• Басты
  • Көлік салығын есептеу мен төлеуде қандай өзгерістер бар

Көлік салығын есептеу мен төлеуде қандай өзгерістер бар

29 Наурыз, 2021 16:37

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеуі туралы ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


ҚР ҚМ МКК өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды әкімшілендіру және арнайы салық режимі департаментінің директоры Азамат Садықовтың айтуынша, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Салықтық әкімшілендіруді реформалау» жобасы шеңберінде «Интеграцияланған деректер базасы» ақпараттық жүйесінің «жергілікті салықтар» кіші жүйесін әзірледі.

«Интеграцияланған деректер базасы» ақпараттық жүйесінің көмегімен 2 жыл бойы көлік салығын есептеу жүргізілуде. Осы жылы МКК алдағы төлемдерді көлік салығын төлеу мерзіміне дейін алғаш рет жібереді. МКК мен ІІМ ӘПК арасында көлік құралдары бойынша мәліметтер алу бойынша ведомстволық ақпараттық жүйелерді интеграциялау жұмыс істейді», - деді Садықов.

1 сәуірде 2020 жылға көлік салығын төлеу мерзімі аяқталады. Сондықтан өткен жылға көлік салығын төлеу маңызды. Салықты төлеу мерзімі биылдан бастап өзгерген. Мәселен, 2019 жылғы көлік салығын 2019 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей төлеу керек болатын.

«Көлік салығы бойынша алдағы төлемдерді есептеу кезінде ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің (ІІМ ӘПК) мәліметтері пайдаланылғанын атап өткен жөн», - деп қосты ол.

МКК мен ІІМ ӘПК арасында көлік құралдары бойынша мәліметтер алу бойынша ведомстволық ақпараттық жүйелерді интеграциялау жұмыс істейді.

Көлік құралдарына салынатын салық салық кезеңінің соңына дейін меншік құқығы сатып алынған айдың 1 күнінен бастап, яғни ағымдағы жылдың соңына дейін не меншік құқығы берілген айдың 1 күніне дейін нақты иелену кезеңі үшін есептеледі.

Бұл ретте, салық кезеңі ішінде көлік құралына меншік құқығын берген жағдайда, нақты иелену кезеңі үшін төлеуге жататын сома көлік құралын тіркеу есебінен шығарғанға дейін бюджетке енгізілуге тиіс.

«Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды МКК «E-Salyq-Azamat» тегін мобильді қосымшасын пайдалануға шақырады», - деп үндеу жасады Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі.

Мобильді қосымшаға кіру үшін жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында, азаматтың ұялы телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелуі қажет.

Алдағы төлемдерді МКК порталынан басқа, «egov.kz» порталында, Kaspi. kz, Homebank банктердің мобильді қосымшаларында көруге болады.

Бұл ретте, мұндай «әмияндағы» көлік құралдарына есептелген салық сомасы дербес шоттағы артық төлемді ескере отырып көрсетіледі.

Салық органдарының барлық есептеулері мен төленген сомалар салық төлеушінің дербес шотында көрсетіледі. Сонымен қатар, іс жүзінде азаматтар көлік құралын иеленудің соңғы жылы үшін салық төлейтін, бірақ алдыңғы кезең бойынша салықты өтемейтін жағдайлар жиі туындайды. Осылайша, салық берешегі өткен кезеңдер үшін болуы мүмкін. Салық толық төленбеген.

Айта кетейік, деректерді «E-Salyq-Azamat» мобильді қосымшасынан тексеруге болады.

Жыл басынан бері бұл қызметті 400 мыңнан астам салық төлеуші пайдаланған. Сонымен қатар, салық бойынша барлық төлемдердің 90%-ы цифрлық форматта келеді.

2020 жылға көлік құралдарына есептелген салық «E-salyq Azamat» мобильдік қосымшасының «Алдағы төлемдер» сервисінде орналастырылған.

Мобильді қосымшаға кіру үшін, Сіздің деректеріңіздің қауіпсіздігі мақсатында, Сіздің ұялы телефон нөміріңіз мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) сіздің ЖСН-де тіркелуі қажет.

Азаматтарға дайын деректемелер бойынша бір мезгілде төлем жүргізу мүмкіндігімен алдағы салық сомасын оны төлеу мерзімі басталғанға дейін білуге мүмкіндік берілген.

МКК порталында алдағы төлемдерді көруден басқа, «электрондық үкімет» порталында (egov.kz), банктердің мобильді қосымшаларында (Kaspi. kz, Homebank) деректерді алу мүмкіншігі асырылған.

Бұл ретте, МКК және банктердің мобильді қосымшаларының алдағы төлемдер сервисінде көлік құралдарына есептелген салық сомасы дербес шоттағы бар төлемді (артық төлемді) ескере отырып көрсетіледі.

Сонымен бірге, көлік құралдары салығы бойынша алдағы төлемдердің сомасы салық берешегі болып табылмайды, осыған байланысты бұл сома МКК мобильді қосымшасының «Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы мәліметтер» сервисінде көрсетілмейді.

«Жеке тұлғалар салықтарды басқа тәсілдермен де төлей алады: Екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақша қаражатымен, банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталарының көмегімен. Анықтамалық ақпаратты алу үшін жеке тұлғалар Бірыңғай байланыс орталығының 1414 тегін телефон нөмірі бойынша хабарласа алады», - деп түсіндірді спикер.

ҚР ҚМ МКК өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары Олжас Отардың айтуынша, «E-Salyq-Azamat» қосымшасында түзету қызметі бар.

«Егер бірнеше жыл бұрын көлік құралдары сатылып кеткен болса және бұрынғы иесіне салық төлеу туралы хабарлама келсе, мемлекеттік кірістер органдары ішкі істер министрлігінің берген мәліметінің негізінде салық есептейді. Қазіргі уақытта «E-Salyq-Azamat» қосымшасында түзету қызметін 11 мыңнан астам адам пайдаланды», - деді Олжас Отар. 

Егер көлікті келісім-шарт арқылы сатып, есептен шығарған болсаңыз онда уәкілетті органның есебінен шығаруға болады. Сенім хат арқылы сатылған көлік бұрынғы иесінің атында қала береді. Мемлекеттік тіркеу кімнің атынан жүргізілсе, сол азаматта қалады. Сондықтан уәкілетті органға барып есептен шығару қажет.

Барлық жаңалықтар