• Басты
  • Күрделі кезеңде әскери міндеттілер шетте қалмауы керек – А.Өміртай
3 Сәуір, 2020 14:13

Күрделі кезеңде әскери міндеттілер шетте қалмауы керек – А.Өміртай

Күрделі кезеңде  әскери міндеттілер шетте қалмауы керек. Бұл туралы Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Амалбек Өміртай Strategy2050.kz тілшісіне берген пікірінде айтты.

Күрделі кезеңде  әскери міндеттілер шетте қалмауы керек – А.Өміртай
«2014 жылы салтанатты ант қабылдап, 2014 жылғы түлектер арасында ҚазҰУ-дің әскери кафедрасының жалауына ие болған едім. Сол кезде взвод  командирі болғам. Мотоатқыш бағытында білім алып, жас жауынгердің барлық машықтарын меңгерген болатынмын. Ол жауапкершілікті терең сезінемін. Мемлекетке төтенше жағдай кезінде әскери міндеттілердің көмегі қажет болып жатса, мен, әрине, азаматтық борышымды барып өтеуге дайынмын. Қазіргі таңда қорғаныс, мемлекеттік орган құрылымдары барынша жұмыс істеп жатыр. Қашықтықтан жұмыс істеп жатқандар не болмаса уақытша жұмыссыз қалған азаматтар әскери міндеттерін атқаруға өз еріктерімен барса, бұл аталған індетпен күресуді арттырар еді», - деді А.Өміртай.
амалбек 2.jpg

Сондай-ақ, ол Жастар ресурстық орталығының жастары карантин жағдайында да аянбай еңбек етіп жатқанын жеткізді.

«Облыс, аудан көлемінде еріктілерді жұмылдырып, қоғамдық жұмыстарды атқарып жатырмыз. Атап айтар болсақ, Түркістан жастары мен кәмелет жасқа толған волонтерлар арнайы оқыту-мамандандыру бойынша тәлім алып, өз біліктіліктерін «Түркістан» темір жол вокзалында іс-тәжірибе түрінде жүзеге асырды. Сондай-ақ, еріктілер блок-бекеттерде тегін маскалар тарату жұмыстарын жүргізді. Ағылшын тілін онлайн түрде тегін үйретуді де жүзеге асырып жатыр. Белсенді, патриот, ерікті жастар өз үлестерін осылай да қосып жатыр», - деді ол.
Амалбек Өміртайдың пікірінше, төтенше жағдай кезінде әскери міндеттілерді жиынға шақыру дұрыс.

« Біз «әлем не істеп жатыр?» деп, олардың тәжірибелеріне жүгіне бермей, өзіміздің ұлттық тәжірибемізді ойлап табуымыз керек. Түркістан облысы Орталық Азияға қақпа болғаннан кейін осындай қарбалас кезінде, басқа да саяси ахуалдардың пайда болуына  байланысты қорғанысты күшейту керек деп ойлаймын. Осы орайда Президенттің тапсырмасын қолдап, күрделі кезеңде әрбір әскери міндетті адамның шетте қалмауын құп көремін», - деп түйіндеді А.Өміртай.

Аягөз Құрмаш  

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды