• Басты
  • Инвесторлардың мәселелерін Бас прокуратура мен KAZAKH INVEST бірлесіп шешеді
5 Желтоқсан, 2019 12:38

Инвесторлардың мәселелерін Бас прокуратура мен KAZAKH INVEST бірлесіп шешеді


 Бас прокуратура мен «KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Инвесторлардың мәселелерін  Бас прокуратура мен KAZAKH INVEST бірлесіп шешеді

Меморандумның  басты мақсаты – инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша прокуратура органдары мен KAZAKH INVEST арасындағы бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыру. 

Айта кететін жәйт, инвестициялық ахуалды жақсарту- еліміздегі өзекті  мәселелердің бірі болып табылады. Бизнесті дамыту, оның ішінде шетелдік инвесторларды  қолдау Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. 

Сондықтан прокуратура органдары кешенді жұмыс жүргізуде.

Осы ретте прокуратура органдарының тікелей қатысуымен мемлекеттік органдарды тексеру 2 есеге азайған. Бизнеске қойылатын талаптар 40% - кеміген. Тексеру  мерзімі 30 күннен 15 күнге дейін, рұқсат беру құжаттарының саны 708-ден 316-ға дейін қысқарды.

Сондай-ақ, 23 құрам бойынша қылмыстық жазалардың мөлшері төмендетілді. Жалған кәсіпкерлік қылмыстық сипаттан арылды.  Сондай-ақ, қылмыстық жауаптылықтың басталу шегі ұлғайтылды, СДТБТ-да тіркеу тәртібі өзгертілді (анықталған залалсыз, тексеру актісіз тіркеуге болмайды).

Атап өтетіні, аталған меморандум инвесторлардың өтініштеріне жедел әрекет етуге айтарлықтай септігін тигізеді. 

Бұл өз кезегінде шетелдік инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасауға, еліміздің тартымдылығын арттыруға ықпал етеді. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды