- Басты
- Жаңалықтар
- ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы
ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз алаңында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі криминогендік жағдайларға тоқталып өтті. Сондай-ақ, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Бір аптада елімізде 3268 қылмыс жасалды
Брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз бір аптаның ішінде орын алған криминогендік жағдай туралы айтты. Оның мәліметінше, бір апта ішінде Қазақстанда 3268 қылмыс жасалды,оның 2217-cі тәулік ішінде ашылған.
«Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 11 кісі өлтіруді, 8 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 41 тонау және 522 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты», - деді ол.
Президент Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдаған
ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілінің мәлімдеуінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдаған. Ерлан Тұрғымбаев президентке елдегі қазіргі криминогендік ахуал мен ішкі істер органдары жұмысының нәтижелері туралы баяндаған.
Соның ішінде, қылмыстың көптеген түрлерін ашу көрсеткіштерін жақсарғанын жеткізген. Кісі өлтіру, тонау, бұзақылық, ұрлық, сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмағандар жасаған құқық бұзушылықтар саны азайған. Қоғамдық орындар мен көшедегі қауіпсіздік деңгейі жоғарылаған. Алайда, интернет желісін пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстар саны артқан. Оның айтуынша, оған пандемия кезіндегі онлайн-қызметтердің өсуі ықпал еткен.
Сонымен қатар, мемлекет басшысына вакцина алғандығы жөнінде жалған құжаттар таратудың жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылған. Жыл басынан бері полиция органдары 50-і жалған вакцинация паспорттарын және 60-ы жалған ПТР-анықтамаларын жасағаны үшін 110 қылмыстық іс қозғаған.
Министр ІІМ бөлімшелеріндегі жеке құрам қызметкерлерінің 96 %-ы екпе алғанын жеткізді. Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, карантиндік шараларды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуді, сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың, тұрмыс саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырған.
«Полицейдің бір күні» жобасы басталды
Сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілінің айтуынша, 5 тамыздан бастап жобаға Нұр-Сұлтан қаласынан 18 журналист қатысуға деп ұсыныс білдірген. Жобаның мақсаты-бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасасуды одан әрі нығайту, сондай-ақ полицияның оң имиджін қалыптастыру мен оның ашықтығын қамтамасыз ету екенін жеткізді.
«Полицейдің бір күні жобасы» – жедел қызметкерлердің, тергеушілердің, криминалистердің, учаскелік инспекторлардың, полицияның патрульдік инспекторларының қызметтердің күнделікті жұмысын БАҚ-та жариялауға бағытталады.
«Жобаның алғашқы күні «Baq.kz» ақпарат порталының журналисі Аягөз Құрмаш полициядағы жұмыс күнін Нұр-Сұлтан қаласы ПД Жедел басқару орталығында өткізді. Журналист өзін толыққанды полицей ретінде сезіну үшін нысанды киім берілді», - деді Нұрділда Ораз.
Оның айтуынша, аталған шара жергілікті БАҚ өкілдерімен аумақтық Полиция департаменттерінде де жалғасын табатын болады. Жоба жыл соңына дейін жалғасады.
Тереңдігі 5 метрлік дәретханаға түсіп кеткен балалар аман қалған
ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілінің мәлімдеуінше, Түркістан полицейлері тереңдігі 5 метрлік дәретханаға түсіп кеткен 3 және 10 жастағы балаларды аман алып шыққан.
Оның айуынша, Сарыағаш АПБ кезекшілігінің “102” нөміріне жергілікті тұрғын әйел хабарласып, үйінің ауласындағы дәретханасының ішіне өзінің 3 жасар ұлы мен 10 жасар қызының абайсызда түсіп кеткенін айтып, көмек сұраған. Хабарламаны бірінші болып алған Сарыағаш АПБ учаскелік полиция инспекторлары Нұрдаулет Еділов пен Асыл Ережепов, сондай-ақ Айсұлтан Сапар оқиға болған жерге небары екі минут ішінде жедел жеткен.
«5 метр тереңдіктегі әжетхана ішінен бірінші 3 жасар ұлды, артынша10 жасар қызды аман алып шықты. Осылайша Сарыағаш АПБ-ның қос полицейі өздерінің жедел әрекет етуі мен қалайда балаларды құтқаруға барын салып, қайсарлық танытып әрекет етуінің арқасында олар аман қалды. Осы ретте полицейлердің әрекетіне риза болған және балаларының әжетханадан аман шыққанына қуанған анасы Ажаркүл Саржанова алғысын айтты», - деді Нұрділда Ораз.
Биыл жол ережесін бұзудың 4 миллионға жуық жағдайы анықталған
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтың айтуынша, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ішкі істер органының басты міндеті. Жыл басынан бері елде 7 180 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 1 017 адам қаза болып, 9 533 адам түрлі дене жарақатын алған.
Оның сөзінше, жолдағы қауіпсіздіктің айқындаушы факторы ретінде бұрынғысынша жүргізушілердің тәртібі қарастырылып отыр. Осы жылы жол белгілері талаптары мен таңбаларды елемеудің 1 мыңға жуық оқиғасы анықталған.
«Биылғы 7 айда жол ережесін бұзудың 4 млн-ға жуық жағдайы анықталды. Оның ішінде жылдамдықты асырудың 1,4 млн фактісі тіркелді», - деді Серік Түсіпов.
Серік Түсіповтың мәліметінше, 13 мыңнан астам жүргізуші автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталған. Жол-көлік қағидаларын бұзғаны үшін көлік жүргізу құқығынан он мыңнан астам адам айырылған.
«2 мыңға жуығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жүргізушілер тарапынан жол қауіпсіздігін сақтау әлсіреген. Полиция жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бақылауды күшейтті. Биылғы 7 айда жол тәртібін бұзушылық 2020 жылмен салыстырғанда 60 пайызға көбейген», - деді ол.
Жол инфрақұрылымын тексеру нәтижелері
Серік Түсіпов жыл басынан жол инспекцияның бөлімшелері 360 мың шақырымды қамти отырып, 20 мыңға тарта автожолды зерттегенін айтып өтті. Нәтижесінде еліміздегі жолдарда қосымша 24 мыңнан астам жол белгісін орнату қажеттігі анықталған.
Сонымен қатар, жолдағы қауіпсіздікке теріс әсер ететін жол инфрақұрылымына қатысты біраз кемшілігі анықталған. Бұл кемшіліктерді жою бойынша 19 мыңға жуық нұсқау жолданып, жолды күтіп ұстауға жауапты 2 мыңнан астам лауазымды қызметшіге айппұл салынған.
Жаяу жүргіншілердің тәртібі
Әкімшілік полиция комитетінің өкілінің айтуынша, елімізде әрбір үшінші жол-көлік оқиғасына жаяу жүргіншінің қатысы бар екені анықталған. Талдау нәтижесінде қазіргі кезде жолдағы өлім-жітімге жол-көлік оқиғаларының үш негізгі түрі байланысты екен.
«Осы орайда жаяу жүргіншілерді қағып кету, көліктің аударылуы мен автомобильдердің соқтығысуы жағдайлары бар. Жол-көлік оқиғаларының осы түрлерінен өлім-жітім басқа жол апаттарынынан қаза болғандардың 58 %-ын құрады», - деді ол.
Сондай-ақ, ол жаяу жүргіншілерге қатысты мәліметтерге тоқталып өтті. Жыл басынан жаяу жүргіншілер тарапынан 155 мыңнан астам ереже бұзу анықталған.
«Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі мәселесі өзекті болып тұр. Еліміздегі әрбір үшінші жол-көлік оқиғасы, әрбір төртінші қаза болған мен жарақат алған олардың үлесіне тиесілі. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің тәртібіне қатысты мәселе бар екенін атап өткен жөн», - деді Серік Түсіпов.
Жолда ереже бұзу жағдайын анықтау мәселелері
Еліміздегі жолдарда әрбір екінші ереже бұзу жағдайы камера арқылы тіркеледі екен. Серік Түсіпов еліміздегі әрбір бесінші жол-көлік оқиғасы елді мекен аумағында жылдамдықты асырудан болып отырғанын жеткізді.
Оның мәліметінше, жылдамдықты асырудан 1296 жол-көлік оқиғасы орын алған. Салдарынан 136 адам қаза болып, 1 628 адам дене жарақатын алған.
«Жол апаттарының алдын алуға автоматикалық камераларды орнату елеулі әсер етіп отыр. 2020 жылы жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылда қосымша 3,5 мың камера орнатылды», - деді ол.
Оның дерегінше. осы орайда жол ережесін бұзу жағдайын анықтайтын автоматикалық камера саны 13,2 мыңнан асқан. Биыл олардың көмегімен 1,6 млн жол ережесін бұзу фактісі анықталған. Еліміздегі әрбір екінші ереже бұзу жағдайы камера арқылы тіркеледі.

-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
-
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді

