- Басты
- Ішкі істер министрінің қабылдауына 100-ден астам адам жазылды
Ішкі істер министрінің қабылдауына 100-ден астам адам жазылды
Еліміздің әр аймағынан келген тұрғындар министрге өз мәселелерімен, ұсыныстарымен және шағымдарымен жүгінуде.
Олардың қатарында-қылмыстық істерді тергеудің толықтығы мен сапасы, полиция қызметкерлерінің шара қолданбауы, мүлікті ресімдеудің заңдылығын, автокөлікті есепке қою, айыппұл төлеу, қызметке қайта қабылдау, сондай-ақ даулы азаматтық-құқықтық мәселелер мен ішкі істер органдарының қызметіне қатысты емес басқа да мәселелер бар.
Бірқатар сұрақтар бойынша Ерлан Тұрғымбаев толық түсініктеме берді. Қосымша зерттеуді қажет ететін материалдарды министр жеке бақылауға алды.
Барлық өтініш білдірушілерді қабылдау және бірде-бір өтінішті назардан тыс қалдырмау үшін қабылдауды Министр, сондай-ақ оның орынбасарлары мен ІІМ қызметтерінің бастықтары жүргізуде.
«Азаматтардың министрлікке тікелей жүгінуге мәжбүр екені жергілікті жерлерде олардың проблемалары шешілмей жатқанын көрсетеді. ІІМ-де азаматтардың өтініштері мен арыздарын қарау және шешу жөніндегі жұмысты талдайтын арнайы топ құрылды, оның жұмыс нәтижесі бойынша аумақтық бөліністер басшыларының жұмысына баға беріледі. Азаматтардың бір де бір өтініші мен мәлімдемесі назардан тыс қалмауы керек», - деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.
Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні халықтың проблемаларының ең көп санын барынша қамту және шешу үшін аймақтық полиция департаменттерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары халықты қабылдайды.
Департамент бастықтарына халық айтқан барлық мәселелер мен шағымдарды, сондай-ақ оларды қарау нәтижелерін ІІМ зерттейтін болады.
-
2020 жылы 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды
-
Халықты ауыз сумен қамту: Заң жобасына қандай өзгерістер мен түзетулер енгізілді
-
Сайлау-2021: Белгілі өнер адамдары өз таңдауын жасады
-
Қазақстанның зейнетақы реформалары: өзгерістер мен нәтижелер
-
«Қоғамдық кеңестер туралы» заңға қандай өзгерістер енгізілді
-
Ақберен Елгезек: Президент құр сөз болып қалатын дүниелерді емес, орындалуы тиіс нақты істерді айтты
-
Мүгедектігі бар адамдар растайтын құжаттарды енді онлайн ала алады
-
Қазақстанда 858 мыңнан астам адам АӘК алды
-
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады
-
Қазақстандықтарға 334 млрд теңгеден астам қаражат жәрдемақы түрінде берілді
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,2 трлн-нан астам теңге зейнетақы төленді
-
«Ел үміті» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асып жатқан жобалар
-
Адам құқықтары – жаһандық және ұлттық басымдық
-
ҚР Тұңғыш Президенті күні: Н. Назарбаевтың үздік бастамалары мен пайдалы шешімдері

