпкерлер ауыл шаруашылығын дамытуға мүдделі

Ақсу қаласына қарасты Үштерек ауылының тұрғыны Мұратбек Хастана бұрыннан мал шаруашылығы саласында қызмет етеді. Биыол ол мүмкіндігін мемлекеттiк бағдарлама арқылы кеңейте түсті.

Төрт түлікті қатар ұстауды мақсат тұтқан кәсіпкер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» Павлодар облысындағы филиалынан «Игілік» бағдарламасы арқылы 3 млн теңге несие рәсімдеп, 9 бас жылқы сатып алды. Қорасынан төрт түлігін түгел өргізуге қол жеткізген кәсіпкердің алға қойған жоспарлары үлкен, мақсаттары айқын.

Сондай-ақ, Ақтоғай ауданының Сәуле ауылындағы «Егiншi» шаруа қожалығы «К-701» тракторын сатып алу үшін «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қорының» Қарағанды облысындағы филиалынан «Кәсіпкер» бағдарламасы арқылы 6 млн теңге несие рәсімдеген.

Шаруашылық төрағасы Берікбай Қабденов қазіргі уақытта өз қажеттілігі үшін ғана емес ауыл мен ауданның қарын тазалап, басқа да жұмыстарға белсене атсалысып жүр.

Ал Май ауданына қарасты Кеңтүбек ауылында тұратын Бақытгүл Көшерқызы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» Павлодар облысындағы филиалынан «Игiлік» бағдарламасы арқылы 1 млн теңге несие рәсімдеп, 36 бас қой сатып алды.

"Мемлекет берген шағын несиені тімді пайдалану арқылы ұсақ малдың басын көбейтуді көздеп отырмын.  Отбасымыз бұрыннан мал шаруашылығымен айналысады. Сондықтан, мал өсіру ісінде тәжірибе жеткілікті. Ауылда тұрған соң мемлекеттің қолдауын барынша пайдаланған дұрыс деп есептейтін. Алға қойған жоспарларымыз  ауқымды", - деді Б.Көшерқызы.

Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ ауылындағы «Кемел» шаруа қожалығында ірі қара да, ұсақ мал да бар.

Шаруашылық басшысы Сейiтжан Масаиновқа қожалықтың жұмысын одан әрi кеңейту үшін мал азығын дайындайтын техника қажет болған. Ол «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» Павлодар облысындағы филиалынан «Кәсіпкер» бағдарламасы арқылы 6 млн теңге несие рәсімдеп, «МТЗ» тракторын сатып алды.

Трактордың шөп тиейтін және басқа да қосалқы жабдықтары бар. Енді малының жем-шөбін өзі жинап, техникасын басқа да қажеттіліктеріне еркін пайдалана алады.

 Бұл мүмкіндікті оңтүстік өңір де қалт жібермеді. Қазығұрт ауданына қарасты Тұрбат ауылының тұрғыны Мекенбай Бегімқұлов Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Түркістан облысындағы филиалынан "Игілік" бағдарламасы арқылы 6 процентпен 6,5 жылға 3,7 млн теңге несиеге рәсімдеп, 120 бас саулық қой мен 4 қошқар сатып алды. Кәсіпкер қойын қоздатып, алдағы уақытта қорасын малға толтырмақ.

Ал Созақ ауданына қарасты Шолаққорған ауылының тұрғыны Мұрат Ақтайұлы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Түркістан облысындағы филиалынан «Игiлік» бағдарламасы арқылы 6 процентпен 4 млн теңге несие рәсімдеп, оған 12 бас жылқы сатып алып, кәсіп бастады. Кәсiпкер «Бастау» жобасы арқылы оқып, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасына қатысқан болатын.

жылк.jpg

Айта кетейік, «Еңбек» бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Игілік» несие өнімi арқылы кәсiппен айналысамын деген азаматтарға 6,5 жылға 6 процентпен 4 млн теңгеге дейін несие бердi.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды