- Басты
- Жаңалықтар
- InfoKazakhstan е-платформасы қалай жұмыс істейді/ Бизнесіне тыйым салынған кәсіпкерлер үшін 42 500 төлене ме
InfoKazakhstan е-платформасы қалай жұмыс істейді/ Бизнесіне тыйым салынған кәсіпкерлер үшін 42 500 төлене ме
Бүгін елордада Қазақстанда карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жеңілдету жөнінде өткен баспасөз мәжілісі өтті. Шарада Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев карантин шараларын жеңілдетудің бірінші кезеңінде қандай бизнес саласының жұмысы жанданатыны, InfoKazakhstan е-платформасы ұалай жұмыс істейтін, сонымен қатар бизнесіне тыйым салынған кәсіпкерлерге арналған әлеуметтік төлем жөнінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасарының мәліметінше, карантин қызмет көрсету және сауда саласындағы 830 мыңнан астам кәсіпкердің қызметіне кері әсер еткен. Карантин салдарынан бұл салаларда 1,3 млн адам жұмыссыз қалған. Жедел штабтың 40 мың кәсіпкерге жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, қатысушылардың 35 пайызы қызметкерлерін қысқартқан немесе ақысыз демалысқа жіберуге мәжбүр болған. Ең көп зардап шеккен салалар қатарына қоғамдық тамақтану, көлік, тұрмыстық және тағы басқа қызметтер, сонымен қатар бөлшек сауда жатады.
Эльдар Жұмағазиев сонымен қатар 20 шілдеден бастап 5 тамызға дейін еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі, бас санитарлық дәрігер, мүдделі тараптар және бизнес-қоғамдастық, кәсіпкерлер бірлесіп, бизнестің түрлі салалары бойынша жұмысын қайта бастап, жалғастыруы жөніндегі алгоритмдерді талқылады, сондай-ақ бірқатар консультация сериясы өткенін атап өтті.
InfoKazakhstan электронды платформасы қашан іске қосылады
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік қызметті жаңарту жөніндегі алгоритмдерді іске асыру шеңберінде InfoKazakhstan электронды платформасын іске қосқан. Басқарма төрағасының бірінші орынбасарының сөзінше, бқл платформа барлық санитарлық норманы сақтай отырып, кәсіпкерлікке карантин режимінен кезең-кезеңмен шығуға көмектесетін цифрлық шешім. Осылайша эпидемиологиялық қатерлерді азайтуға, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жаңарту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған құрал болмақ.
Платформа 4 қадам арқылы жүзеге асады
Оның сөзінше, платформаның қарапайым интерфейсі қысқа мерзімде 4 қадам арқылы санитарлық нормаларға сәйкестік актісін алуға мүмкіндік бермек.
1-қадам. InfoKazakhstan сайтына кіріп, ұйымыңызды электронды цифрлық қолтаңба арқылы тіркеп, кәсібіңізге қойылған талаптармен танысыңыз. Бизнестің жекелеген түрлері жұмысын тексерусіз, хабарлама тәртібінде қайта бастай алады.
2-қадам. Нысанды талаптарға сай дайындап, жұмыс істеуге дайындығыңызды электронды өтінім беру арқылы растаңыз.
3-қадам. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің тексеру жүргізуін күтесіз.
4-қадам. Тексеру жүргізілген соң нәтиже оң болса, онда жеке кабинетте жұмысты қайта бастауға санитарлық нормаларға сәйкестік актісін жүктеп алу қажет. Егер нәтижес теріс болса, онда олқылықтарды реттеп, өтінімді қайта жіберіңіз.
«Кәсіпкерлердің ыңғайына қарай және бизнестің карантиннен шығуының ашықтығын қамтамасыз етіп, адами фактордың қатысуынссыз жүзеге асатын InfoKazakhstan электронды платформасын іске қосып отырмыз. Аталған платформа арқылы әр кәсіпкер қызметті жаңартуға өтініш бере алады. InfoKazakhstan сайтыныңинтерфейсі қарапайым әрі түсінікті, түсіндіру жұмысына баса назар аударылған. Оқыту роликтері, жаднамалар әзірленді, «Атамекен» ҰКП байланыс орталығы, өңірлік палаталар базасында техникалық қолдау қызметі іске қосылды», - деп атап өтті Эльдар Жұмағазиев.
Infoalmaty.kz жобасы қалай жүзеге асты/ Кәсіпкерлер қалай пайдалана алады
Басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, аталмыш платформа төтенше жағдай кезеңінде Алматы қаласында тиімді іске асқан infoalmaty.kz жобасы негізінде дайындалған. Бұған дейін аталмыш сайтты бизнесі барлар қала бойынша жүріп-тұруға рұқсат алу үшін қолданған еді.
Аталған сайт арқылы жүріп-тұруға рққсат алу үшін бизнесі бар адамдар кәсіпкерліктің жұмыс істеуге дайындығы туралы өтінішті жүктеуі тиіс. Сонымен қатар санитарлық нормалар мен талаптарды сақтайтындарына кепілдік беруі қажет. Талаптар орындалмаған жағдайда айыппұл салынады. Сонымен қатар аталған сайтта қоғамдық бақылау функциясы да жұмыс істейді. Осы фунция арқылы кез келген тұрғын кәсіпорын тарапынан санитарлық нормалардың бұзылғаны немесе сақталмағаны жөнінде қандай да бір шағым түсіруге мүмкіндігі бар. Ал сонымен қатар жеке кабинет арқылы кәсіпкер өтініштің қаралу деңгейін бақылап, электронды өтініш, азаматтардан келіп түскен ұсынымдар мен шағымдарды қарай алады.
Сонымен қатар айта кету керек, сайтта әкімдіктер, санитарлық дәрігерлер, полиция, өңірлік палаталар және тұтынушылар лигасы өкілдерінен құралған тұрақты мониторингтік топ жұмыс істейтін болады. Ресурс қызметін бір мезгілде 150 000 тұтынушы пайдалана алады.
Бизнесіне тыйым салынған кәсіпкерлер үшін 42 500 теңге төлене ме
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмагазиев бизнесіне тыйым салынған кәсіпкерлер үшін 42 500 төлемді ұзарту туралы сұраққа жауап берді.
Оның айтуынша бұл мәселе талқыланған, өйткені кейбір бизнес нысандарына жұмыс істеуге әлі де тыйым салынып отыр. Қазіргі таңда ұсыныс пакетін дайындалуда. Мәселен, оның сөзінше, жақында нысандарды аралаған. Көптеген кәсіпорын қызметкерлері қызмет демалысында отыр, сол себепті кіріс жоқ екенін айтып шағымданған.
«Бұл сұрақ көп жағдайда бюджеттің мүмкіншіліктеріне байланысты. Қалай болғанда да, біз өтемақыны төлеу туралы бастама көтердік, содан кейін оның уақытын әрі ұзарттық», - деді Эльдар Жұмағазиев.
Ол Ұлттық экономика министрлігімен бірге бизнесіне әлі де тыйым салынған кәсіпкерлер үшін қосымша жеңілдіктер қарастырылатындығын атап өтті. Сонымен қоса сауда орталықтары мен базарларда коронавирус індетін жұқтыру қаупі жоғары екенін еске салып, базарға қатысты алаңдаушылық бар екенін, сондықтан толымдылығын 30% -ға дейін болуы тиіс екенін атап өтті.
«Бірақ мұны қалай реттеуге болады, бұл - үлкен сұрақ. Егер бізде бизнес қажет болса, оларға белгілі бір өтемақы төленуі керек. Сонымен қатар салықтарды, несиелер мен лизингті кейінге қалдыру мәселелері пысықталуда», - деді басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды

