• Басты
  • Индустрияландыру бағдарламасының жетістіктері қандай
13 Қыркүйек, 2019 09:30

Индустрияландыру бағдарламасының жетістіктері қандай

Қазақстанда индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асырылғалы бері машина жасау саласында 114 жоба жүзеге асқан. Ал 2018 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау өндірісінің көлемі бірінші рет 1 триллион теңге көрсеткішінен асқан. Осы жылдың жеті айының нәтижесіне сай өндіріс көлемі 661 миллиард теңгеге жетті.
Индустрияландыру бағдарламасының жетістіктері қандай | Strategy2050.kz

ҚР Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрі Роман Скляр Қазақстанда соңғы жылдары машина жасау саласында тұрақты өсім байқалғанын жеткізді.


«Машина жасаудың кіші салалары бойынша автомобиль жасау өндірісі өсіп келеді. Бүгінгі күні елімізде 167 автомобиль моделі, оның ішінде 39 жеңіл көліктің 22 әлемдік бренді жүзеге асты. Машина жасау саласында индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асырылған жылдары 114 жоба жүзеге асып, осы кезеңде біз жаңа өнім түрлерін өндіруге шықтық. Нөлден бастап автоөнеркәсіп және темір жол машиналарын жасау көтерілді. Ауыл шаруашылығы, электротехникалық, тау-кен және мұнай-газ машина жасау салалары айтарлықтай жаңартылды. Мемлекеттің табысты өнеркәсіптік саясатының арқасында үкімет қосымша құн салығы бойынша преференциялар, жеңілдікті несие және лизинг беруді әзірлеп, экспортты қолдау шаралары сияқты саланы ынталандыру бойынша шаралар жүзеге асты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша машина жасау өндірісінің көлемі бірінші рет 1 триллион теңге болды. Осы жылы да көрсеткіш өсті. Мысалы, жеті айдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 661 миллиард теңгеге жетті», – деді министр Р.Скляров.



Министр пікірінше машина жасау саласы Қазақстанда екі бесжылдық ішінде өндірістің драйверлерінің бірі болды. Соңғы тоғыз жылдан бері өндіріс көлемі 8 есеге артты. Ірі торапты құрастырудан ұсақ торапты құрастыруға көшкен. Шанақтарды дәнекерлеу және бояу бойынша технологиялық операциялар енгізіліп, машина жасаудың жалпы көлеміндегі автоөнеркәсіп үлесі 2010 жылғы 4%-ға қарағанда 19,2%-ға жетіп, 2019 жылдың 8 айында елімізде машина жасау өндірісінің көлемі 18 пайызға артқан.

 

Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру жылдарының ішінде машина жасау саласында жалпы сомасы 276 млрд теңгені құрайтын 114 жоба жүзеге асырылып, шамамен 11 мың жұмыс орны құрылған. Локомотив, трансформатор, коммуналдық жабдықтар, оптикалық құралдар сынды жаңа өнімдер шығарылып, табысты өнеркәсіптік саясат жүзеге асуына жол ашты.


ҚР ИИДМ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын ұсынды. ҚР ИИДМ вице-министрі Берік Камалиев заң жобасының басты аспектілерін атады.


«Темір жол саласын реформалаудың басты мақсаттарының бірі жүк тасымалының бәсекелестік нарығын қалыптастыру үшін жағдай жасау, жеке жүк тасымалдаушылардың МТЖ-ға қол жеткізуі үшін жағдай жасау болып табылады. Сөйтіп жолаушылар тасымалына арналған шығындарды айқын есепке алу және бақылау тетігі іске асырылатын болады. Олар жолаушылар тасымалын қолдаудың бірден бірнеше құралдарының жүзеге асыуына мүмкіндік береді. Мәселен, билеттерге төмен тарифтерді белгілеу, жүк тасымалы есебінен жолаушылар тасымалын тоғыспалы субсидиялау, жолаушылар тасымалын мемлекеттік бюджеттен субсидиялау, жолаушылар жайылымдарын сатып алуға қолдау көрсету секілді шаралар», - деп түсіндірді ол.

 

Кәсіпкерлік кодекске, салық кодексіне және «темір жол көлігі туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Өзгерістер мен толықтыруларды 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап бір жыл мерзімге қолданысқа енгізу ұсынылатын болады.


ҚР ИИДМ басшысы Роман Скляр машина жасау өнеркәсіптің технологиялық жағынан аса маңызды және неғұрлым күрделі салаларының бірі болып табылатынын, ал оны дамыту агроөнеркәсіптік, энергетикалық, металлургиялық, көліктік және экономиканың басқа да негізгі секторлары қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ететінін баса айтты.


«Машина жасауда – электротехникалық машина жасау басқа секторларымен салыстырғанда өндірістің тұрақты динамикасымен сипатталады. Темір жол, ауыл шаруашылығы, тау-кен және мұнай-газ саласы үшін отандық кәсіпорындар электровоздар, локомотивтер, вагондар, тұтас тапталған доңғалақтар, тракторлар, комбайндар, ауыл шаруашылығы техникасын, мұнай сервистік компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар үшін әртүрлі жабдықтар дайындайды. Сондай-ақ салада өндірісте роботталған дәнекерлеу кешендерін қолдану да жүзеге асады. Оларды одан әрі дамыту мақсатында Жол картасында машина жасау кәсіпорындарын қолдаудың нақты шаралары және орындалуы қажет бірқатар міндеттер бар», - деді ол.

 

Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан машина жасаушыларының VІІ форумы басталды. Оған 1000-ға жуық делегаттар, жетекші қазақстандық және шетелдік машина жасау кәсіпорындарының басшылары, орталық мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор, даму институттары, бизнес қауымдастықтар және машина жасау өнімдерінің ірі тұтынушылары қатысуда. Жиында мамандандырылған машина жасау көрмесі де көрсетіледі.

 

Айдана Абдрахманова



ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды