• Басты
  • Инфекционист: Дені сау азаматтарға маска тағудың қажеті жоқ
4 Наурыз, 2020 14:02

Инфекционист: Дені сау азаматтарға маска тағудың қажеті жоқ

Дені сау азаматтарға маска тағудың қажеті жоқ. Маска тек инфекция жұқтырған адам мен медициналық мекемелердің қызметкерлеріне ғана керек. Бұл туралы елордада өткен медициналық маскаларды шығару туралы баспасөз маслихатында ҚР жұқпалы аурулар бойынша жетекші маманы Динагүл Баешева айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Инфекционист: Дені сау азаматтарға маска тағудың қажеті жоқ

Оның айтуынша, инфекция жұқтырудың алдын алу үшін азаматтар жеке бас гигиенасын сақтауы керек. Сонымен қатар ол коронавирустың қандай жағдайда жұғатынына тоқталды.

"Коронавирустың алдын алу тек маскамен шектелмейді. Бұған дейін де айтылды. Қайталап айтқым келеді. Ең маңыздысы - түшкіру мәдениетін сақтау. Адамдар түшкірген кезде 2 метр алыста тұру қажет. Егер коронавируспен ауыратын адам қолын жауып түшкіріп, аузын жапқан қолымен басқа адамдар ұстайтын баспалдақ таяныштарын, жақтауларды ұстайтын болса, кейін оның артынан сол жақтауды ұстаған адам коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары. Бұл коронавирус инфекциясының өзінің ережелері бар. Оның инфекциясы ауада ұшып жүрген жоқ. Сол себепті басты назарды маскаға аударудың қажеті жоқ", - деді Динагүл Баешева.

Сондай-ақ ол Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының айтуы бойынша инфекциядан қорғанудың жалғыз жолы жеке гигиенаны сақтау екендігін еске салды. 

"Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы да, жетекші мамандар да аурудың алдын алу үшін басты қорғаныс құралы маска емес, керісінше қарапайым жеке гигиена тазылығын сақтау. Қоғамдық орындарға барудан уақытша бас тарту, коронавирус инфекциясы таралған елдерге шықпау тырысу секілді кеңестерді тыңдау керек. Сол себепті паника көтеріп, ажиотаж жасаудың қажеті жоқ. Алдын алудың 50 пайызы біз бен сіздің тәртібімізге байланысты", - деді маман.

Бұдан басқа ол коронавирус тараған елдерден келген азаматтардың міндетті түрде дәрігерге қаралу керектігін атап өтті. Сондай-ақ қандай да белгілері пайда болса жедел жәрдем шақыруға кеңес берді.

"Егер сіз коронавирус инфекциясы тараған елдерден келген болсаңыз, сізде жөтел, тыныс жолы ауруларының симптомдары пайда болса, 103 жедел жәрдемге хабарласыңыз қажет. Мәселен, Италиядан келсеңіз, міндетті түрде осындай симптомдар болған жағдайда, дәрігерге қаралу керек. Тағы да айтам, коронавирус инфекциясы Қазақстанда жоқ. Болмай-ақ қойсын. Халыққа дұрыс ақпаратты таратуға тырысайық", - деді Динагүл Баешева.

Сонымен бірге жиынға қатысқан ҚР ДСМ "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" бас директоры Арнұр Нұртаев дәріханалардағы бар маскалар респираторлық вирустық инфекциядан қорғауға жеткілікті екенін айтты.

"2020 жылдың басында еліміздегі дәріханаларда 9 млн-нан астам маска болды. Бұл азаматтарды түрлі вирустық инфекциялардан қорғауды қамтамасыз етуге және профилактика жүргізу үшін және де респираторлық вирустық инфекциядан қорғауға жеткілікті. Алайда коронавирусқа қатысты ажиотажға байланысты бұл масканың барлығын қазақстандықтар сатып алған. Қазіргі таңда елдегі дәріхана желілерінде 1 млн маска данасы қалды. Бірақ ажиотаж кезінде маскаға деген қажеттілік 9 млн-нан 30 млн-ға дейін артты", - деді ол. 

Оның сөзінше, мемлекет бүгінгі күні медициналық мекемелерді маскамен қамтамасыз ету үшін 7 млн-нан астам маска сатып алған. Сонымен қатар ол отандық кәсіпорындардың шығарып отырған маскалар қазақстандықтар үшін жеткілікті екенін атап өтті.

"Сонымен қатар бүгінгі күні үкімет медициналық орталықтарды, денсаулық сақтау орындарын маскамен қамтамасыз ету үшін аталмыш медициналық құралды сатып алуда. Бүгінгі күні медициналық ұйымдар 7 млн-нан астам маскамен қамтамасыз етілді. Бұл тұмау, грипп инфекцияларымен ауыратын науқастармен жұмыс істеу үшін медициналық қызметкерлерді жоғарыда аталған вирустардан қорғау мақсатында жасалып отыр. Қазіргі таңда масканы біздің отандық кәсіпорындар өндіріп отыр. Айына 6 млн-нан астам маска шығарылуда. Сонда күніне 180-200 мыңдай маска шығарылып отыр. Бұл аталған кәсіпорындар алғашқы кезекте медициналық мекемелерді қамтамасыз етуде. Елдегі ажиотажға байланысты масканы экспорттауға шектеу қойылды. Бұл шешім әлі өз күшінде", - деді бас директор.

Сондай-ақ Арнұр Нұртаев та өз сөзінде масканы тек респираторлық вирустық инфекциясы бар науқастар тағуы керегін айтып өтті. Дені сау адамға маска таққан жағдайда керісінше инфекция жұқтыру мүмкіндігі жоғары екенін тілге тиек етті.

"Американың бас эпидемиологы масканы тек қана респираторлық вирустық инфекциясы бар азаматтар ғана қолдану керегін айтты. Сол себепті дені сау адамдарға маска киюдің қажеті жоқ. Масканы тек коронавирусқа шалдыққан адамдар ғана емес, жалпы респираторлық вирустық инфекциясы бар науқастар тағуы керек. Мәселен, азаматтар грипп, тұмау кезінде маска тағуы қажет. Ал басқа жағдайда маска тағудың қажеттілігі жоқ. Ол керісінше инфекция әкеледі. Себебі маска таққан адам оны уақыт өткен сайын қолымен дұрыстау үшін ұстайды. Ал қолы таза болмауы мүмкін. Осылайша, олар вирус жұқтыруды одан әрі арттыруы мүмкін", - деді ол.

Сол себепті қазақтандықтарды қолды жиі жуып, жеке бастың гигиенасын сақтауға шақырды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды