- Басты
- IX Азаматтық форумның ерекшеліктері
IX Азаматтық форумның ерекшеліктері
Елімізде осы аптадан бастап «Қоғам және мемлекет: #Birgemiz әріптестік пен дамудың 30 жылы» IX Азаматтық форумы онлайн форматта өткізіліп жатыр. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов форумның мақсаты мен жұмыстары жөнінде айтып берді. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, форум ашық диалог және қоғамның ұлттық бірлігін нығайту, азаматтық бастаманы дамыту үшін үкіметтік емес ұйым мен мемлекеттік органдар өкілдерінің күш-жігерін жұмылдыруды мақсат етеді.
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлеповтың айтуынша, IX Азаматтық форумның 30 жылдық қарсаңында өткізілуі тегін емес.
«Бұл форум еліміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында өтіп отыр. Сондықтан да мұнда көтеріліп отырған мәселелердің барлығы өзекті. Өйткені ел әлеуетін көтеру, ішкі бірлік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету – мемлекеттің үнемі назарда ұстап келе жатқан ұстанымы», - деді вице-министр.
Форумның ерекшеліктері
1. Форум көпшілікке қолжетімді
Вице-министрдің дерегінше, форумның бағдарламасыы бойынша, таңғы 7.00-ден – түнгі 24.00-ге дейін жалғасады. Оны ютубтағы және әлеуметтік желілердегі парақшаларында тікелей көрсетілімдер ұйымдастырылған.
«Бұрынғы форумдарға республиканың барлық аймағынан санаулы делегаттар сайланып, бар-жоғы 800-дей адам қатысып келсе, биыл онлайн форматтағы форумда қатысушылар санына шектеу жоқ. Азаматтар республиканың кез-келген өңірінен онлайн қосылып, қоғамды толғандыратын түйіткілді мәселелер бойынша дискуссиялық алаңдарға қатысуға мүмкіндік алды», - деді Болат Тлепов.
Оның сөзінше, қазірдің өзінде форумның шараларын 7500 адам онлайн көрген, оның ішінде ютуб арқылы – 1500, фейсбутегі парақша арқылы 3400-ден аса адам тамашалаған.
2. Сұхбат алаңдарына өңірлік үкіметтік емес ұйымдар қатысып жатыр
«Кәсіби үкіметтік емес ұйымдар тек ірі қалаларда ғана деген пікір бар. Мұны биылғы форумның жұмысы толықтай жоққа шығарады. Өйткені біздің шараларға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарындағы ғана емес, шалғай аудан көлемінде жұмыс жасайтын қоғамдық бірлестік жетекшілері қатысуда. Мысалы, Түркістан облысынан ауданыдық «Киелі Қазығұрт» қоғамдық қоры, Қостанай облысы Амангелді ауданынан «Амангелі ауданының жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі, Жамбыл облысы Жуалы ауданынан «Ақбұлақ» қоғамдық бірлестігі және басқа да осы сияқты аудан көлемінде жұмысын бастап жатқан жаңа ұйымдар атсалысты», - деді Болат Тлепов.
Оның айтуынша, бұл ұйымдар форумға атсалысып қана қоймай, өз тәжірибелерімен бөлісу мүмкіндігіне ие болды. Бұған дейін республикалық форум қарсаңында 17 облыста өңірлік азаматтық форумдар өткізілген болатын. Оның дерегінше, форум аясында 150-ден аса ұсынымдар келіп түскен.
3. Шараларды ұйымдастыруға үкіметтік емес ұйымдар қатысуда
Вице-министрдің сөзінше, биылғы сұқбат алаңдары, дөңгелек үстел, дискуссиялар мен тренингтердің тақырыбын және мазмұндық толықтығын ұйымдастыруды салалық кәсіби қоғамдық ұйым жетекшілерінің өздері қамтамасыз еткен.
«Мәселен, сыбайлас жемқорлық тақырыбында Қазақстандағы Парламентаризмді дамыту қорының жетекшісі Зауреш Батталова, қоғамдық бақылау бойынша «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахим Ошақбаев, Қазақстанның экологиялық ұйымы қауымдастығының төрайымы Айгүл Соловьева, әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша Эмин Аскеровті атап өтуге болады», - деді ол.
4. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың кеңінен қатысуы
Оның пікірінше, форум қатысушылары министрлік басшыларымен онлайн форматта кездесіп, пікірлесуге және саланың маңызды мәселелерін талқылауға мүмкіндік алды.
«Нақты айтқанда, 12 орталық мемлекеттік орган басшысы қоғамдық ұйым жетекшілерімен кездесті. Олардың қатарында Денсаулық сақтау министрі А. Цой, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусин, Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, Әділет министрі М. Бекетаев секілді министрлер бар», - деді вице-министр.
Жалпы, 40-тан астам түрлі форматтағы сұқбат алаңдары құрылған. Сонымен қатар, форум аясында 2 ірі іс-шара, атап айтқанда «Өзгерістердің саруарлары» - Social lift платформасының таныстырылымы» және «Донорлар форумы» өткізілгенін атап өткен жөн.
Бұдан бөлек, 27 қарашада «Қоғам және мемлекет: #Birgemiz әріптестік пен дамудың 30 жылы» тақырыбында Азаматтық форумның пленарлы отырысын өткізу жоспарланған. Вице-министрдің сөзінше, онда өткізілген іс-шараларды қорытындылай отырып, қоғам мен мемлекеттің сенімді серіктестігінің бағыттарын айқындайтын ұсынымдар қабылданбақ.
-
SAILAU TALKS 2021: «Сайлау науқанында жастардың азаматтық, саяси белсенділігі артты»
-
Жаңа экологиялық кодекстің мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
«Адамдарға көмектесу-мақтаныш емес, азаматтық борышым». Жүкті әйелді босандырып алған полицейдің әңгімесі
-
Жастар үшін мүмкіндік: «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» жобасының ерекшеліктері
-
Балаларды кітап оқуға қызықтыру: «Оқуға құштар мектеп» жобасының ерекшеліктері
-
«Тыңдайтын мемлекет» тұжырымдамасы мен азаматтық қоғамды дамыту үшін қандай іс-шаралар іске асуда
-
Белсенді азаматтық қоғам - білікті мемлекеттік басқарудың кепілі
-
Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін онлайн мектеп: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Сыбайлас жемқорлық: Халық пен билік арасында диалог бар ма
-
А.Балаева: Азаматтық қоғамды 2025 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы әзірленді
-
Қазақстан азаматтық белсенділікті арттырудың арқасында демократияны нығайтуда - The Washington Times
-
Азаматтық қоғамды қалыптастырудың өзекті мәселелері
-
Заң азаматтық қоғамының дамуына септігін тигізеді – Е.Саиров
-
Қоғамдық және азаматтық бақылауды күшейту керек - А.Шпекбаев
-
Елордада Азаматтық қоғамды дамыту тетіктері талқыланды

