• Басты
  • Көктемгі су тасқыны: алдын алу шаралары, су басқан аймақтарға көмек

Көктемгі су тасқыны: алдын алу шаралары, су басқан аймақтарға көмек

7 Сәуір, 2021 13:03

Баршаға мәлім, қазіргі уақытта көктемгі қар еру мен су жиналу кезеңі жалғасып жатыр. Көктемгі су тасқыны кезеңінде Төтенше жағдайлар министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту бойынша іс-шаралар кешенін жүргізіп жатыр. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елімізде су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің өкілдері айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Наурыз айы басталғаннан бері ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын еріген және тасқын сулардың өтуіне дайындау жұмыстары жүргізілуде. Су өткізу құбырларының саңылауларын тазалау жұмыстары да жасалған. Бұдан бөлек, автожолдарда тәулік бойы кезекшілік пен патрульдеу ұйымдастырылған. 434 қауіпті учаске, 838 құбыр және 52 көпір жіті бақылауға алынды. Аталған учаскелерде қажетті жол техникасының 746 бірлігі бекітілген.

Су басу қаупі бар аймақтар

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амриннің баяндамасына сүйенсек, елдің оңтүстік өңірлерінің жазық аумағы мен өзендерінде қар және мұз болғандықтан, су тасқыны қаупі азайды. Сонымен қатар, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарының тауларында әлі қар бар. Сол себепті қардың еруі тау өзендерінде су тасқынына әкелуі мүмкін.

«Ауа райы жағдайына байланысты Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола,  Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының 171 елді мекенін су басу қаупінің жоғары деңгейі сақталуда, ол жерлерде 43 мыңнан астам адам тұрады», - деді ол.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегіне сәйкес, бүгінгі жағдай бойынша Ақмола, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында су басу жағдайлары болды. Соның салдарынан 15 елді мекенде көшелер мен аулаларды, 3 тұрғын үйді су басты, автомобиль жолдарында 6 рет судың тасуы болған.

Мұндай су тасқыны жыл сайын көктем мезгілінде қайталанатын болғандықтан, су бұру, бөгет салу сияқты жұмыстар жүргізіледі. Биыл да жүргізілген:

- Қазақстанның су басуға бейім өңірлерінде 150 шақырым қорғау бөгеттері салынды және жөнделді;

- Су тасқыны қаупі бар өзендердің 400 шақырым арнасын тереңдетілді;

- 15 мың шақырым су бұру арналарын орнатылды;

- 5 мың арналарды және 7 мың арықтарды және су өткізу құрылыстарын тазаланды.

«12 ақпанда республикалық деңгейде су тасқынына дайындық бойынша ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, онда мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарға  тиісті тапсырмалар берілді. Сонымен қатар облыстық, аудандық Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялардың 281 отырысы өткізілді», - деп есеп берді Амрин.

Су тасқынының алдын алу шаралары

Су тасқынының алдын алу шараларын жүргізу үшін Шығыс Қазақстан облысына 2021 жылдың 27 наурызында 52859 әскери бөлімнің күштері мен құралдары (50 адам,  8  бірлік техника, 4 жүзу құралы және 10 мотопомпа) жіберілді. Олар бағыттау пункттері бойынша орналастырылды (Алтай кенті, Зубовск, Малеевск мен Самарское ауылдары).

Әкімдіктер 27,2 млн. артық текше метр қар шығарды. Қар шығару жұмыстары шығарылды. 

Мұз кертелісі орын алатын учаскелерде өзендер арналарындағы мұзды ұсақтату бойынша мұзу жару жұмыстары алдын ала жүргізіледі. Мәселен, өзендер мен көлдерде мұз кептелісінің алдын алу мақсатында Ақмола,  Шығыс Қазақстан ,Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында мұз жару жұмыстары жүргізілді. Жалпы 119 мұз жару жұмысы жүргізілді, ол үшін 18-ден астам тонна жарылғыш зат пайдаланылды.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында еріген қар суын сору, қорғау бөгендерін нығайту және топырақ салынған қаптарды төсеу, өзендердегі мұзды кесу жұмыстары белсенді жүргізілуде. 

Су тасқыны жағдайын жедел бақылау үшін «Қазақстан Ғарыш сапары ҰК» АҚ ғарыш мониторинг деректеру пайдаланылады. Өзен бассейндерінің  тасқын қауіпті учаскелерінде аэровизуалды зерттеу тұрақты негізде жүргізіледі.  

Өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің, ішкі істер органдарының, азаматтық қорғаныс және Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің күштері мен құралдары әзірлікке келтірілді. Олардың жалпы саны жеке құрамнан 10 мыңнан астам адам және 1,8 мыңнан астам бірлік техника.

"Су басу қаупі аз өңірлерден қосымша резервтік топтар жасақталды.Олардың жалпы саны 1047 адам, 121 бірлік техника, 47 жүзу құралы және 127 мотопомпа. Сондай-ақ Көкшетау техникалық техника институтының жиынтық жасағы мен "Қазавиақұтқару"АҚ тікұшақтары жоғары дайындыққа келтірілді", - деді Рустамбек Амрин.

Зардап шеккен халыққа палаталы лагерь орнату үшін ТЖМ жедел резервінің мүлкі мен техникасы дайындалды, оларды жеткізу және орнату үшін күштер мен құралдар  есебі жасалды.

Биыл ауқымды су тасқыны болмайды

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязовтың айтуынша, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан облыстарындағы қар еру үрдісі әлі жалғасып жатыр. Егер ауа-райы күрт жылынып, нөсерлі жауын жауса, мұнда су басу қаупі жоғарылайды. Сырдария және Іле өзендері мұздан толығымен тазарған. Ертіс өзенінде Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары аумағында мұз еру процесі жалғасуда, бұл мұз кептелісіне және судың жайылма аумақтарына шығуына әкелуі мүмкін.

«Нақты айтсам, биыл ауқымды су тасқыны күтілмейді. Бірақ, температуралық фонның күрт артуы және қатты жауын-шашын кезінде Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы, Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында ішінара су басу көріністері болуы мүмкін», - деді спикер.

Қожаниязов тасқын судан болатын залалды болдырмау мақсатында қабылданған шараларға тоқталды:

-      Су ресурстары комитетінде 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне арналған су тасқынына қарсы комиссия құрылды. Осындай комиссиялар «Қазсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен оның филиалдарында құрылған.

-      Гидротехникалық нысандарды пайдалану қағидаларына сәйкес, әрбір су қоймасы үшін су қоймаларын толтыруға және күтілетін түсімдерге байланысты су тасқынын өткізу кестесін әзірледі.

-      Су тасқыны кезеңі басталғанға дейін тасқын суларды жинақтау және қарқынды су тасқыны кезіндегі маневрлік үшін су қоймаларындағы бос сыйымдылықтар қоры қамтамасыз етілді.

«Бүгінгі күні ірі су қоймаларының орташа толымдылығы 70-75% құрайды. Оларды жобалық көлемге дейін толтырған және үлкен тасқын сулар келген жағдайда олар транзиттік режимде жұмыс істейтін болады», - деді ол.

Су қоймаларын бақылау жұмысы

Су қоймаларының жұмыс режиміне күнделікті мониторинг белгіленген, барлық республикалық объектілерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Қауіпті учаскелерде құрылыс және басқа материалдардың қажетті қорлары, сондай-ақ тиісті техника мен жанар-жағармай материалдарының қоры дайындалды.

2020 жылдың күзгі кезеңінен бастап гидротехникалық құрылыстарға тексеру жүргізілді, оның қорытындысы бойынша Бассейндік инспекциялар гидротехникалық нысандардың барлық меншік иелеріне тасқын суларды қауіпсіз өткізу және қажетті материалдар мен техниканы дайындау үшін қажетті іс-шараларды жүргізу туралы ескертулер берді.

«Қазіргі уақытта коммуналдық және жеке гидротехникалық нысандарда бос сыйымдылықтарды ұлғайту, өзендер арналарын тазалау, инженерлік қорғаныстарды жөндеу және құру бойынша бұрын берілген ұсынымдардың орындалуын бақылау жүргізіп жатырмыз», - деді ол.

Тексеру қорытындысы бойынша: 499 гидротехникалық нысандар жөндеуді талап етеді, оның ішінде республикалық меншікте – 60, коммуналдық меншікте – 393, жеке меншікте – 42, иесіз – 4.

Жауған қардың үлкен көлемін ескере отырып, қар күрт еріген жағдайда су қоймаларынан ағызылатын су көлемі едәуір артатыны сөзсіз.

«Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдар елді мекендерден жақын орналасқан су қоймаларынан ағызылатын суды бұруға қажет арналардың өткізу қабілетін ұлғайту жөніндегі жұмыстарды жеделдетуі және күшейтуі қажет», - деп ескертті спикер.

Су қоймаларының бос сыйымдылықтарын қалыптастырумен қатар, арналар тазаланған жағдайда ғана су тасқынының апатсыз өткізуін қамтамасыз ету мүмкін.

Барлық жаңалықтар