• Басты
  • Инвестициялардың ұлғаюы өңірлердің көбінде байқалады – Р. Дәленов
14 Сәуір, 2020 09:30

Инвестициялардың ұлғаюы өңірлердің көбінде байқалады – Р. Дәленов

Қазіргі уақытта әлемдік экономика күрделі жағдайда.Халықаралық қаржы институттары коронавирусқа қарсы қорғану шараларының аясында жаһандық рецессияның байқалатынын және іскерлік белсенділіктің төмендігін атап өтті. Негізгі шикізат тауарларына коньюнктураның төмендегені байқалады.Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Инвестициялардың ұлғаюы өңірлердің көбінде байқалады – Р. Дәленов
«Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері келесідей.Қаңтар-наурызда жалпы ішкі өнімнің өсуі 2,7%-ті құрады.Негізгі капиталға салынған инвестициялар 5,1%-ке өсті.Жылдық инфляция 6,4%-ті құрады.Экономиканың базалық салаларында көлік пен тұру және тамақтану бойынша қызметтерді қоспағанда, оң өсу байқалады. Құрылыс 11,7, байланыс қызметтері – 10,5, өнеркәсіп – 5,8, ауыл шаруашылығы – 2,5%-ке өсті», - деді Р.Дәленов.

Сонымен бірге, министр осы жылғы наурызда 2019 жылғы наурызбен салыстырғанда жекелеген салалар төмендеу көрсеткенін айтты.

« Бұл сауда – 3,6, көлік – 4,7, тұру және тамақтану бойынша қызметтер – 12,1 және қара металлургия көлемі – 13%-ке азайды.Жалпы, өнеркәсіптің өсу қарқыны 5,8% деңгейінде сақталды.15 өңірде өсу байқалып отыр. Ең жоғары өсуді Қостанай (19,8%-ке) және Ақмола (11,9%-ке) облыстары көрсетті.Сонымен бірге 2 өңірде төмендеу тіркелді. Бұл Қызылорда (-9,8%) және Жамбыл (-2,1%) облыстары», - деді Р.Дәленов.

   Сонымен қатар, өңдеу секторында 8,8% деңгейінде өсуге қол жеткізілген.

«Бұл фармацевтика (32,2%-ке), машина жасау (30,4%-ке), құрылыс материалдарын өндіру (22,7%-ке) және жеңіл өнеркәсіптегі (14,2%-ке) қарқындардың артуымен негізделеді.Өңдеуде Жамбыл облысынан (-3,9%) басқа барлық өңірлер оң серпін көрсетті.Жоғары өсу Қостанай (26,4%-ке), Атырау (25%-ке) және Қызылорда (23,6%-ке) облыстарында тіркелді», - деді ол.

   Жалпы негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі 5,1%-ті құрады, оның ішінде жеке инвестициялар 5,4%-ке өсті.

 «Инвестициялардың ұлғаюы өңірлердің көбінде байқалады. 4 өңір бойынша төмендеу тіркелді. Олар Атырау (-5,3%), Алматы (-12,1%), Қызылорда (-52,8%) облыстары және Шымкент қаласы (-32,4%).Құрылыс секторында 11,7% деңгейінде серпінді өсу байқалады.Соның ішінде 16 өңір өсім көрсетті. Қарағанды облысы 50,8%-тік өсім көрсетті.Құрылыс бойынша Қызылорда облысы ғана төмендеуді көрсетті (-41,3%)», - деді ол.

Сондай-ақ, министр жыл басынан бері 2,6 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін айтты. 2020 жылға жоспар 15 млн. шаршы метрді құрайды.

   «12 өңірде оң өсу байқалды. Алматы (20,9%-ке) және Жамбыл (20,6%-ке) облыстарында ең жоғары өсуді көрсетті.5 өңірде төмендеу тіркелді.Ауыл шаруашылығында өнім 2,5%-ке өсті.Ауыл шаруашылығы бойынша 15 өңірде оң серпін байқалып отыр. Жалпы өңірлер бөлінісінде негізгі көрсеткіштер келесідей», - деді ол.

Оған қоса, осы жылғы қаңтар-наурызда 6 өңір жақсы нәтижелерге қол жеткізген.

   «Олар Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.Сонымен бірге, Қызылорда облысында мұнай өңдірудің төмендеуі мен Сарыарқа құбыр жұмысының аяқталуына байланысты 3 көрсеткіш бойынша төмендеу тіркелді», - деді ол.

  Р.Дәленов айтып өткендей, сыртқы факторлардың теріс салдарын азайту мақсатында бірқатар кешенді шаралар қабылданды. 

«Бұл салықтық ынталандыру, шағын және орта бизнес пен агроөнеркәсіпті қолдау, сондай-ақ жұмыспен қамту бойынша іс-шаралары.Осыған байланысты, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар келесі аспектілерге назар аударуы қажет», - деді министр.

 Министр атағандай, олар белсенді құрылыс жұмыстарының маусымын жедел іске қосу, соның ішінде «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары аясында.

"Мемлекеттік сатып алуды жылдам өткізу, соның ішінде аванстық төлемдерді барынша төлеу және ішкі өндірісті жүйелі қолдау. Нарықты азық-түлікпен белсенді қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның бекітілген шекті мәндерінен жоғары өсуіне жол бермеу», - деді ол.

Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы» мен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында жеңілдетілген кредит беру үшін жобалар пулын қалыптастыру да бар.

   «Аймақтық және республикалық жобалар бойынша негізгі капиталға инвестициялардың нысаналы деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз ету.Жалпы алғанда, сыртқы және ішкі факторлардың жүйелі мониторингі жалғасатын болады», - деп түйіндеді ол.

   Аягөз Құрмаш

Барлық жаңалықтар
34.200.252.156, 192.168.88.100