• Басты
  • Көптеген жұмыс берушілер басшылық лауазымға әйелдерге қарағанда ер адамды көбірек алады- Д.Назарбаева
8 Қазан, 2019 17:54

Көптеген жұмыс берушілер басшылық лауазымға әйелдерге қарағанда ер адамды көбірек алады- Д.Назарбаева

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында мәслихат депутаттарымен, мәслихат жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелерімен және Кәсіпкер әйелдер ассоциациясының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.
Көптеген жұмыс берушілер басшылық лауазымға әйелдерге қарағанда ер адамды көбірек алады- Д.Назарбаева    | Strategy2050.kz

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі хабарлағандай, мәслихат депутаттары аймақтың дамуына қатысты Жайық өзеніндегі экологиялық жағдай, кәсіпкерлікті дамыту, агроөнеркәсіп кешенін қолдау туралы ең маңызды мәселелерді ортаға салды. 

 «Мүмкін, біз әр облысқа арналған парламенттік тыңдаулар жоспарлауымыз керек шығар. Сонда біз жергілікті жерлердегі адамдарды не толғандыратынын, шешілмей жатқан қандай жүйелі проблемалар барын бірден білетін боламыз. Бұл жерде реттеудің жоқтығынан немесе оның жеткіліксіздігінен, болмаса заңнамалық базаның әлсіздігінен шешілмейтін мәселелер туралы сөз болып отыр», - деді Д.Назарбаева мәслихат депутаттарымен кездесуде. 

Д.Назарбаева мәслихат жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуде қазіргі кезде елімізде 4 мыңға тарта адам жұмыс істейтін 200-ден астам кеңес құрылғанын еске салды.

Сенат басшысының айтуынша, қоғамдық кеңестердің міндеті – қабылданатын шешімдерге тұрақты сараптама жасаудың есебінен атқарушы және заң шығарушы биліктің өңірлік органдары жұмысының сапасын арттыру, мемлекеттік билік органдарының алдына аймақ халқын барынша алаңдататын өзекті мәселелерді қоя білу.

Д.Назарбаева кәсіпкер әйелдер ассоциациясының өкілдерімен кездесу кезінде мемлекеттік басқару мен еліміздің саяси өміріне әйелдердің қатысуын кеңейтуге назар аударды. Оның пікірінше, Қазақстан халқының 50 пайызынан астамын әйелдер құрайтындығына қарамастан, олар мемлекеттік құрылымдарда аз.

«Мемлекеттік органдар немесе компаниялардың басшыларымен қоса, көптеген жұмыс берушілер басшылық лауазымға әйелдерге қарағанда ер адамды көбірек алатыны құпия емес. Бұл жағдайды республикалық та, аймақтық деңгейде де өзгерту керек», - деді Д.Назарбаева.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды