Пікірталас клубы

Пікірталас алаңы: Орталық Азия елдеріне салынған инвестициялардың 70 пайызы Қазақстанға тиесілі

Эксклюзив
Орталық Азия елдеріне салынған инвестициялардың 70 пайызы Қазақстанға тиесілі. Бұл туралы бүгін «Стратегия» пікірталас алаңында белгілі болды. Инвестициялар және даму министрлігінің маманы мен Мемлекеттік және жеке меншік әріптестік орталығының сарапшылары елдегі инвестициялық ахуалды талқылады. Толығырақ Strategy2050.kz АА әзірлеген материалдан оқи аласыздар.
Астана қаласы08 Маусым , 16:30

Жақында ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар Кеңесінің 31-ші пленарлық отырысы өтті. Биыл Кеңес 20 жылдығын атап өтеді екен. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Инвестиция комитетінің аналитикалық талдау басқармасының бас сарапшысы  Азамат Абдуалиев  Елбасы   инвестиция тарту мәселесіне көп көңіл бөлетінін атап, 6 маусымда өткен отырыстың тетіктеріне тоқталды.

«Шетелдік инвесторлардың  отырысының басты тақырыбы жеделдетілген жаңғырту.  Оған 300-ден астам  шетелдік және отандық  ірі компаниялар қатысты. Жұмыс барысында трансұлттық компаниялардың басшылары цифрлық трансформация, технологияларды қолдану, цифрландыруды  жаңғырту мәселелерін  талқылады», - деді А.Абдуалиев.

Оның айтуынша,  шетелдік инвесторлар кеңесі инвесторлар  арасында  бірегей идеологиялық алаң құру мақсатында құрылған болатын.

«1998 жылы Мемлекет басшысының саясаты нәтижесінде осындай  кеңес құрылды. Инвесторлар біздің елдің экономикасына сенім артып, инвестиция құйды. Оның нәтижесінде көптеген жұмыс орындары ашылып, экономика реттелді. Бәсекеге қабілетті орта құрылды», - деді А.Абдуалиев.

Ол айтқандай, Орталық Азия елдеріне салған инвестициялардың  70 пайызы Қазақстанға тиесілі. Бұл өте үлкен көрсеткіш.

«Ұлттық банк деректеріне сәйкес,  2005-2017  жылдары елімізге  264, 4 млрд АҚШ доллары салынған. Ол өте ауқымды қаржы. 2017 жылы  20,8 млрд доллар салынған. Индустрияландыру бағдарламасы аясында өңдеуші өнеркәсіп инвесторлар үшін тартымды бола бастады. Инвестиция үлес  3 есеге өсті.  2009 жылы 8,5 пайыз болса, 2017 жылы ол 25 пайызды құрады», - деді ол.

А.Абдуалиевтің айтуынша, ең көп инвестиция тау-кен өнеркәсібіне, сауда және көлік салаларына құйылған.

«Едәуір жоғары көлем: Германия, АҚШ, Швециядан тікелей инвестиция құйылады. Биыл қаңтар-сәуір айларында негізгі капиталға құйылған инвестицияның жалпы көлемі 2,6 трлн теңгені құрады», - деді ол.

Өз кезегінде Мемлекеттік жеке меншік әріптестік орталығының сарапшылары  Тәттімбет Жұмағұлов 2005 жылы МЖӘ туралы заң қабылданғанын айтып өтті.

«Шетелдік инвесторлар көбінесе ірі жобаларға  инвестиция құяды. Алматы облысындағы  ҮААЖ сынды  жобалар шетелдіктер үшін тартымды. Бұл жерде шетелдік инвесторлар ірі жобаларға келеді. Ол бізге өте тиімді,олардан тәжірибе алмасамыз.  Медицина саласында Кореямен мемлекеттік жеке меншік әріптестік  орталықтары мен министрліктер бірқатар  жобаларды жүзеге асыруда. МЖӘ-ға келетін болсақ, шетелдік тарап қондырғылар әкеледі. Олармен айналысатын мамандар болмай тұрып қалады. Сондықтан да, біздің талап олар сол құрылғылармен жұмыс істеу үшін  мамандарды үйретуі керек», - деді Т.Жұмағұлов.

МЖӘ орталығының сарапшысы Дидар Арыстан  қазіргі кезде  МЖӘ бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалардың бірі   Ақтау қаласында әуежайдың терминалы екенін айтты.

«Корея елімен де көп жоспарлап жүзеге асырылып жатыр. МЖӘ арқылы  бірқатар жобалар жоспарлану кезеңінде болып отыр. Қазір Шығыс Қазақстан облысында да белгілі жобалар жүзеге асырылады деп күтілуде. МЖӘ арқылы іске асқан жобалар деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Заңға бірқатар өзгертулер енгізілген соң, инвесторлар енді тартылып жатыр», - деді  Д.Арыстан.

Ал, Азамат Абдуалиев тің пікірінше,  инвестициялық ахуалды жақсартуды  әуежайдан, шекара қызметін бастау керек. Шекарадан жылы қабылданған инвесторлар жайлы жұмысқа кірісуге дайын болады.

«Стратегиялывқ мәселелерге келетін болсақ, 2017 жылы  ЭЫДҰ мүшелігіне ендік,   бұл біздің инвестициялық ахуалымыздың жоғары екенінің дәлелі. Әлемдік стандартқа сай екендігіміздің кепілі.  Инвестициялық ахуалды  дамытудың жаңа деңгейіне шықтық деп айта аламыз», - деді ол.

Маман айтып өткендей, елдегі  шикізат секторына  30-дан көп инвесторлар кірген.

«Шетелдік инвесторларды ең алдымен бизнесті енгізу жеңілдігіне қарайды. Біз 190  елдің ішінде  біз 36-шы орында тұрмыз. Бізде инвесторлардың құқығын реттейтін  заң жобасы бар. 2017 жылы Дүниежүзілдік банкпен  бірлесе   отырып Ұлттық инвестициялық  стратегия қабылдадық. Ол бойынша  5 жылдың ішінде  118 млрд АҚШ долларын тарту керек деген жоспар бар.  Әр жыл сайын  25 млрд доллар тартылуы керек. Қазір осы стратегия  аясында нормативтік актілерді ағылшыншаға аудару жұмыстары жүргізілуде», - деді А.Абдуалиев.

Дидар Арыстан   қазіргі таңда МЖӘ аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар көп  емес екенін жеткізді.

«Оның ішінде жол салу, денсаулық сақтау ұйымдарын салу саласында бірқатар жобалар  жүзеге асырылуда. МЖӘ  жүйесінде  тұтынудың кепілдігі деген түсінік  бар. АЭА-ларда оған кепілдік берілмейді. Инвестор алдымен шығындардың  аз болуы мен табыстың көп болуына және оның тауарына сұраныс болуына қарайды», - деді Д.Арыстан.

Өз кезегінде,  А.Абдуалиев  арнайы экономикалық аймақтардың ішінде жеңіл өнеркәсіпке көңіл бөлу қарастырылғанын жеткізді.

«Жеңіл өнеркәсіп Шымкентте қарқынды  дамып жатыр. Астанада бірқатар жобалар бар. АЭА мен Индустриалды аймақ бойынша заң жобасын әзірледік. Ол  Мәжілісте қаралуда. Ол  заң жобасы бойынша бизнесті енгізудегі біраз қағазбастылық жойылады», - деді А.Абдуалиев.

Сарапшылардың пікірінше, елде бизнес енгізу  барынша жеңілдетіліп, шетелдік инвесторларды тартуға барлық жағдай жасалып жатыр.

Аягөз Құрмаш




Яндекс.Метрика