- Басты
- Жаңалықтар
- IV тоқсандағы оқу форматы мен мектепке қабылдау тәртібі
IV тоқсандағы оқу форматы мен мектепке қабылдау тәртібі
Бүгін ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз мәжілісінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова IV тоқсандағы оқу форматы туралы баян етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

III тоқсанда 1,1 млн оқушы қашықтан оқыды
Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, елімізде дәстүрлі форматта 2,3 млн (66,3 %) оқушы, қашықтан - 1,1 млн (33,7 %) оқушы III-тоқсанды аяқтаған. Қазіргі күні ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың айтуынша, үкімет жанындағы коронавирус инфекциясын таратуға жол бермеу бойынша ВАК ұстанымы, Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысы үстіміздегі жылдың 25 наурызында бекітілген.
«IV тоқсанда өңір тәуекелі төмен немесе орташа аймақтарда болған жағдайда барлық оқушы оқытудың аралас форматына көшеді, яғни пәндердің бір бөлігі – дәстүрлі, бір бөлігі – қашықтан оқытылады. 300 оқушыға дейінгі контингенті бар мектеп дәстүрлі жұмыс режимін жалғастырады», - деді Шолпан каринова.«1 сынып-1 кабинет» қағидаты
«Міндетті мектеп формасын киюдің қажеті жоқ, сабаққа еркін және ұқыпты киімде қатысуға рұқсат етіледі. Ауысымдар бойынша сыныптар санын, сондай-ақ жекелеген пәндерді қашықтан оқытуды мектеп дербес белгілейді», - деді вице-министр.Сонымен қоса, Шолпан Каринова министрліктің негізгі пәндерді штаттық форматта оқытуды, музыка, көркем еңбек, информатика, құқық негіздері, графика және жобалау, кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәндерін қашықтан өткізуді ұсынғанын, дене шынықтыру сабақтарын таза ауада өткізуге ұсыныс берілгенін атап өтті.
«Тәуекелі жоғары аймақта орналасқан өңірлерде оқыту форматы 1 - 5, халықаралық мектептерде 1-7 сыныптар, 9, 11 (12) сыныптар-аралас форматта, 6, 7, 8, 10 сыныптар үшін - қашықтық форматындағы жұмыс режимі сақталады. Сонымен қатар, 1-сыныпқа келетін балалардың құжаттарын қабылдау 1-сәуірден басталады», - деді ол.Мектепке қабылдау тәртібі
Бұдан бөлек, вице-министр мектепке алты жасқа толған, сонымен қоса ағымдағы күнтізбелік жылы, яғни 6-ға толатын балаларды қабылдайтынын еске салды.
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады:
- Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- «Бала денсаулығы паспорты»;
- 3х4 көлеміндегі 2 фото.
«Мектепке бірінші аумақтық қызмет көрсету бойынша өтініш білдірген үш үміткер, тек содан кейін қызмет көрсету аумағынан тыс 1 (бір) үміткер оқуға қабылданатынын назарларыңызға ұсынамыз», -деді ол.Сонымен бірге, ол мектепке қабылдау барысында білім беру ұйымы оқуға қабылдау қағидаларында көрсетілмеген құжаттарды талап етуге құқығы жоғын атап өтті.
Айта кетейік, 2021-2022 оқу жылы республика бойынша 1 сыныпқа келетін балалардың болжамды саны 340 мыңнан асады.
Мектеп түлектерінің қорытынды аттестациясы қалай өтеді
9-сынып оқушылары 3 емтихан тапсыратын болады:
- оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан;
- математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;
- өзге тілдерде оқитын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан.
11-сынып оқушылары 4 емтихан тапсырады:
- оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан;
- алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;
- Қазақстан тарихынан тестілеу;
- өзге тілдерде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу.

-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері

