• Басты
  • Ішкі нарықтағы сұраныс отандық азық-түлік тауарлары есебінен жабылады – Б.Сұлтанов
28 Сәуір, 2020 09:15

Ішкі нарықтағы сұраныс отандық азық-түлік тауарлары есебінен жабылады – Б.Сұлтанов

Ішкі нарықтағы сұраныс отандық азық-түлік тауарлары есебінен жабылатыны айқын. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Ішкі нарықтағы сұраныс отандық азық-түлік тауарлары есебінен жабылады – Б.Сұлтанов

Министр азық-түлікпен қамту бойынша Үкімет алдындағы міндеттерді атап өтті.

«Халықтың қажеттілігін, аграрлық және азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету. Азық-түлікпен бірінші кезекте қажетті тауарлардың бағасын тұрақтандыру. Бұл маусымаралық кезеңдерде маңызды. Отандық өндірушілердің шығындары мен жоғалтуларын азайтып, өнімиділігін арттыру. Сондай-ақ, тиімді логистиканы дамыту мен экспорттық каналдарды арттыру», - деді Б.Сұлтанов.

Сондай-ақ, ол азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жағдайы ұзақмерзімді азық-түлік сақтау үшін сапалы инфрақұрылымның жетіспеушілігімен сипатталатынын жеткізді.

«Біз қазақстандық тауарларды сақтау мен логистикаға жұмсалатын шығыстардың ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізу кезінде ауыртпалықтың болуын біздің бәсекелестік артықшылығымызға айналдырыуымыз керек.Азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жағдайы ұзақмерзімді азық-түлік сақтау үшін сапалы инфрақұрылымның жетіспеушілігімен сипатталады. Ол ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шығындарын арттырады. Екіншіден, сауда-логистикалық инфрақұрылым нысандарының бір-бірімен дұрыс үйлеспеуі, тұтынушыға тауардың жету жолын қиындатады. Сауда өнімінің ескі форматы бағаны тұрақтандыруға жол бермейді. Осымен бірге көлік-логистикалық жүйенің қымбаттылығы мен төмен тиімділігі транзиттік мүмкіншіліктер мен экспорттық әлеуетті толық ашуға қиындатады», - деді ол.

Сонымен қатар, министр ішкі нарықтағы сұраныс отандық азық-түлік тауарлары есебінен жабылатынын айтты.

« Алайда, қазіргі инфрақұрылым мен жетілдірілмеген логистика, тауар айналымына қатысушылардың өзара нақтыланбаған іс-қимылы бағаның өсуіне алып келеді. Әсіресе, маусымаралық кезде оны әрбір тұрғын сезінеді. Жыл сайын ақпаннан мамырға дейін егін қоры таусылып, көрші елдерден жаңа өнім келе бастағанда біз бағаның тұрақсыздығын байқамыз. Бұл инфляцияға кері әсерін тигізеді», - деді Б.Сұлтанов.
Аягөз Құрмаш
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды