• Басты
  • Кәсіп ашуда несиенің тиімділігі қандай
10 Ақпан, 2020 12:44

Кәсіп ашуда несиенің тиімділігі қандай

«Ауыл шаруашылығын қаржылау қолдау қоры» АҚ ауылдық тұрғындарға өз кәсібін ашуға үлкен септігін тигізіп отыр. Шағын несиелердің нәтижесінде республиканың түкпір-түкпірінен өзінің кәсібін ашқан, арманына қол жеткізген адамдар жетерлік. Олар туралы толығырақ Strategy2050.kz материалынан оқи аласыздар.
Кәсіп ашуда несиенің тиімділігі қандай

Несие алып өз ісін дөңгелеткен Маңғыстау ауданына қарасты Шетпе ауылының тұрғыны Индира Бекенаева Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Маңғыстау облысындағы филиалынан «Кәсіпкер» бағдарламасы арқылы 6%-бен 5 жылға шағын несие рәсімдеп, тігін шеберханасын ашты. Кәсіпкер несие қаражатына құрал-жабдықтар мен тігінге қажет материалдар сатып алды. Ауылда шеберханаға тапсырыс беретіндер көп. Өйткені, мұнда тігін қызметінің барлық түрі көрсетіледі.

   Ал Көкпекті ауданының тұрғыны, жеке кәсіпкер Абзал Мажибаев Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының ШҚО филиалынан «Кәсіпкер» бағдарламасы арқылы 6 млн теңге несие рәсімдеп, техникалық қызмет көрсету орталығын ашты. Бүгінгі таңда жеке кәсіпкер керекті құрал-жабдықтарын сатып алып, халыққа қызмет көрсетуде және 4 адамға жұмыс беріп отыр.

Сондай-ақ, Жаңақорған ауданының тұрғыны, жеке кәсіпкер Жасұлан Амалбеков биыл 2 қаңтар күні Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қызылорда облысындағы филиалынан "Сыбаға" бағдарламасы арқылы 27 млн 500 мың теңге несие рәсімдеп, Бурятиядан 50 бас "Қалмақ" тұқымды ірі қара сатып әкелді.

Шаруа Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына зор алғысын білдіріп, барлық филиал қызметкерлеріне табыс тіледі. Несие алған кәсіпкердің алға қойған мақсаты - етті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту.

   Ал Шахтинск қаласының тұрғыны Бақтыбай Қарабеков былтыр қараша айында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қарағанды облысындағы филиалынын «Кәсіпкер» бағдарламасы арқылы 5 жылға 6 млн теңге несие рәсімдеп, «Mersedes-benz» Sprinter 313 микроавтобусын сатып алған болатын.

Бұған дейін де осы іспен айналысып келген кәсіпкер өзінің жолаушы тасымалдайтын көлігін жаңарту үшін кәсіпкерлік курсын тәмәмдап, жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Қазіргі уақытта тек қана қала емес, Шахтинск қаласы маңындағы Шахан, Долинка, Новодолинка ауылдарының халқына да қызмет көрсетіп жүр.

Сондай-ақ, Глубокое ауданының тұрғыны Гаухар Ажентаева Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Шығыс Қазақстан облысындағы филиалынан 9 млн теңге несие рәсімдеп, кондитерлік цех ашты. Несие қаржысына цехқа қажет құрал-жабдықтар сатып алды.

Бүгінгі таңда, табысты кәсіпкер Глубокое ауданының тұрғындарын нан, тоқаш және дәмді кондитерлік өнімдермен қамтамасыз етуде. Гаухар Ажентаева халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаның аясында екі адамды тұрақты жұмыспен қамтыды. Осылайша, шағын несиенің шарапатын көрген кәсіпкер нәтижелі жұмыс атқарып отыр.

Өз кезегінде жас кәсіпкер Бекзат Қабыкенов «Бастау» бағдарламасы арқылы бизнес негіздерін оқыды. Одан кейін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қарағанды облысындағы филиалынан «Кәсіпкер» бағдарламасы арқылы бес жылға 6 процентпен несие рәсімдеп, «КамАЗ 45143» жүк көлігін сатып алды. Осы салада тәжірибесі бар кәсіпкер тау-кен өндірісі саласында көлігімен қызмет көрсетіп, табыс тауып жүр.

Сонымен қатар, Талас ауданына қарасты Майтөбе ауылының тұрғыны Қалибек Исмаилов Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Жамбыл облысындағы филиалынан «Игілік» бағдарламасы арқылы 4 млн теңге несие рәсімдеп, 14 бас сүт бағытындағы асыл тұқымды сиыр сатып алды. Кәсіпкердің қорасында бұдан бөлек қой-ешкісі мен жылқылары да бар. Енді сатып алған сиырларын төлдетіп, сүтінен пайда табуды жоспарлап отыр. Мұндай асыл тұқымды сүтті сиырлар тәулігіне кем дегенде 30 литр сүт береді.

Бейнеу ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Бақтылы Мұратова мемлекеттік бағдарламаны тиімді пайдаланған кәсіпкерлердің бірі. Ол 2019 жылы «Бастау» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздерін оқу курсынан өтіп, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Маңғыстау облысындағы филиалынан «Кәсіпкер» бағдарламасы арқылы 4 млн теңге несие алды.

Тігіншілікті анасынан үйренген Бақтылы бала кезінен үйінде шағын тапсырыстар алып, анасына көмектескен. Кейін сүйікті ісін дамытып, өз шеберханасын ашты. Қазіргі уақытта 2 адамды жұмыспен қамтып отыр. "Сапалы өнім, тиімді баға" - Бақтылының ұстанымы. Тігін шеберханасы тапсырыс қабылдауды және одан ары клиенттердің тапсырыстары бойынша дайын киім тігуді, сондай-ақ, киімді қайта қалпына келтіру, қиыстырып келтіру және жөндеу жұмыстарын жасайды.

  Ал Талас ауданына қарасты Аққұм ауылының тұрғыны, жас кәсіпкер Санжар Жұмабай Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Жамбыл облысындағы филиалынан «Игілік» бағдарламасы арқылы 2 млн 700 мың теңге несие рәсімдеп, 7 бас жылқы сатып алды. Жас кәсіпкер алдағы уақытта жылқы басын көбейтіп, оның өнімінен табыс табуды жоспарлап отыр.

 Сонымен қатар, Талас ауданына қарасты Қызыләуіт ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Жанболат Әбен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Жамбыл облысындағы филиалынан «Игілік» бағдарламасы арқылы 4 млн теңге несие рәсімдеп, 110 бас саулық қой мен 4 қошқар сатып алды. «Мал өсірсең қой өсір,табысы оның көл-көсір», деген ұстаныммен кәсібін бастаған шаруа игі істі қолға алып отыр.

Ал Қарқаралы ауданының Жарлы ауылында тұратын жас кәсіпкер Еламан Тұрсынхан Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қарағанды облысындағы филиалынан «Игілік» бағдарламасы арқылы 4 млн теңге несие рәсімдеп, 14 бас сиыр сатып алды. Кәсіп түбі нәсіп болатынын түсінген Еламан сиырының төлі мен сүтін сатып, пайда тауып отыр. Жас кәсіпкер алдағы уақытта ірі-қара ғана емес, басқа да төрт түліктін басын көбейтіп, табысын молайтпақ.

Сондай-ақ, Сарыағаш қаласының тұрғыны Фатима Рузиева бұрыннан киім үлгілерін тігуді ұнатады. Тігін шеберханасын ашу мақсатында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Түркістан облысындағы филиалынан «Кәсіпкер» несие өнімі арқылы 4,5 млн теңге несие рәсімдеп, шеберханаға қажет жабдықтар мен тігін машиналарын сатып алды.

шеберх соны.jpg

 Қазіргі уақытта кәсіпкер бірнеше адамды жұмыспен қамтып, тапсырыстарды орындап отыр.

Оған қоса, Ордабасы ауданына қарасты Көктөбе ауылында тұратын Бақытжан Серікбай бұрыннан мал шаруашылығымен айналысып келеді. Мал басын көбейту мақсатында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Түркістан облысындағы филиалынан «Игілік» несие өнімі арқылы 3 млн теңге несие рәсімдеп, 12 сауын сиыр сатып алды.

   Айта кетейік, "Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Кәсіпкер» несие өнімі арқылы кәсіппен айналысамын дегендерге 5 жылға 6 процентпен 6 млн теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі бар.

   Аягөз Құрмаш

 

 

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды