• Басты
  • Индонезия Қазақстанға мәдениетін паш етіп жатыр
3 Ақпан, 2020 15:10

Индонезия Қазақстанға мәдениетін паш етіп жатыр

Индонезияның Қазақстандағы елшілігі елордалық қыз-келіншектерге арнап аспаздық шеберлік сыныбын ұйымдастырды. Сондай-ақ, елшілік қызығушылық танытқандарға тегін би курстарын да ұсынып отыр, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

 Индонезия Қазақстанға мәдениетін паш етіп жатыр

Индонезия елшілігінің мәдени орталығы елордалық қыз-келіншектерге арнап, арнайы Индонезия тағамдарын әзірлейтін шеберлік сыныбын ұйымдастырды.

тамак индлон1.jpg

Алдымен, Дини Куздиани есімді аспаз   "Сото аям" тауық сорпасын қалай әзірлеу керегін көрсетті.

дини.jpg

Елшіліктің бас аспазы өзінің ерекше рецептімен бөлісті.

«Тауықты 3 литр суда қайнатып, көбігін алу керек. Содан соң, қайнап тұрған сорпаға 2 жапырақ лемон грасс (лавр жапырағы), бірнеше сарымсақ, имбир салып қайнатуға қоямыз. Содан соң табаға кішкене сұйық май құйып, жуа, индонезиялық фундук салғаннан кейін, 2 шай қасық кориандр, 2 шай қасық куркума салып, қуыру керек», - дейді ол.

Дини айтқандай, өнім 10 минут қуырылғаннан кейін сорпаға қосылады. Сонымен қатар, 11 жұмыртқаны қайнатып, сорпаны сәндеу үшін пісіру керек.

дайын.jpg

«Сорпаның ішінен тауық етін шығарып, ұсақтап турап, дайындап қоямыз. Тағы орамжапырақты, аскөкті, қайнаған жұмыртқаны ұсақтап тураймыз. Содан соң тәрелкеге салып, үстіне сорпаны құямыз», - деді ол.

Сондай-ақ, мәдени орталықта жасы 30-ға толмаған жастарды биге үйрететін үйірме бар. Үйірме мүшелері қалада болатын мәдени шараларда өнер көрсететін болады.

кыз.jpg

Өз кезегінде Индонезияның Қазақстандағы елшілігінің бірінші хатшысы Росдиана Муртингинских Индонезияға барудың басты артықшылықтары туралы айтып берді.

«Біз әртүрліміз. Индонезия мәдениет пен табиғи ресурстарға бай, сондықтан да мұнда көп ерекшелік табуға болады. Адамдар ашық- жарқын. Бізде Күн жыл бойы қыздырып, ауа райы жылы боп тұрады. Егер осы жақта -30 болса, бізде ол кезде де жаз. Қазақстандықтарды қызықтыратын көп тағамның түрлері бар. Дүкен аралайтын адамдарға да ұсыныстар көп. Бізде туризм саласы жақсы дамыған. Қажетті дүниенің барлығын табуға болады. Біз қызметтердің де әртүрлі түрін тапсырамыз, сондықтан сапарыңыз бюджеттік болуы әбден мүмкін. Егер де, қымбат демалғыңыз келсе, ол нұсқаны да табуға болады. Меніңше, Индонезияға сапар қолжетімді, өкінішке қарай, Қазақстан мен Индонезия арасында тікелей әуерейсі жоқ, алайда Өзбекстанмен тікелей рейс бар», - деді ол.

Сондай-ақ, ол Индонезияның өңірлері туралы айтып өтті.

рос.jpg

« Индонезияға барғыңыз келсе, Джакартаға Алматы-Куала-Лумпур арқылы бара аласыз. Қазақстандық азаматтар Индонезияда визасыз режим бойынша    30 күн бола алады. Индонезия – мультидінді ұстанатын ел. Біздің Конституция 6 дінді мойындайды. Біз Ислам елі емеспіз, алайда Индонезияда мұсылмандар көп шоғырланған. Индонезиялықтардың 9 пайызы Исламды ұстанады.Бізде ислам, протестанттық, католицизм, индуизм, буддизм және конфуцианство мойындалған», - деді ол.

Сонымен қатар, бірінші хатшы Бали өңірі жайлы деректерге тоқталды.

«Бали қайталанбайтын ерекше өңір. Балилықтардың көп бөлігі индуизмді ұстанады. Балиге барсаңыз әр өңірде әртүрлі сезім кешесіз. Жыл бойы Балиде дін мен мәдениетке қатысты әртүрлі фестивальдер ұйымдастырылады. Оған әлемнің түкіп-түкпірінен қатысушылар жиналады. Егер шығыс өңірдегі Папуаға барсаңыз, басқа сезімге бөленесіз. Олардың көп бөлігі христиандар. Алайда, біз барлығымыз үйлессіммен өмір сүреміз. Бізде айтулы көркем жерлер бар. Мәселен, Джакартадағы Истиклаль мешіті. Оның дәл алдында католиктік шіркеу орналасқан. Құрбан байрам сынды ауқымды шара кезінде шіркеу аймағында көлікті қоюға болады. Сондай-ақ, пасха не Рождество мерекесі болғанда Истиклальдің аймағын қолдануға болады. Бұл шыдамдылықтың белгісі. Бізде мәдениет пен әдебиет көп, әлеуметтік қоғам болып саналамыз. Үйлену тойы – бақытты оқиға, біз бақытпен бөліскенді ұнатамыз», - деді ол.

Осы орайда, ол отбасылық құндылық туралы айтып берді.

« Отбасы деген тек ата-ана, туыс-бауыр ғана емес, ата мен апа да кіреді. Бізде мектептен бастап бірге жұмыс істейтін әріптестеріне дейін тойға шақырады. Алайда, ол қыруар қаржыны қажет етпейді.Мүмкіндігіңізге қарай, бюджеттік той ма, әлде ысырап той ма өз таңдауыңызды жүзеге асыра аласыз», - деді ол.


Аягөз Құрмаш

Фото: Гүлжан Раманқұлова 

Барлық жаңалықтар