• Басты
  • Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек

Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек

23 Ақпан, 2021 14:49

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа тәртібіне көшу ережелері түсіндірілді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық саласындағы жетістіктер

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Даулыбаевтың айтуынша, тәуелсіздік алғаннан бері құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қоғамның өзге салалары секілді айтарлықтай табысқа қол жеткізді.

Спикердің есебі бойынша, өткен 30 жылда Қазақстанда 169 млн. шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй салынды, 1,6 млн.астам азаматтың тұрғын үй жағдайы жақсарды.

«Мемлекеттік бағдарламалар аясында жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, газбен жабдықтау және электрмен жабдықтау жүйелерін жаңғырту және реконструкциялау жүргізілді, 2 585-нан астам көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізілді, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамытуға бағытталған басқа да іс-шаралар жүзеге асырылды», - деді комитет төрағасының орынбасары.

Заңнамаға енген өзгерітер. Реформалар.

Өткен жылдың басынан бастап "Кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енген болатын. Өткен жылы Президент Жолдауында Үкіметке және әкімдерге мүлік иелері бірлестіктері институтын енгізу жөніндегі реформаны іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырды. Сол реформаға сәйкес «бір үй - бір бірлестік - бір есепшот» принципі бойынша «мүлік иелерінің бірлестігі» коммерциялық емес ұйымының жаңа нысанын құру жолымен басқару органдарының қызметін реттеуге бағытталған. Бұл ретте жол карталар әзірленіп, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бақылауына берілді.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың 22 ақпандағы жағдай бойынша 1 735 жаңа басқару нысаны құрылды (МИБ - 695, ЖС – 1 040). Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында.

«Өздеріңіз білетіндей, тұрғын үй қатынастары саласындағы қарқынды өзгерістерге көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласындағы азаматтардың шағымдары түрткі болды. Әсіресе бұл қызметтерінде шешім қабылдау және қаражатты жұмсау жағынан да ашықтықтығы мүлдем жоқ «көп үйлі» пәтер иелерінің кооперативтеріне (ПИК), пәтер иелерінің тұтыну кооперативтеріне, тұтыну кооперативтеріне қатысты болды», - деді Даулыбаев.
Осыған байланысты пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлар иелерін төлейтін міндетті төлемнен түсетін қаржының қайда жұмсалғанын ашық көрсету үшін мүлік иелерінің бірлестігін немесе жай серіктестікті құру қажет екенін түсінуі маңызды.

Спикердің хабарлауынша, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері белсенділік танытып, жиналыс ұйымдастырып, мүлік иелерінің бірлестігін немесе жай серіктестікті құру туралы шешім қабылдауы қажет.

Тұрғындардың белсенділігі маңызды

«Бастамашыл топ жиналыстың бастамашысы бола алады. Қатысушылардың саны пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар иелерінің 10 пайызынан кем болмауы тиіс. Жиналыс өткізілетін күн туралы 10 күн бұрын көпшілікке қолжетімді жерлерде өткізілетін жиналыс туралы хабарландыру орналастыру қажет», - деп түсіндірді ол.
Жиналыс барлық меншік иелерінің кемінде 50% кворуммен қамтамасыз етілуі керек және шешімдер қатысушылардың көпшілігінің келісімімен қабылданады. Кворум болмаған жағдайда жазбаша сауалнама жүргізу.

Егер жиналысқа қатысуға кворумды қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, жазбаша сауал жүргізу туралы шешім хаттамамен тіркеледі және жазбаша сауалды жүргізу уақыты бекітіледі.

Жазбаша сауалнама парағы жазбаша сауалнама жарияланған күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде әрбір меншік иесіне қолма-қол не электрондық пошта арқылы жіберіледі. Жазбаша сауалнама, жиналыс жарияланған күннен бастап 1 айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі.

Халыққа қызмет көрсету орталығына келесі құжаттарды тапсыру қажет

- өтініш;

- хаттама (дауыс беру парақтарымен);

- Жарғы (немесе Типтік жарғы) - 2 данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде;

- мемлекеттік баж салығы (1 айлық есептік көрсеткіш).

Тұрғын үйлерге ілінетін жарнамалардан түсетін табыс тұрғындарға да тиесілі

Іс жүзінде пәтерлер иелерінің кооперативтерінің, басқарушы компаниялардың басшылары және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарумен айналысатын басқа да тұлғалар, пайдаланудағы ортақ мүліктің жекелеген бөліктерін жалға немесе пайдалануға беру арқылы қосымша табыс таба алады. Мұны пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері білмеуі мүмкін.

«Сондықтан пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелері, сондай-ақ жаңадан құрылған мүлік иелерінің бірлестіктер мен жай серіктестіктер көппәтерлі тұрғын үй, қандай табыс пен пайда әкелетіндігін білу маңызды», - деді ол.

Комитет басшысының төрағасы тұрғын үйлерге ілінетін жарнамалар арқылы табыс табу туралы айта кетті. Пәтер иелерінің кооперативтері, басқарушы компаниялардың басшылары және КПТҮ басқарумен айналысатын басқа да адамдар ортақ мүлік болып саналатын тұрғын үйдің кейбір бөліктерін, лифт ішіндегі жарнама тақтасындағы орындарды жалға беру арқылы ақша табады. Алайда тұрғындар ол табыстан хабарсыз.

Үйдің қасбеті мен лифтілеріндегі жарнамадан, интернет-провайдерлердің, байланыс операторларының жабдығы үшін шатыр учаскелерін немесе техникалық үй-жайларды жалға беруден, шаштараз, сауда дүкендері және басқалары орналасқан жертөлелерді жалға беруден түсетін және санитариялық талаптарға сәйкес келетін басқа да кіріс.

«Егер лифтіде, қасбетте жарнама, антеннаның төбесіне орнатылған немесе басқа жабдық болса, бұл көп пәтерлі тұрғын үй қосымша табыс табады деген сөз. Тұрғындар мұны білуі тиіс. Қосымша кірістер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқаруға және күтіп-ұстауға бағытталуға, сондай-ақ әрбір тұрғынға берілетін ай сайынғы есепте көрсетілуге тиіс. Жалпы бұл табыс тұрғын үйді ұстап тұруға пайдаланылады. Алайда тұрғындар оған анзар аудармай, үйді ұстап тұруға ай сайын қаржы төлейді», - деді ол.

Сүрілген үйлердің иелеріне пәтер қалай беріледі?

Журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында спикерлер болашақта сүрілетін үйлердің тұрғындарына өтемақы немесе үй қалай есептеп берілетіні туралы айтты.

Сүрілетін үйдің орнына жаңа көпқабатты тұрғын үй салынатын болса, жеке сектордағы үй иелері далада қалмайды. Оларға әр шаршы метр есептеліп, үйдің неден салынғаны ескеріліп және мекенжайы да есепке алынып, жаңа пәтер беріледі. Спкерлердің айтуынша, бұл жерде тұратын адамдар саны есептелмейді.

«Өткен жылы 86 млрд теңге бөлініп, ескі үйлер сүріліп, жаңа үйлер тұрғызылды. Жаңа үй тұрғызылғанша сүрілген үйдің бұрынғы тұрғындары жалдамалы пәтерде өмір сүреді. Оны жергілікті әкімдіктер жүзеге асырады», - «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамының өңірлік даму және әдіснама департаментінің басшысы Марғұлан Әбдікәрімов.

Тұрғын үйлерді басқару компанияларының ай сайынғы орташа табысы туралы ақпарат ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіде жоқ болып шықты.

Тұрғын үйді басқаратын кооперативтерге түсетін шағымдар

Strategy2050.kz тілшісі жолдаған сұрағына сәйкес тұрғын үйлерді басқаратын пәтер иелерінің кооперативтеріне шағымданатын тұрғындардың өтініші ескерілді ме, ескерілсе жаңа ережеде қандай өзгерістер бар деген сауалға Даулыбаев жауап берді.

«Ережелер бекітілді. Біз бір нәрсені түсінуіміз керек. Тұрғындар кез келген мәселені өздері тікелей қатысуы арқылы шеше алады. Басқарушы пәтер иелерінің кооперативтеріне барлық билікті беріп, кейін шағымданбауға тырысу керек», - деп жауап берді ол.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидалары

Қазіргі уақытта ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына "Кондоминиум объектісі бойынша қаржылық, техникалық құжаттаманы және өзге де техникалық құралдарды беру тәртібі" жаңа тарауын қосып өзгерістер енгізді.

Еркебұлан Дауылбаевың айтуынша, енгізілген жаңа ережелерге сәйкес мүлік иелерінің бірлестігі төрағасы немесе жай серіктестіктің сенімді тұлғасы құрылған сәттен бастап 3 жұмыс күн ішінде басқарудың ескі органдарына, сондай-ақ тұрғын үй инспекциясына тиісті хабарлама жібереді.

«Тиісті хабарламаны алған пәтерлер иелерінің кооперативі, сондай-ақ хабарламаны жолдаған мүлік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік, 3 жұмыс күн ішінде бірлесіп, кондоминиум объектісі бойынша қаржылық, техникалық құжаттаманы және өзге де техникалық құралдарды қабылдау-тапсыру актісін жасайды», - деді ол.

Кондоминиум объектісі бойынша қаржылық, техникалық құжаттаманы және өзге де техникалық құралдары 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуі қажет.

Қазіргі таңда министрлік тарапынан техникалық, қаржылық және өзге де құжаттарды ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті көздеу мәселесі пысықталып жатыр.


Барлық жаңалықтар