• Басты
  • Іріктеу жеңімпаздарының орташа жасы 31 жасты құрады - А.Жаилғанова
25 Желтоқсан, 2019 11:28

Іріктеу жеңімпаздарының орташа жасы 31 жасты құрады - А.Жаилғанова

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова резервшілер тізіміне жеке сектордан 106 өкіл, 98 - квазимемлекеттік сектордан  және 96 - мемлекеттік қызметші кіргенін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Іріктеу жеңімпаздарының орташа жасы 31 жасты құрады - А.Жаилғанова

"Үміткерлердің 57%-да алдыңғы қатарлы шетелдік білімі бар, 43%-ы -қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектері. Іріктеу жеңімпаздарының орташа жасы 31 жасты құрады. Бұл ретте резервшілердің экономиканың түрлі салаларында айтарлықтай тәжірибесі бар. Олардың көпшілігі ірі шетелдік және трансұлттық компанияларда жұмыс істейді немесе жұмыс істеген",-деді А.Жаилғанова.

Сондай-ақ,ол цифрлық технологияларды қолдану іріктеудің ашықтығы мен ұтқырлығын қамтамасыз етті, бұл жас қазақстандықтарға олардың орналасқан жеріне қарамастан қатысуға мүмкіндік бергенін айтты.

"Кең өңірлік ұсынымдылықты атап өткен жөн. Қатысушылар арасында еліміздің барлық өңірлерінің, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің (Әзірбайжан, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Түркия және Франция) өкілдері бар. Өткен қатысушылардың толық тізімі Pkrezerv.kz сайтында жарияланды. Қазіргі уақытта іріктелген 300 резервші салалар бойынша сараланған. Олардың кейбіреулері жақын арада мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін деп күтілуде",-деді А.Жаилғанова.

 Сондай-ақ, А.Жаилғанова Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу 6 кезеңнен тұрғанын айтты.

"Бұл-құжаттарды қабылдау, қабілеттерді тестілеу, тестілеуді верификациялау, әлеуетті бағалау, Сарапшылық комиссия мүшелерімен әңгімелесу және ҚР Президенті жанындағы жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия отырысымен жүзеге асырылды",-деді ол.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды