• Басты
  • Ипотерапия әдісі нәтижені 80 пайызға арттырады - Қ.Нұрмұхамбет

Ипотерапия әдісі нәтижені 80 пайызға арттырады - Қ.Нұрмұхамбет

4 Қараша, 2019 11:07

Елордада "Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары" атты республикалық көрме  өтті. Осымен жетінші рет ұйымдастырылған көрмеге еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 224 жоба ұсынылып, оның 59-ы үздік деп танылды. Кейін комиссия мүшелері үздіктердің үздігін саралап, Алматы облысы Қарасай ауданынан келген Қуаныш Нұрмұхамбеттің "Ат үстіндегі оңалту" әлеуметтік жобасын жоғары бағалады. Сөйтіп аталған жоба үздік әлеуметтік жобалардың жеңімпазы атанды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

"Мен Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласынан келіп отырмын. "Рақым" қайырымдылық қорында балаларға арналған оңалту орталығы бар. Орталық үш жыл бойына апробация кезеңінен өтті. Ол жерде көптеген зерттеулер жүргізілді. Сонда біз атпен серуендету арқылы ипотерапия әдісімен ДЦП, даун синдромы, аутизм, дюшен секілді аурға шалдыққан балаларды емдейміз. Мен осы "Ат үстіндегі оңалту" жобасының авторы әрі сол жерде нұсқаушымын", - деді Қуаныш Нұрмұхамбет.

Сондай-ақ, оның айтуы бойынша, қазіргі таңда атлаған орталықта ипотерапия әдісімен 70 бала ем қабылдауда. 

"Бүгінгі күні Қаскелең қаласында осы ат үстіндегі оңалту жобасы арқылы 70 бала емделіп жатыр. Бізде барлығы тегін. Мекемеде білікті, ерекше балалармен жұмыс істей алатын, сертификатталған мамандар қызмет атұарады. Олар балаға ат үстінде отырғанда түрлі жаттығулар жасатады. Жылқы жануары минутына шайқау арқылы 100 импульс береді балаға. Жылқының жамбас жүрісімен баланың бел омыртқасы арқылы миға сигнал барады. Біздің балаларды таңғы 8-де арнайы көлікпен алып кетіп, кешкі 4-те кері алып кетеді", - дейді жоба авторы. 

Сонымен қатар жоба жетекшісі емдеу барысында кешенді оңалтуға балама ретінде аталған әдісті қолдану нәтижені 8о пайызға арттыратынын атап өтті.

"Бұған дейін 40 балаға қызмет көрсеттік. Соның ішінде аталған ипотерапияның көмегімен бірқатар бала жақсы нәтиже көрсетті. Себебі кешенді оңалтуға балама ретінде аталған әдісті қолдану нәтижені 8о пайызға арттырады. Мәселен, Назерке деген қыз емделді. Жалпы олар толықтай жазылып кетпейді. Дегенмен ол өздігінен жүруге үйренді. Тағы Мейіржан деген бала алғаш келгенінде сатымен жай жүретін, аяғы талып қала беретін. Қазір өзінің айтуынша баспалдақпен тез-тез жүріп үйренген әрі аяғы да талмайды. Көп балалар адамдарға тіке қарап, олармен жақсы қарым-қатынас орнатуда. Ата-аналар ипотерапиядан жақсы динамаика көріп отырғандықтарын айтады", - деді ол.

Назерке Сүйіндік
Барлық жаңалықтар