• Басты
  • Ірі сауда орталықтарының жұмысы шектеледі

Ірі сауда орталықтарының жұмысы шектеледі

16 Наурыз, 2020 10:10
Қазақстанда коронавирус COVID-19 пандемиясы салдарынан төтенше жағдай енгізу туралы Президент Жарлығын орындау мақсатында және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында сауда және интеграция министрлігі бірқатар шараларды қабылдады.

Санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, ірі сауда объектілерінің жұмыс істеуіне 10 сағаттан 18 сағатқа дейін шектеу белгілеу, сауда объектілерінің аумағында кинотеатрлар, балалар орталықтары, басқа да ойын-сауық алаңдары жабылуы тиіс, азық-түлік дүкендері, азық-түлік супермаркеттері мен азық-түлік базарлары санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, әдеттегі режимде жұмыс істеуі тиіс, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді сату тек оралған күйінде жүзеге асырылады.

 «Санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, азық-түлік емес базарлардың жұмысына сағат 11-ден 17-ге дейін шектеу белгіленсін», - делінген хабарламада.

 

Барлық жаңалықтар