• Басты
  • Имамдар форумы: «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы қабылданды
23 Қазан, 2019 17:53

Имамдар форумы: «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы қабылданды

Елордада "Рухани құндылықтар-қоғам бірлігінің негізі" атты III республикалық имамдар форумы өтті. Форумда діни қызметкерлері рухани тұғырнамасының құжаты қабылданды, деп хабарлайды Strtategy2050.kz тілшісі.
Имамдар форумы: «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы қабылданды

ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов аталған форум елдің барша мұсылмандары үшін айтулы оқиға екенін атап өтті.

«Ата дінін ұстанған сұрақтарымыз мемлекет ішінде тұрақтылық пен береке-бірлікті нығайтуға өз үлесін қосып келеді. Ел басшылығы Ислам дінін өркендету, жастарымызды имандылық жолында тәрбиелеу барысында осыған үлкен мән беретінін өздеріңіз біліп отырсыздар. Осы орайда, Қазақстан Президенті Қасым–Жомарт Тоқаев құттықтау хатын жолдап отыр», - дей келе Ерлан Қошанов Президенттің хатын оқып берді.

Мемлекет басшысы игі дәстүрге айналған Имамдар форумының ашылуымен құттықтаудан бастаған.

«Парасаттылық, отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін халықтың санасына сіңіру-сауабы мол, абыройлы миссия. Осындай ізгі құндылықтар еліміздегі мұсылмандар қауымын біріктіріп, ынтымағын арттырып отыр. Осы орайда, имамдарымыз халық арасында рухани ағартушылық жұмыстарын ұдайы жүргізіп, жас ұрпақтың бойында имандылықты дарытуға атсалысуға бұл өте маңызды», -деді ҚР Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында да халықтың ұлы перзенттері – Әл-Фараби, Абай және басқа да ойшылардың еңбектерін дәріптеу қажет екенін атап өтілгенін айтты.

«Сондықтан, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту арқылы Қазақстан халқының тұтастығын сақтап, ұлттық болмысымызды айшықтау бәрімізге де ортақ парыз. Бұл жиын Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасына және еліміздегі дін өкілдерінің рухани бастамаларына тың серпін береді деп сенемін», - деді Қ.Тоқаев.

Өз кезегінде Президент Әкімшілігінің басшысы жүректің таза, сананың жоғары болуы, адамдардың ниеті дұрыс болса, қоғам ылғи да жақсылыққа қарай ұмтылатынын атап өтті.

«Мемлекет те елдің берекелі болғанын, қоғамның жақсара түскенін ,әрине, қалайды. Осы тұрғыдан алғанда біздің ортақ мақсатымыз бір – ол тұрақтылықты сақтау және халықты бірлікке жұмылдыру», - деді Е.Қошанов.

Өз кезегінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз форум аясында маңызды құжаттар қабылданғанын айтты.

«Форум аясында біз «Жеті рухани қазық»   рухани тұғырнамасы құжатын қабылдадық. Имамдардың атқаратын діни рәсімдерінің тізілімі және қызметтік өзінің міндеттемелерін айқындайтын тізілімдер сынды бірнеше құжаттар қабылданып отыр. Бұл қабылданатын құжаттар біздің діни және руханият саласына жаңадан серпін береді деген үміттеміз»,-деді ол. 

Сонымен қатар, Бас мүфти адамның өмір салты жиі құбылған заманда рухани құндылықтар аса маңызды екенін атап өтті.

«Негізделмеген кез келген бастамалар баянсыз, яғни болашақсыз болады. Сондықтан да, мақсатымыз – рухани құндылықтарды, ойларымыз бен ұсыныстарымызды ортаға салып, бұдан былайғы уақытта дін қызметкерлері қабылданған құжаттар аясында қоғамда жастар тәрбиесінде осы бағытта жұмыс жасайтын боламыз», - деді ол.

Сонымен қатар, Серікбай қажы Ораз рухани жаңғыру аясында бірқатар мақсаттар тұрғанын атап өтті.

«Біз еліміздің Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласындағы игі идеяларды, сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды Тұғырнамасында көрсетілген «Баршаға ортақ игілік. Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» бастамасын қолдай отырып, оған үлес қосуды азаматтық борышымыз деп санаймыз. Бүгінгі шара – осындай ізгі ойдан туған бастама. Біздің басты құндылығымыз - елдің амандығы мен жердің тыныштығы, бірлігі мен бейбітшілігі. Дін қызметкерлері мұны айтудан ешқашан жалыққан емес. Өйткені пайғамбарымыз прогресске үндеген. Дамудың жолын көрсеткен. Керітартпа көзқарас алға жылжуды тежейді», - деді Бас мүфти.

Өз кезегінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бүгінгі форум Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының беделін арттыруға, имамдарымыздың мәртебесін күшейтуге, еліміздегі мұсылман үмбетінің ортақ мүддеге бірігуіне септігін тигізетін маңызды шара екенін атап өтті.

«Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде дәстүрлі исламның, жалпы, діннің рөлі айтарлықтай өсті.Азаматтардың ,әсіресе жастардың дінге бет бұруы қоғамдағы белсендлігі артып келеді. Осы тұста біздерге діни бағыттағы жолымызды саралап, заманауи талаптарға сай бағыт алу қажет. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы» деген болатын. Бізде тарихи тұрғыда қалыптасқан ислам діні біркелкілігімен, төзімділігімен және дәстүрімізбен астасып жатуымен ерекшеленеді», - деді Д.Абаев.

Сондай-ақ, министр өкінішке қарай, діннің атын жамылып кейбір адамдар экстремизм мен терроризмді, діни фанатизмді насихаттап жүргенін жеткізді.

«Олар қазақ жеріндегі сан ғасырлық тарихы бар исламды, бабаларымыздың Әл-Фараби мен Жүсіп Баласағұн, Шәкәрім дәріптеген дінімізден сырт айналып, диструктивті діни ағымдардың жетегінде кетті. Сондықтан, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдында ерекше жауапты жұмыс тұр. Ол еліміздегі мұсылмандарды қолда бар алтынның қадірін білуге, оны қастерлеуге, балалар мұрасы асыл дінімізді көзінің қарашығындай сақтауға үйрету. Оған қоса, Ислам дінін ұстанушылардың діни білімін арттырып, ғаламдық сұраныстарға жауап бере алатын сапалы өніммен тәрбиелеу кезегін күттірмейтін шаруа. Осы мақсатта біздер нақты жұмыстарды бастадық», - деді Д.Абаев.

Айта кетейік, форумға мемлекет,қоғам және дін қайраткерлері,ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері,теолог-ғалымдар және Діни басқарманың 500 имамы қатысты.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды