- Басты
- Жаңалықтар
- Иммунолог: Вакцина халық өмірін қорғау үшін қажет
Иммунолог: Вакцина халық өмірін қорғау үшін қажет
Бүгінде елімізде халықты жаппай вакцинациялауға байланысты түрлі пікір бар. Бірі вакцинаның індеттен қорғайтынын айтса, ал енді бір топ оның тиімділігіне күдікпен қарайды. Осы орайда, көптің көңілінде жүрген күдікті сейілту үшін вакцинациялауға қатысты Республикалық диагностика орталығының клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бөлімінің меңгерушісі, м.ғ.д. Елена Ковзельмен сұхбаттасуды жөн санадық. Ол вакцинаның тиімділігі, вакцина салдырған адамдар ұстануы керек профилактикалық шаралар жөнінде айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Сіздің ойыңызша, вакцина қаншалықты тиімді?
Коронавирусқа қарсы вакцинациялау халықты аталған вирустан қорғау мақсатында жасалып отырған шара. Мұндай шараны біздің мемлекеттің, денсаулық сақтау министрлігінің қолға алатыны күтілген болатын. Дегенмен, мұның тиімділігі туралы айту әзірге қиын. Алайда, оның коронавирустың таралуының алдын алуға, тұрғындарды қорғауға, сонымен қоса, тек COVID-19-дан ғана емес, вирустың жаңадан шыққан түрлерінен қорғайтынана дау жоқ. Біздің елде бірінші болып вакцина алатындар қатарында ұстаздар, әскери қызметкерлер, медицина қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер бар. Вакцинаны аталған маман иелеріне салу – олардың қоғам үшін, халық үшін маңызды екенін білдіреді. Бірінші кезеңде вакцинаның қаншалықты тиімді екенін көре аламыз деген ойдамын. Кейін халықтың басқа бөлігіне салуға мүмкіндік аламыз.
Қазір вакцинаның тиімділігіне байланысты әлеуметтік желіде болсын, басқа пікір алмасу құралдарында болсын түрлі пікір айтылып жатыр. Тіпті, қоғамда қызу талқыға түсуде десек артық айтқандық емес. Осы орайда, вакцинаның тиімділігіне сенбейтін азаматтарға не айтар едіңіз?
Вакцинация науқанына қарсы шыққандар азаматтарды да түсінуге болады. Өйткені, қазіргі кезде вакцина қатысты негативті ақпарат өте көп. Бірақ, ол жағымсыз ақпараттар ғылыми тұрғыда дәлелденбеген. Біздің мемлекет пен министрлік таңдап алған вакцинаға қазіргі таңда нарықта тең келетін вакцина жоқ екенін атап өткен жоқ. Өйткені, бұл вакцина – нарықта бар вакциналардың ең жақсысы болып отыр. Гамалей институты 150 жыл бойына вакциналарды синтездеп, зерттеумен айналысып келеді. Бұл вакцинаның қауіпсіз екендігін, әрі тиімді екенін көрсетеді. Бұл вакцинаны салдыру арқылы біз оның тиімділігін дәлелдей аламыз.
Мен 25 жылдық тәжірибеме сүйене отырып, вакцинаның миллиондаған адам өмірін құтқарып қалғандығын сеніммен айта аламын. Өткен жылы жағдай ушыққан тұста вакцина болмағандықтан, көптеген үлкендер мен балалар қайтыс болды. Сондықтан, вакцинаға аса сене қоймайтын халықтың бір бөлігі үшін вакцинаның адам өмірін қорғап қалудағы маңызы зор.
Вакцина алған азаматтар еркін жүріп-тұра ала ма? Олар үшін қандай шектеу шаралары болуы мүмкін?
Жалпы вирусқа қарсы профилактикалық шараларды ұстанған жөн. Өйткені, қазір бізді тек коронавирус қана емес, тұмау, парагрипп секілді вирустар да алаңдатады. Ал, COVID-19 туралы айтар болсақ, вирустың ағзаға қандай деңгейде тарағанына байланысты. Қазіргі вакцинаның антителасы 2 жылға дейін сақталатын айтылған. Дегенмен, бір рет вакцина салдырған адамның өмір бойына вирустан қорғанып жүруі мүмкін емес.
Еске салайық, 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстанда вакцинациялаудың бірінші кезеңі басталмақ.
Сұхбатыңызға рахмет!
Назерке Сүйіндік
фото:
Ашық дереккөз
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді