- Басты
- Жаңалықтар
- IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде «Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркінің PR, маркетинг және ивенттер кеңсесінің директоры Марат Шәкен биыл Аstana Hub IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасы іске қосылатынын жеткізді. Қаржыландыруға қандай жобалар қолайлы және қалай өтініш беру керектігі туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

«Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркінің PR, маркетинг және ивенттер кеңсесінің директоры Марат Шәкен 2018 жылы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Astana Hub» ашылғанын атап өтті. Оның басты міндеті - стартаптарды, экожүйелерді дамыту, стартаптардың кез келген нысандарын түрлі сатыларда қолдау болып табылады.
Оның айтуынша, «Astana Hub» бастапқы сатыдағы стартаптарға арналған инкубациялық бағдарлама немесе акселерациялық бағдарлама сияқты оқыту бағдарламалары түрінде материалдық емес қолдау көрсететінің атап өтті. Сондай-ақ өз қатысушыларына салықтық және визалық преференциялар ұсынады.
«Seed money» бағдарламасы
Марат Шәкеннің дерегінше, «Astana Hub» орбитасында 638 стартап барлық бағдарламалардан өткен. Сонымен қатар, 507 компания, қатысушылар болып табылатынын жеткізді.
«Оларға салық жеңілдіктері жасалып отыр, сондай-ақ «Astana Hub» - қа аударатын табыстарының 1% түрінде қарсы міндеттемелерге ие. Алғашқы аударымдар өткен жылдың жазында түсе бастады, қазір біз қаржыландыру ретінде экожүйені дамытуға қайта инвестициялауға дайын белгілі бір сома жинақталды», - деді Марат Шәкен.
Ол қаржыландырудың, инвестициялардың болмауы - барлық стартаптардың басты проблемаларының бірі екенін атап өтті. Соны ескере отырып, «Astana Hub» дамудың әртүрлі кезеңдерінде IT-стартаптарды қаржыландырудың жаңа бағдарламасы – «Seed Money» бағдарламасын әзірлеген.
Стартаптарды қаржыландыру
«Қолдаудың бұл түрі MVP, product/market fit және scale сатыларында IT-стартаптар үшін қолжетімді, яғни шартты түрде – жаңадан бастаушылардан бастап дамығандарға дейін қолдана алады», - деді «Astana Hub»IT-стартаптар халықаралық технопаркінің өкілі.
Оның дерегінше, «Seed money» бағдарламасы стартаптарды үш кезең бойынша қаржыландырады. Алғашқысы MVP кезеңі - бұл стартаптың алғашқы қолданушылары, идеясы, өнімі бар кезеңде жүзеге асырады. Бұл кезеңде 5 млн теңгеге дейін қаржыландыратындарын жеткізді. Сондай-ақ, екінші кезеңі - егер стартаптың бизнес-моделі, клиенттері, тіпті инвестициялары болған кезде кезеңде 10 млн теңгеге дейін беріледі. Ал үшінші кезең - бұл 6 ай ішінде нәтиже көрсеткен, экономикаға оң әсерін тигізген және тиісінше дамуға дайын стартаптар үшін 20 млн теңгеге дейін қаржы берілетінін жеткізді.
«Seed money»-ді қайда жұмсауға болады
Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркінің қатысушыларды қолдау кеңсесінің директоры Анна Баталованың айтуынша, бұл бағдарламаға жеке тұлға да, заңды тұлға да, Қазақстан Республикасының резиденті немесе резиденті еместер де үміткер бола алатынын атап өтті
«Біз талап еткен барлық ақпаратты міндетті түрде орналастыруға тиіс. Өтінімдерді тәуелсіз комитет жүргізеді, ол үш адамнан тұрады және олардың әрқайсысы өз бағыттары бойынша технологиялық бағалау, стартапты қаржылық-экономикалық және құқықтық бағалау арқылы анықтайды», - деді ол.
Оның мәлімдеуінше, комиссия өз қорытындысын тәуекел-менеджерге беріп, өз ескертулерін, ұсыныстарын жасайды. Одан кейін тәуелсіз комиссия комитеттің қорытындысын қаралады. Егер орынды деп танылса, стартаптарды онлайн презентацияға шақырады екен.
«Жобалар төрт бағыт бойынша таңдалады. Олар команданы бағалау, нарық көлемі, технология және прогресс. Рейтинг көшбасшыларымен «Seed money» бағдарламасына қатысуға шарт жасалады», - деді Анна Баталова.
Оның айтуынша, бағдарлама аударымдар есебінен алғаш рет іске қосылған. Қаржыландыру бағдарламасына қатысқан кезде стартаптар қарсы міндеттемелер ретінде үш жыл ішінде табыстың 1% - ын аударуы тиіс.
Қаржылық айналым
Сонымен қатар, «Astana Hub» «Seed money» стартаптарды қаржыландыру бағдарламасына өтінімдер қабылдау 18 қыркүйекке дейін жалғасады
Марат Шәкен «Astana Hub»-тың Seed money стартаптарды қаржыландыру бағдарламасы алғаш рет жүзеге асырылып отыранын атап өтті. Бұл пилоттық бағдарлама қазір өтінімдерді қабылдауда.
«Егер MVP сатысындағы өніміңіз болса, 18 қыркүйекке дейін, product/market fit - 4 қыркүйекке дейін, ал scale 21 тамызға дейін жабылады», - деді Марат Шәкен.
Сондай-ақ, оның айтуынша бөлінген қаржыны өнімді дамыту мен маркетингтік шараларға жұмсау үшін нақты тәртіптер бар екенін ескертті. Стартаптар өздерінің мақсатты шараларына қаржыны жұмсай алмайды. Өйткені есеп жүргізілетінін атап өтті. Сонымен қатар, қаржыландыру туралы бар ақпарат «Astana Hub-тың» ресми сайтында бар.

-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды
-
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар
-
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі
-
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы
-
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды
-
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары
-
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай
-
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары
-
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру
-
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары
-
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті
-
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті

