• Басты
  • Инфляцияның артуына негізгі азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттауы себеп болды – Е.Досаев

Инфляцияның артуына негізгі азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттауы себеп болды – Е.Досаев

14 Сәуір, 2020 09:59
Ағымдағы жылғы наурызда әлемде коронавирус инфекциясының таралуы мен мұнай бағасының екі есе төмендеуіне қатысты Қазақстан үшін сыртқы жағдайлар біршама нашарлады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында айтып өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
«Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай кезінде ағымдағы жылғы наурызда жылдық инфляция 2020 жылға белгіленген 4,6 пайыздан артып, 6,0 пайызға көтерілді. Инфляцияға негізгі азық-түлік тауарлары бағасының артуы қосты. Олардың өсуі 9,3 пайызға дейін жылдамдады. Мұндай динамика көкөністер бағасының науқандық өсуіне, бір жағынан карантиннің енгізілуіне байланысты тосын сұраныстың туындауына алып келді», - деді Е.Досаев.

Ұлттық банк төрағасы наурызда   қант - 8,5 пайызға, көкністер мен жемістер – 5,1 пайызға, қарақұмық – 2,5 пайызға қымбаттағанын айтты.

«Азық-түлік инфляциясы наурызда 2017 жылдан бергі жоғары мәнге жетіп, 1,07 пайыз жетті. Азық-түлікке жатпайтын тауар бағасы 5,5 пайызға өсті. Көлік, байланыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бойынша жекелеген қызметтер тарифтері артты. Әлемдік қаржы нарықтарындағы қоймалық жаппай енгізіліп жатқан карантинмен енгізілген шаралар теріс перспектива мұнай бағасының төмендеуімен бірге біздің ел үшін нақты экономикалық жағдайлар мен сыни жағдайларды тудырады», - деді Е.Досаев.

   Аягөз Құрмаш 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар