- Басты
- Жаңалықтар
- Көпбалалы отбасыларға жәрдемақыны ресімдеу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі шектелмеген
Көпбалалы отбасыларға жәрдемақыны ресімдеу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі шектелмеген
Қазіргі уақытта әр көп балалы отбасы бойынша іс макеттерін алдын ала қалыптастыру процесі жүріп жатыр. Бұл азаматтарға ыңғайлы, яғни олардың 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа мемлекеттік жәрдемақы алу мүмкіндігі болу үшін алдын-ала жасалады. Құжаттарды қысқа мерзімде тапсыру қажетттігі туралы мессенджерлерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Құжаттарды қабылдау үдерісі ешқандай мерзімдермен шектелмеген.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта көпбалалы отбасы ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы болып табылатын, яғни, 2018 жылға дейін тағайындалған отбасыларға (отбасына 10 500 теңге болатын), жаңа жәрдемақыға көшу ХҚКО-ға жүгінбестен, олардың отбасыларында бесінші және одан да көп баланың дүниеге келуін ескере отырып, автоматты түрде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл жәрдемақы бірінші рет тағайындалған көпбалалы отбасыларға тағайындаудың белсенді форматын қарастыруда.
Бұған дейін хабарланғандай, қазіргі уақытта Парламентте 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттері бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуді көздейтін Заң жобасы қаралуда. Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде тағайындалады: 4 балаға – 42 496 теңге; 5 балаға – 53127 теңге; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 және одан көп балаға – 74 388 теңге.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары