- Басты
- Жаңалықтар
- Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласын дамыту жөнінде айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Жер қойнауын пайдалану
Вице-министр Қазақстанның мұнай-газ кешенінің елімізді дамытуға айтарлықтай рөлі бар екенін атап өтті. Өйткені ол ел бюджетіне салық түсімінің, инвестицияның, жұмыс орнының айтарлықтай бөлігін қамтамасыз етеді. Осы орайда, жер қойнауын пайдалануды дамыту мәселелері өте маңызды.
«Жер қойнауын пайдалану саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар жер қойнауын пайдалану саласындағы бәсекеге қабілеттілікті, технологиялық және кәсіби деңгейді арттыруға, инвесторларға қолайлы жағдай жасауға, жұмыс орнын құруға және әлеуметтік әл-ауқатты жақсартуға бағытталған», - деді Жұмабай Қарағаев.
Оның мәліметінше, 2020 жылдың қорытындысына сәйкес, көмірсутектер бойынша 251 келісімшарт жасалған. Ал, геологиялық барлауға салынған инвестициялардың көлемі 137,6 млрд теңгені құраған.
Электронды аукцион
Бүгінгі таңда министрлік жер қойнауын пайдалануға арналған құқықты беруді көмірсутек шикізаты саласында жүзеге асыратынын да тілге тиек етті. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдалануға арналған құқықты алу ұлттық компанияны қоспағанда электрондық аукцион арқылы ғана мүмкін екен, Оғана тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалануға құқық беріледі.
«2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап тәуелсіздік жылдарында Министрлік алғаш рет жер қойнауын пайдалануға электрондық аукцион өткізуді ұйымдастырды. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 10 жер қойнауы учаскесі бойынша 2020 жылғы 28 қыркүйекте интернет-ресурста алғашқы электрондық аукционды жариялады», - деді вице-министр.
Оның дерегінше, бірінші аукцион бойынша қол қойылатын бонустың жалпы сомасы 61 млрд теңгеге 7 жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион жеңімпаздары анықталған. Бұл қол қою бонустарының бастапқы мөлшерінен 232 есе көп. Сонымен қоса, Сағыз, Қарабау, Бегайдар, Балқұдық және Қошалақ учаскелері бойынша аукционның 5 жеңімпазынан 1,5 млрд теңге сомасында қол қою бонустары келіп түскен. Барлық учаскелер бойынша келісімшарттар жасалған.
«Сарайшық және Заборын учаскелері бойынша 59,6 млрд.теңге сомасындағы қол қою бонустары бюджетке түспеді. Қазіргі уақытта көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссияның осы учаскелер бойынша жеңімпаз туралы шешімі жойылды, учаскелер аукционға қайта қойылатын болады», - деді ол.
Сондай-ақ, ол аукцион өткізуге өтініш берген тұлғамен аукционды өткізбеген жағдайда, аукцион өткізуге өтініш берген тұлға қол қою бонусының бастапқы мөлшерін төлеген кезде аукцион жеңімпазымен келісімшарт жасау үшін осы Кодекстің 100-бабында белгіленген тәртіппен осындай тұлғамен жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасалатынын да тілге тиек етті.
«Осыған байланысты, 3 учаске бойынша 134 млн. теңгеге қол қою бонусы төленді. Бірінші аукционның қорытындысы бойынша 8 жер қойнауы учаскесімен келісімшарт жасалды», - деді ол.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге екінші электрондық аукционды Министрлік Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Қарағанды және Түркістан облыстарында орналасқан 15 жер қойнауы учаскесі бойынша 2021 жылғы 23 қаңтарда Министрліктің интернет ресурсында жариялаған. Екінші аукционның қорытындысы бойынша, 10 учаскеде бюджетке түсетін қол қойылатын бонустың жалпы сомасы 9,3 млрд. теңгені құрады және бүгінде барлық объектілермен келісімшарты жасалған.
Ол ағымдағы жылдың соңына дейін Министрлік 25 жер қойнауы учаскесі бойынша тағы бір аукцион өткізу жоспарланғанын атап өтті. Оның дерегінше, 2021 жылы 25 келісімшартқа қол қойылды. 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша барлығы көмірсутектер бойынша 276 келісімшарт жасалды.
Екі электрондық аукцион өткізу нәтижесінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске электрондық аукцион өткізу бөлігінде өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады, атап айтқанда:
- қол қою бонусының бастапқы мөлшерінен кем емес мөлшерде аукционға қатысушылардың кепілдік жарнаны енгізу;
- аукцион жеңімпазы қол қойылатын бонустың түпкілікті мөлшерін төлемеген жағдайда, екінші қатысушыны аукцион жеңімпазы деп тану:
- жылына 2 реттен көп емес аукцион өткізуге шектеуді алып тастау мәселесі пысықталуда.
«Бүгінгі таңда, Энергетика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдардың, жер қойнауын пайдаланушылардың және салалық қауымдастықтардың қатысуымен тиісті жұмыс тобын құрды. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің 103-105-баптарына сәйкес тікелей келіссөздер негізінде көмірсутектер өндіру саласында ұлттық компания «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға жер қойнауын пайдалану құқығы беріледі», - деді вице-министр.
«Әл-Фараби» мен «Торғай палеозой (8-учаске)» жер қойнауы учаскесі
2020-2021 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан «Әл-Фараби» жер қойнауы учаскесі бойынша және Қызылорда облысында орналасқан «Торғай палеозой (8-учаске)» жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізілген.
«Әл-Фараби» жер қойнауы учаскесі бойынша тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша келісімшарт жасалды. Осы кен орны бойынша қол қою бонусының сомасы 420 млн. теңгені құрады, жобаға салынатын инвестиция көлемі 20 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі уақытта «Торғай палеозой (8 учаске)» жер қойнауы учаскесі үшін 100 млн.теңге мөлшерінде қол қою бонусы төленді. Жобаға салынатын инвестиция 10,3 млрд. теңгені құрайды», - деді Жұмабай Қарағаев.
Жергілікті қамту
Қазіргі уақытта Министрлік жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуда жергілікті қамтуды дамытуға көп көңіл бөлетінін еске салды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша, ЖҚ үлесінің орташа салалық көрсеткіші 2,5 млрд теңге сомасына 46,0%-ды құрады.
«Пайыздық қатынаста ТЖКҚ сатып алу көлемінің шамамен 79%-ы үш ірі операторға – Теңізшевройл (ТШО), Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. (КПО) және Норт Каспиан Оперейтинг Н.В. (НКОК), 13%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобына және 8%-ы қалған жер қойнауын пайдаланушыларға тиесілі», - деді вице-министр.
Сонымен қатар, Министрлік жергілікті қамтуды дамытуға бағытталған екі бастаманы іске асырып жатқанын еске салды. Бұл:
- Машина жасау орталығы техникалық талаптарды сақтамау мәселелерін шешу және ірі мұнай-газ кәсіпорындарына қажетті жергілікті өндірушілердің өндірістік құзыреттілігін арттыру үшін құрылды.
- Қазақстандық кәсіпорындарға инвестиция салу мақсатында жергілікті қамтуды дамытуға арналған тікелей инвестициялық қор.
«Осындай бастамалардың арқасында біз мұнай-газ саласы үшін тауар өндірудің өз жүйесін құруға тиіспіз», - деді вице-министр.
Газ саласы
Қазір Қазақстанның газ саласы – отандық экономикада қарқынды өсіп келе жатқан салалардың бірі. Газ өндіру өсіп, газ құбырларының желісі кеңейіп келеді.
«Газ қорлары бойынша Қазақстан әлемде 22-ші және ТМД-да Ресей мен Түрікменстаннан кейінгі 3-орында тұр. Қорлар бойынша мемлекеттік комиссия 3,8 трлн. м3 газдың қорларын бекітті. Барланған газ қорларының шамамен 98%-ы Қазақстанның батысында, бұл ретте 87% - ірі мұнай-газ және мұнай-газ конденсаттық кен орындарында шоғырланған», - деді ол.
Оның сөзінше, республикада өндірілетін газдың құрылымы негізінен ілеспе мұнай газы. Қазақстанның табиғи газ және газ конденсаттық кен орындарына Амангелді және Шағырлы-Шөмішті кен орындары жатады.
«Осылайша, Қазақстандағы газ өндірудің 90%-ын Қарашығанақ, Қашаған, Теңіз және Жаңажол жобалары қамтамасыз етеді», - деді ол.
Қазақстанда 79 газ өндіруші компания жұмыс істейді
Жалпы республика бойынша 79 газ өндіруші компания бар, оның ішінде шамамен 23 компания газды ішкі нарықты және экспорттың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін газ транспорттық жүйеге өткізетінін атап өтті. Сонымен, 2020 жылдың қорытындысы бойынша республикадағы мұнай-газ өндіруші компаниялардың газ өндіруі 55,1 млрд.м3-ді құрады, бұл 1991 жылғы газ өндіру деңгейінен 7 есеге жоғары.
«Бұл ретте, өндірілген ілеспе мұнай газының шамамен 17,3 млрд.м3 қабаттық қысымды ұстап тұру үшін қабатқа кері айдалған, 10,1 млрд.м3 жер қойнауын пайдаланушылардың өзіндік технологиялық қажеттіліктеріне, электр энергиясының өндірісіне және кәдеге жаратылған. Қайта өңделген 27,7 млрд.м3 көлеміндегі газдың 17 млрд.м3 ішкі нарықтың қажеттіліктеріне және экспортқа –10,7 млрд.м3 жолданды», - деп толықтырды ол.
Қазақстан экономикасының дамуымен жаңа энергетикалық қуаттардың іске қосылуымен ішкі нарықтың қажеттілігі артып келеді. Оның айтуынша, жақын келешекте біздің божамдарымызға сәйкес елдің ішкі нарығындағы тұтыну өсетін болады және 2025 жылға қарай 25,7 млрд м3-қа және 2030 жылға қарай 30,2 млрд м3-ге жетпек. Өсіп келе жатқан қажеттілікті жабу жаңа кен орындарын іске қосу есебінен болады деп күтілуде.
«9 жер қойнауын пайдаланушылармен 187 млрд. м3 алынатын газ қорлары бар 11 кен орнын барлауға және өндіруге келісімшартқа қол қойылды. Аталған кен орындарын уақтылы іске қосу газдың жылына 2025 жылы 7 млрд. м3 және
2030 жылы 8,4 млрд. м3 көлемдерінің ұлғаюына алып келеді деп болжанады», - деді ол.
Сұйытылған мұнай газы
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығының көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту тапсырылғанын еске салды. Осы тапсырманы орындау үшін заңнамаға тиісті түзетулер әзірленді және қабылданды, оған сәйкес сұйытылған газды 2022 жылғы қаңтарға қарай электрондық сауда алаңдары арқылы өткізудің толық шығуы болжанған.
«Осы түзетулер шеңберінде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен сұйытылған мұнай газын 2021 жылдың соңына дейін СМГ-ны өткізудің жалпы көлемінен 80% - ға дейін ЭСА-ға кезең-кезеңімен көшіру көзделген график келісілді, - деді вице-министр.
Бұдан басқа, бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап «Газ желісі ұйымдарын» аккредиттеу институтын жою болжанып жатқанын атап өтті.
Сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдары арқылы өткізу тетігін енгізу:
- саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру, өндірушілер мен тұтынушылар мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу;
- сұйытылған мұнай газына экономикалық негізделген баға белгілеуді қалыптастыру, бұл өндіруші зауыттарды жаңғыртуға мүмкіндік береді;
- сұйытылған мұнай газы нарығындағы мәмілелердің ашықтығын және транспаренттілігін қамтамасыз ету;
- елді газбен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету және сұйытылған мұнай газының көлеңкелі экспортын болдырмау.
БӘОК қызметі
Сонымен қоса, ол көмірсутектер кен орындарын барлау және әзірлеу кезінде жер қойнауын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына сәйкес кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия жүзеге асыратын Базалық жобалау құжаттарына және көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы әзірлеу талдауларына мемлекеттік сараптама жүргізілетінін атап өтті.
«2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Базалық жобалау құжаттарына мемлекеттік сараптама бірқатар елеулі өзгерістерге ұшырады», - деді ол.
Оның сөзінше, орталық комиссия қызметінің тәсілдері мен бизнес-процестері және тәуелсіз сараптама рәсімі қайта қаралған:
- Жер қойнауын пайдаланушы мен тәуелсіз сарапшы арасындағы байланысты болдырмау мақсатында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап тәуелсіз сараптама жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі функция Тәуелсіз сараптама операторы атынан «Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» АҚ-ға жүктелген.
- Бір сарапшының субъективті бағалауын болдырмау мақсатында, бір жобалау құжатына тәуелсіз сараптама жүргізу кезінде 3 тәуелсіз сарапшыны тағайындау көзделген.
- Орталық комиссияның құрамындағы мүшелердің саны 22-ден 33-ке дейін ұлғайды.
«Құрамға «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, Заңды тұлғалар бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ геология және көмірсутегі кен орындарын әзірлеу саласында арнайы білімі мен жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар қосымша енгізілді», - деді вице-министр.
Қосымша нормативтік құқықтық актілер қабылданды:
1. Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеуді талдауларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған тәуелсіз сараптама операторының шығындарын айқындау қағидалары.
2. Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеу талдауларына тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды біліктілігі жағынан іріктеу жөніндегі талаптар.
«Көрсетілген бұйрықпен алғаш рет тәуелсіз сарапшыларды іріктеу бойынша талаптар қойылды. 2020 жылы Орталық комиссияның 9 отырысы өтті, оның шеңберінде 107 жобалау құжаты қаралды, оның ішінде 88 жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы, 19 жоба бойынша теріс қорытынды берілді. 2021 жылдың 1 жартыжылдығында орталық комиссияның 5 отырысы өтті, онда 51 жобалау құжаты қаралды, оның ішінде 38 жоба бойынша Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы, 13 жоба бойынша теріс қорытынды берілді», - деді ол.
Мемлекеттік бақылау
Сонымен қоса, ол көмірсутектер, газбен жабдықтау және мұнай өнімдері салаларындағы кәсіпорындарды бақылауды жүзеге асыру жұмысына тоқталып өтті. 2020 жылы 169 тексеру жүргізілді, оның ішінде рұқсат беру бақылауы – 125, жоспардан тыс тексерулер – 33, жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар талаптарын сақтау бойынша баруы – 11.
«Жалпы сомасы 47,1 млн. теңгеге әкімшілік айыппұлдар салынды және өндірілді. 2020 жылы жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшін 1 млрд. 833 млн. теңге сомасында залал есептелді, оның ішінде 646 млн. теңге өндірілді. Қалған 1 млрд. 187 млн. теңге сомасына жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшін залалды өндіріп алу бойынша жұмыс жүріп жатыр», - деді вице-министр.
2021 жылғы қаңтар-маусымда 94 тексеру жүргізілген, оның ішінде рұқсат беру бақылауы – 62, жоспардан тыс тексерулер – 20, профилактикалық бақылау – 12. Сонымен бірге, жалпы сомасы 38,4 млн. теңгеге әкімшілік айыппұлдар салынып, өндірілген. Оның сөзінше, бірінші жартыжылдықта жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшін 739,6 млн. теңге сомасында залал есептелді, оның ішінде 712,0 млн теңге өндірілген.

-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр
-
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері
-
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар
-
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары
-
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары
-
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері
-
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді
-
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды
-
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды
-
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары
-
Транзиттік тасымалдардың дамуы және қабылданып жатқан шаралар

