• Басты
  • "Инвесторлар мектебі" мен Invest day 2020 іс-шарасының қорытындысы шықты
2 Шілде, 2020 17:25

"Инвесторлар мектебі" мен Invest day 2020 іс-шарасының қорытындысы шықты

Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінде екі ірі іс-шараның қорытындысы шығарылды: біріншісі - инвесторларға арналған "Инветорлар мектебі" білім беру курстары, екіншісі - инвестиция тартуға қауқарлы стартаптар мен Invest Day 2020 инвесторларына арналған жабық іс-шара. Бұл іс-шаралардың барлығы Қазақстанда "IT BUSINESS-ANGEL" бизнес-періштелік мәдениетін дамыту бағдарламасы аясында өткізіліп жатыр, деп хабарлады баспасөз қызметі.

"Инвесторлар мектебі" мен Invest day 2020 іс-шарасының қорытындысы шықты

“Инвесторлар мектебі” бағдарламасы - бизнес иелері, инвесторлар мен бизнес-періштелерге арналған венчурлық инвестициялау бойынша қарқынды курс. Курс бағдарламасы технологиялық компанияларға инвестициялау және бағалау әдістемесі жөнінде тұтас түсінік қалыптастыруға бағытталған. Бағдарламаның екі легінің де қорытындысы бойынша инвесторлар мектебінде 77 инвесторлар мен бизнес-періштелер оқытылды. “Школа Инверстора” бағдарламасының бірінші легі ағымдағы жылдың 25-29 мамыр аралығында өтті, екіншісі 24-26 маусым аралығында жалғасын тапқан болатын. 

"Инвесторлар мектебі” бағдарламасы Қазақстан мен Ресейдің тәжірибелі инвесторларының жоба барысына кірісуі арқылы бізге қажетті базалық білім мен үздік тәжірибені ұсынды. Оқу кезінде біз инвестициялардың барлық "өмірлік циклынан" өттік - жеткізушілерді іздеуден бастап инвестициялардың пайда болуына дейін.  Сөзсіз, қатысушылар әлеуетті мәмілелерді шешу кезінде өздеріне сенімді болады, басқаша айтқанда, шолу және келіссөздер барысында алған білімдерін іс жүзінде қолдана алады. Қазақстан мен Орталық Азияда венчурлік инвестициялар экожүйесінің әлеуеті үлкен екенін атап өткен жөн. Венчурлік инвестициялар саласында білімі мен стартаптарға инвестиция жасауда тәжірибесі бар адамдар неғұрлым көп болса, Қазақстанда инновациялық және табысты стартаптар соғұрлым көп болады", - деп хабарлады Monthly Ventures венчурлық қорының басқарушы серіктесі жобаның кураторы Юрий Рабинович кремний алқабынан.

Astana Hub жаңа жобасында білім алу үшін тек отандық инвесторлар ғана емес, сонымен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, АҚШ, Италия, Франция, Швеция, Венгрия, Нидерланды, Ұлыбритания, БАӘ, Индонезия және Оңтүстік Корея инвесторлары да қызығушылық танытты. “Школа инвестора” бағдарламасына қатысу үшін барлығы 580-нен астам өтінім қабылданды.


Astana Hub өкілдері хабарлағандай, онлайн мектепті сәтті аяқтау бағдарлама түлектеріне венчурлік инвестициялар нарығында табыс табуға мүмкіндік береді, сондай-ақ түлектер қандай компанияларға инвестиция салу керек екендігін жақсы түсінген болатын.

“Школа инвестора” білім беру курсының барлық қатысушылары Invest day 2020 іс-шарасына қатысып, өз білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік алды. Іс-шара  қазақстандық және шетелдік инвесторларды, сондай-ақ ІТ саласында жобалары бар жас кәсіпкерлерді бір жерде - онлайн-алаңда жинауға мүмкіндік берді. Іс-шараның басты мақсаты - Қазақстанның инвестициялық тартымды стартаптары мен қазақстандық жобаларға қаражат құюға дайын венчурлік инвесторлар үшін іскерлік алаң ұйымдастыру.

Astana Hub баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша Invest day 2020 бағдарламасына қатысуға стартаптардан 83 өтінім келіп түскен екен. Одан 12 технологиялық жоба іріктеліп алынды: OkAuto, Paloma365, 1Fit, SEZUAL, Proportunity.kz, Green Bee, NT-SOFT, IN-VR, Logizi, OQUDA, Kid Security және Allhospital. Барлық 12 Стартап өз бизнес-жобаларын Қазақстан, Қырғызстан, Ұлыбритания, Нидерланды, БАӘ, Сауд Арабиясы, Сингапур, Индонезия сияқты елдердің 48 инвесторына ұсына алды. Іс-шараға инвесторлардан басқа Tuz Ventures, Quest Ventures және 500 startups сияқты шетелдік венчурлік қорлары қатысқан болатын.


"Біз үшін бұл жаңа тәжірибе болды. Оған қоса, бұл іс-шарада тек Қазақстандық емес, шетелдік инвесторлардың да көп болғанын ерекше атап өткім келеді. Ұйымдастыру деңгейі стартаптардың дайындық деңгейі сияқты өте жоғары болды. Мол тәжірибе жинақтап қана қоймай, іс-шарадан кейін көп ұзамай инвестормен алғашқы жеке қоңырауымызды жасадық", - дейді виртуалды (VR) және толықтырылған шындық (AR) саласындағы IN VR жобасының негізін қалаушыларының бірі Алина Абдрахманова.

Барлық жаңалықтар