Инвестициялар

Бизнес ашу: Қазақстандық әйелдердің әлеуеті

Эксклюзив
Ұлан ғайыр еліміздің берекесін келтіріп отырған аудандар мен ауылдардағы әлеуметтік жағдай, ондағы халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік аз қамтылғандарға жәрдемақы төлеу, әр үйге су тарту, жол салу жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп отыр. Елбасы өзі бұл сұрақтарды тікелей бақылауына алды. Тағы бір маңызды бағыт – кәсіпкерлікті дамыту. Бұл істе әсіресе, нәзік жандардың белсенділігі ерекше. Бірақ Қазақстан әйелдеріне бизнес ашуға экономикалық қолдау керек. Әлемдегі ең танымал сусындардың бірін шығаратын америкалық алпауыт компания осы бағытта биыл жетінші мәрте байқау ұйымдастырған. Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі Корпоративтік байланыстар және коммуникациялар жөніндегі менеджері Александра Аккирман Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне эксклюзивті сұқбат берді.
Астана қаласы05 Наурыз , 15:38

-Қазақстанда жетінші мәрте қатарынан өткізіліп отырған байқау туралы айтып өтсеңіз?

-Әйелдерге экономикалық қолдау көрсету біздің басты әлеуметтік  бастамаларымыздың бірі. Өткен жылы қор әртүрлі әлеуметтік жобаларға  90 млн доллар бөлді. Ол қаржының 11 пайызы әйелдерді қолдауға бағытталды. Орталық Азия және Кавказ өңірінде екі ірі жоба бар. Оның бірі Қазақстандағы «Coca-Cola Белестері». Нәтижесінде ұйымдастырылған шеберлік сыныптарында 11 әйел оқытылды. Қазір 55  бизнес жұмыс істеп жатыр. Олар 130 адамға жұмыс орнын ашты.

-Байқауға қатысуға ниетті адамдарға қандай талаптар қойылады?

-Байқауға көбінесе әлеуметтік, экономикалық аз қамтылған халықтың санатын тартамыз. Жоба белгілі бір себептерге қатысты жұмыс істемейтін, ауылдық жерлерде тұратын әйелдерге бағытталған. Себебі, қалада ауылға қарағанда жұмыс табу мүмкіндігі әлдеқайда мол. Сондықтан, жоба соңғы кезде ауылдағы әйелдерге баса назарын аударды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығына жасыл экономиканы енгізу, фитодиодты жарықтандыру, арнайы топырақты енгізу әдістерін енгізуге көңіл бөлініп отыр.

-Байқауға қатысу үшін не істеу керек?

-Байқауға қатысуға ниет білдірген кез-келген адам біздің сайтымызға кіріп, өтінімді толтыруы керек. Немесе осы жобаны жүргізетін үкіметтік емес  ұйымға хабарласуға болады. Сондай-ақ, «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қорына телефон шалып, шеберлік сабағына жазыла алады. Тренингтердің барлығы тегін өткізіледі. Олар әртүрлі аудан орталықтарында ұйымдастырылады. Биыл жоба сәуір айында басталады. Арнайы кесте жасақталады. Жетекшілер Алматы, Ақмола, Қарағанды облыстарына арнайы барып шеберлік сыныптарын өткізеді.

-Байқау кезінде қандай проблемалар туындайды?

-Шеберлік сыныптары ауылдық  елді - мекендерді қамтуға бағытталған. Ол барынша қарапайым, ұғынықты тілде өтеді. Қатысушы әйелдерге қаржы қызметінің негізі мен экономикалық әрі маркетингтік әдістер түсіндіріледі. Осыған дейін айтарлықтай бір проблема туындаған емес. Алайда, барлығында көптеген сұрақтар болатыны рас. Оларға жетекшілер әрбір сессиясының соңында жауап береді. Жалпы, әйелдер барлық материалды тез түсінеді. Олардың бұл тақырыпты түсінетінін  микрогранттарға келіп түсетін өтінімдердің санынан да білуге болады деп ойлаймын. Жобаның басында, яғни,  жеті жыл бұрын өтінімдер саны көп болғанда 9-10 болды десек, өткен жылы конкурсқа  300 астам өтінім келіп түсті. Осы жылдары бағдарламаға 1 млн доллардан астам қаражат жұмсалды.

-Қазақстанда Қордың жасап жатқан істеріне билік тарапынан қолдау көрсетіле ме?

-Біздің серіктестеріміз «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қоры мен  «Жасыл экономиканы»   қолдау және  G-Global-ды дамыту» коалициясы. Сондай-ақ, ҚР Парламент Мәжілісінің тарапынан да қолдау көрсетіледі.

-Аталған  55 кәсіптің бағыттары қандай?

-Шаруашылықтардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы, сүт өнімдерін шығару, нан-тоқаш өнімдерін пісіретін дүкендер мен киім тігу, жиһаз өндіру, қызмет көрсету салаларына  қатысты. Мәселен, Алматы облысында экоауыл жобасы бар. Астанада көп жағдайда омарташылықпен айналысады. Аршалы ауданында «Арнасай» жасыл технологиялар орталығы бар. Оның қасында грантқа салынған шағын қонақ үй де салынды. Орталық қалаған барлық тұрғындарға ауыл шаруашылығында жасыл технологияны қалай қолдануға болатыны туралы тренингтер өткізеді. Сондай-ақ, онда экоүйлер мен бақ салынып, шағын туристік экоорталық жасақталған болатын. ЭКСПО кезінде «Жасыл экономика»  коалициясы балаларға арналған алаңды жасақтап, үш ай бойы қызмет көрсетті.

-Болашаққа  қандай жоспарларыңыз бар?

-Қазір жоба өте белсенді  әрі даму  әлеуеті жоғары. Қатысуға ниет білдірген әйелдердің қатары өсіп келеді. Жобаны өте жылдам қарқынмен одан әрі дамытуға ниеттіміз.

-Сұхбатыңызға рақмет!

Аягөз Құрмаш 

Оқи отырыңыз: 

Бизнестегі әйелдер: Бізге моральдық әрі материалдық қолдау қажет

Жеңіс Қасымбек: Қазір 537 мың, 1 миллионға жеткіземіз

Ян Аарт Шольте: Дүниежүзі байлығының 50 % адамдардың 1 % өз бақылауында ұстап отыр

Тәуекелдерді басқару бюджеттің түсімін 2025 жылға дейін 5,5 трлн теңгеге арттырады

Жастар кәсіпкерлігін қолдау қалай жүзеге асырылады?

 

 

 




Яндекс.Метрика