• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері

Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері

26 Қазан, 2021 13:25

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде ҚР ҚМ МКК ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Ануар Сүлейменов ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру нәтижелерін баяндады. Оның мәліметінше, ірі бизнес субъектілерінен мемлекеттік бюджетке 3 трлн теңге түскен. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер

ҚР ҚМ МКК ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Ануар Сүлейменовтің айтуынша, 2020 жылы халықаралық валюта қоры сарапшыларының ұсынымы бойынша мемлекеттік кірістер комитетінің құрамында ірі салық төлеушілер департаменті құрылған. Оның функцияларына салықтық әкімшілендіру және ірі бизнес субъектілерін мониторингтеу мәселелері кіретінін жеткізді. Сондай-ақ, халықаралық валюта қорының сарапшылары халықаралық практикада фискалдық әкімшіліктер ірі салық төлеушілерді жаппай салықтық бақылау әдістеріне жүгінетінін атап өтті. Оның мәлімдеуінше, мониторингте тұрған 343 салық төлеуші ірі бизнес субъектілері болып табылады, оның ішінде 98 – жер қойнауын пайдаланушылар, 244 – экономиканың әр түрлі секторларындағы ірі салық төлеушілер. Мемлекеттік бюджетке 43,7% - және республикалық бюджетке 51% - дан астам салық түсімдер тиесілі.

«Осыған қарамастан, біз бизнеспен әріптестік қарым-қатынас құру жолын таңдадық. Ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ірі бизнес субъектілерінен мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер 36%-ға ұлғайып 3 302,3 миллиард теңгені құраған. Соның іщінше, республикалық бюджетке түсімдер 50%-ға ұлғайып 2 520,7 миллиард теңгені құрады», - деді Ануар Сүлейменов.

Экономика секторлары бойынша түсімдердің ұлғаюы:

- көтерме және бөлшек сауда 26%-ға немесе 274,8 млрд. теңгеге өсті;

- өңдеу өнеркәсібі 17,4%-ға немесе 184,8 млрд. теңгеге өсті;

- қаржы және сақтандыру қызметі, жылжымайтын мүлікпен операциялар 14,2%-ға немесе 151 млрд. теңгеге өсті;

- құбыржолы арқылы тасымалдау 38,7%-ға немесе 33 млрд.теңгеге өсті.

Ануар Сүлейменовтің сөзінше, түсімдердің ұлғаюы пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіру және салықтық әкімшілендіру сапасын жақсарту кезеңіне сәйкес келген. Осы орайда, әкімшілендіру сапасының жақсаруына тәуекелдерді бағалау жүйесі ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, салықтық тексерулерді тағайындау әсер еткен. Сонымен қатар, осы жүйені қолдану тәуекел дәрежесін бағалау көрсеткіштері негізінде салықтық тексерулер үшін ірі бизнес субъектілерін нақты іріктеуге мүмкіндік берген.

«Мұнда тексерулер тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған салық төлеушілерге қатысты тағайындалады. 2021 жылғы 9 айда ірі салық төлеушілерді 34 салықтық тексеру аяқталды. Жүргізілген тексерулердің нәтижесі бойынша 46,5 млрд теңге салықтар мен өсімпұлдар қоса есептелді», - деді ол.

Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтық бақылауы

Салық төлеушілер департаментінің директорының мәлімдеуінше, жер қойнауын пайдаланушылар республикалық бюджеттің 35%-ы және Ұлттық қордың 99,9% дейінгі түсімдерді қамтамасыз етеді. Яғни, елдің негізгі донорларының бірі болып табылады. Осы ретте, ол жер қойнауын пайдаланушылардың салық заңнамасын бұзуына қатысты тоқталып өтті.

1.     Көп сатылы құрылымдалып әзірленген күрделі схемалар;

2.     Салық кодексінің нормаларын өз пайдасына ерікті түрде түсіндіру арқылы салық салудан жалтару әрекеттеріне тыйым салынады.

Оның айтуынша, бұл бұзушылықтар басқа салық төлеушілерден ерекшелендіреді. Сонымен қатар, бұзушылықтар негізінен күмәнді кәсіпорындармен өзара әрекеттесулерден тұрады. Осыған байланысты, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтық мониторингі мен салықтық тексерулері үшін қарқынды тәсіл таңдап алынған.

Сандық талдаудан сапалық талдауға тұрақты орын ауыстырылуда. Бұл ретте салықтық бақылау құралдарының кең спектрі пайдаланылады, ол мыналарды қамтиды:

1)      кәсіпорынның өндірістік процесін мұқият зерттеу;

2)      салалық және халықаралық уәкілетті органдармен тығыз өзара іс-қимыл;

3)      жер қойнауын пайдаланушыларға арналған келісімшарттарды және өндірістік есептерді талдау;

4)      қаржылық есептілікті талдау;

5)      кен орнын игерудің ұқсас шарттары бар жер қойнауын пайдаланушылармен қаржылық көрсеткіштер мен келтірілген шығындарды салыстыру;

6)      тәуекел операцияларын анықтау мәніне БАҚ тұрақты мониторингі;

«Бұл тәсіл күштерді дұрыс бағытта шоғырландыруға мүмкіндік береді, бұл өзінің оң нәтижелерін береді. Осы шаралардың нәтижесінде 2021 жылдың өзінде ғана бізге бюджетке қосымша резервтердің 100 млрд теңгесіне жуығын іздестіруге мүмкіндік берді», - деді Ануар Сүлейменов.

Сондай-ақ, ол салықтық тексерулер сияқты превентивті бақылау шараларымен қатар біз іс жүзінде салық салынатын базаны – ірі салық төлеушілерді мониторингтеуді айқындау мақсатында қаржы-шаруашылық қызметті талдауды жүзеге асыратынын жеткізді.

Барлық жаңалықтар