- Басты
- Жаңалықтар
- ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары
Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз жедел-қызметтік жұмыстың қорытындыларымен таныстырды. Сондай-ақ, жиында ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов жол қозғалысы саласындағы құқық қолдану қызметінің қорытындылары туралы баян етті. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары
ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз алаңында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз ІІМ-де алқа отырысы өтіп, онда Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау барысы және 9 айдағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындылары қаралғанын айтып өтті.Оның айтуынша, жұмыстың "сервистік моделіне" көшу, полиция қызметтерінің ашықтығын, айқындығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ халықпен "кері байланыс" мәселелері қаралған.
«Министр Ерлан Тұрғымбаев "жұртқа жақын полиция" қағидатын іске асырудың, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін модульдік бекеттер мен учаскелік пункттер желісін дамытудың маңыздылығын атап өтті», - деді Нұрділдә Ораз.
Оның мәлімдеуінше, қабылданған шаралар нәтижесінде ауыр қылмыстар, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық, тонау, зорлау, ұрлық, мал ұрлығы, бұзақылық саны төмендеген. Оң үрдістердің ішінде – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың 30%-ға, мас күйінде жасалатын қылмыстардың 21%-ға, қоғамдық орындар мен көшелердегі бұзақылықтар үштен бірге азайғанын атап өтті. Сондай-ақ, бірқатар өңірлерде отбасылық-тұрмыстық қылмыс саны айтарлықтай төмендеген.
«Азаматтардың сенімдерін пайдалана отырып, қылмыскерлер алдаудың әртүрлі тәсілдерін қолданады. Көбінесе ұрланған қаражат электронды төлем жүйелері арқылы шетелге шығарылады», - деді Нұрділдә Ораз.
Оның айтуынша, осыған байланысты ҚР ІІМ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ішкі істер министрлері кеңесінің отырысында елден тыс, шектес мемлекеттер аумағында жасалатын осындай қылмыстарға қарсы іс-қимыл тетігін бірлесіп әзірлеу туралы бастама көтерілген. Сондай-ақ, есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі жұмыс бөлек қаралған. Есірткі құралдарын интернет арқылы жарнамалау және тарату үшін жауапкершілік күшейтілген.
«Заңсыз айналымға жедел ден қою және оны болдырмау үшін есірткінің жаңа түрлеріне тыйым салынады, есірткіге қатысты қылмыстық жауапкершілік күшейтілді», - деді ол.
Жол қауіпсіздігі мәселелері
ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз алқа отырысында қаралған тағы бір өзекті мәселе жол қауіпсіздігі екенін айтып өтті. Ол жол апаттарының негізгі себебі жүргізушілердің тәртіпсіздігі, әрбір бесінші жол-көлік оқиғасы олардың жылдамдықтың артуына байланысты орын алатынын жеткізді. Ал, әрбір сегізіншісі қарсы қозғалыс жолағына шығу немесе жол қиылыстарынан өту салдарынан болады екен. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің тәртіпті сақтамауы салдарынан кісі өліміне әкеліп соқтыратын жол-көлік оқиғалары да көп орын алады. Жарақаттанушылардың да саны артып отыр.
«Осыған байланысты Ерлан Тұрғымбаев жолдардағы қауіпсіздікті бақылауды күшейтуді, көше-жол желісіне тексеру жүргізуді, жол-пайдалану қызметтерінің бұзушылықтарды жоюды ұйымдастыруды, жол инфрақұрылымына жауапты мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жандандыруды тапсырды», - деді Нұрділдә Ораз.
Сондай-ақ, министр бейнебақылау жүйесін кеңейту, жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркеу жүйесін белсенді қолдану және аталған бұзушылықтар үшін қатаң принциптер ұстануды тапсырған. Бірінші кезектегі міндеттердің қатарында жеке құрам арасында заңдылық пен тәртіпті сақтау, кадр саясатын жетілдіру, қоғам мен халықтың үмітіне сай болу үшін полицейдің "жаңа форматын" құруды атап өткен.
Сервистік полиция-құқықтық тәртіп саласы
ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша, ІІМ-де ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің көшпелі отырысы өткен. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Мемлекет басшысының қыркүйек айындағы Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру аясында полицияның сервистік моделін одан әрі енгізу жөніндегі жобаны іске асыру туралы айтып берген. Оның айтуынша, сервистік полиция-құқықтық тәртіп саласындағы проблемаларды бірлесіп анықтау және шешу үшін мемлекеттік институттардың азаматтармен тұрақты серіктестік қатынастарына негізделген қоғам қауіпсіздігі моделі. Ведомство басшысы "халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидаттарын іске асыру және халықпен кері байланыс, ІІМ жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығы, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру шеңберіндегі ведомствоның қызметіне тоқталып өткен.
«Жұртқа жақын полиция» қағидаты
Нұрділдә Ораздың сөзінше, министр бүгінде жергілікті полиция қызметін реформалау жалғасып жатқанын, учаскелік полиция инспекторының өкілеттіктері кеңейтілгенін жеткізген. Сондай-ақ, "Жұртқа жақын полиция" қағидаты аясында полицияның қажет болған жерлерде тұрақты болу әсерін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.
«Қалалардың ең криминогендік учаскелерінде тәулік бойы жұмыс істеу үшін модульдік полиция бекеттері орнатылуда. Қазіргі уақытта осындай 71 бекет салынды, 5 жыл ішінде тағы 143 бекет салу жоспарлануда», - деді Нұрділдә Ораз.
Сондай-ақ, өңірлерде "полиция "дабыл түймесі" құрылғысын тестілеу және кезең-кезеңмен іске қосу жүргізілуде.Түймені басқан кезде полицияның жедел басқару орталығының қызметкерімен дереу байланысуға болады. Орнатылған камераның көмегімен бейне түсіру қамтамасыз етіледі, ал динамиктер ЖБО офицеріне хабарласушы адаммен аудио байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Оның сөзінше, құрылғылар жылдың соңында іске қосылады.
«Әкімдіктермен бірлесіп учаскелік пункттер салу бойынша шаралар қабылдануда, салынып жатқан тұрғын үй кешендеріндегі учаскелік пункттер үшін үй-жайлар бөлу мәселелері пысықталуда», - деді Нұрділдә Ораз.
Сондай-ақ, бірқатар өңірлерде халықаралық және отандық сарапшыларды тарта отырып, полицияның сервистік моделін сынақтан өткізу бойынша "пилоттық" жобалар іске қосылған. 2019 жылдан бастап жоба Қарағанды қаласы әкімдігінің базасында, ал 2020 жылдың басынан бастап Нұр-Сұлтан қаласында іске асырылуда. Соның ішінде, Алматы қаласында, Ақтөбе және Павлодар облыстарында жобалық топтар құрылған.
Жобалардың негізгі мақсаты пилоттық аумақтың проблемаларын жан-жақты зерделеу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесіне құқық бұзушылықтың алдын алудың басқа субъектілерін және жергілікті қоғамдастықты тарту болып табылады. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын қабылдауға ықпал ететін болады.
«Болашақта әзірленген ұсыныстарды ескере отырып, оларды барлық өңірлерде іске қосу жоспарлануда. Депутаттар полицияның сервистік моделін енгізу қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесіне құқық бұзушылықтың алдын алудың басқа субъектілерін және жергілікті қоғамдастықты тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті», - деді Нұрділдә Ораз.
Сонымен қатар, Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков сервистік модельдің мәні қоғам мүшелерінің қауіпсіздік проблемаларын анықтау процесіне қатысуында жатқанына тоқталып өткен. Ол полиция мен қоғам арасындағы серіктестікке негізделген.
Жол қозғалысы саласы қорытындылары
ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов жол қозғалысы саласындағы құқық қолдану қызметінің 9 айдағы қорытындылары туралы баян етті. Оның айтуынша, Ішкі істер органдарының маңызды міндеті әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу болып табылады. Осы орайда, жыл басынан бері полиция 6 млн – нан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кескен, оның ішінде 5 млн-нан астамы жол қозғалысы бойынша болған. Оның мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда 40% - ға артық бұзушылық анықталған.Сондай-ақ, бүгінгі күні полиция құқық бұзушылықтардың жолын кесу кезінде алдын алу шараларын көбірек қолданатынын айтып өтті. Мәселен, тәртіп бұзушыларға қатысты полиция шығарған жаза қолдану туралы барлық қаулылардың 42% - ы бойынша "ескерту" шығарылады.
Жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатындар:
- белгіленген жылдамдықтан асып кету;
- жол қозғалысы ережелерін бұзу;
- белгілер мен таңбалау талаптарын бұзу;
Жалпы бұзушылықтардың басқа түрлеріне мыналар жатады:
- көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу;
- сыртқы жарықтандыру құрылғыларын қолдану ережелерін бұзу;
- жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белбеуін пайдалану ережелерін сақтамау;
- көлік құралдарын тоқтату немесе қою ережелерін бұзу;
- жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы;
- қиылыстарды кесіп өту немесе жүру бөлігінен өту ережелерін бұзу;
Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға қатысты жыл басынан бері анықталды:
- жүргізушілердің мас күйінде көлік жүргізудің 18 мыңға жуық дерегі
- қарсы жолаққа шығудың 5 мыңнан астам фактісі
- жаяу жүргіншілер тарапынан 200 мың заң бұзушылық
- 20,5 мың жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды
- 17,5 мың адам әкімшілік қамауға алынды.
ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтың дерегінше, жол қозғалысын қадағалайтын полиция қызметкерлері 100% мобильді планшеттермен жабдықталған. Олардың көмегімен 1,9 млн электронды хаттама жасалған. Қызметкерлер анықтаған жол қозғалысы ережелерін бұзудың жалпы санының 94%. Қалған 6%-ы сот жазбаларына жатады. Мобильді планшеттердің көмегімен электрондық хаттамалардың жасалуы оларды рәсімдеу уақытын қысқартуға, деректер базасынан автоматты режимде алынатын мәліметтердің қате енгізілуін болдырмауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, құқық бұзушылықтар туралы бұл мәліметтер онлайн режимінде ҚСжАЕК ақпараттық жүйелеріне және электрондық үкімет порталына түседі. Бұл азаматтарға айыппұлдар бойынша берешекті уақтылы төлеуге мүмкіндік береді.
«Қазіргі уақытта азаматтарға ыңғайлы болу үшін KPSiSU ERAP ЕРАП екінші деңгейлі банктер жүйесімен интеграцияланды, ол арқылы айыппұлды онлайн режимінде төлеуге болады», - деді Серік Түсіпов.
Оның айтуынша, енді полиция бөлімшелеріне айыппұлды төлеу туралы түбіртек ұсынудың қажеті жоқ. Төлем туралы ақпарат әкімші есепке алу деректер базасында автоматты түрде көрсетіледі. Енді айыппұлдардың бар-жоғын тексеруге және электронды үкіметтің «egov.kz» порталы арқылы онлайн режимінде, мобильді қосымшалардағы интернет-сайттар арқылы qamqor.gov.kz, Kaspi.kz, Kolesa.kz, HandyPay, MyPay, homebank арқылы төлеуге болады.
Құқық бұзушылық туралы істерді электрондық жолдау
Оның сөзінше, Көкшетау қаласында "әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі"ақпараттық жүйесі арқылы сотта қарау үшін полиция органдарының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді электрондық жолдау бойынша пилоттық жоба жүргізілуде.Бұл қағаз хаттаманың жасалуын толығымен жояды.
Жүргізушілердің тәртібін арттыруда жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеудің автоматты жүйелері маңызды рөл атқарады. Жолдарда барлығы 13 мыңнан астам камера орнатылған.
Мұндай жүйелер жол қозғалысы ережелерін бұзудың келесі түрлерін автоматты түрде тіркеуді жүзеге асырады:
1) жылдамдық режимін асыру;
2) қиылыс алдында тоқтау сызығы мен тұтас сызықтың қиылысуы;
3) бағдаршамның тыйым салатын сигналына жүріп өту;
4) қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақпен жүру
Қылмыстық заңнамада:
-мас күйінде жол-көлік оқиғаларын жасағаны үшін жауапкершілікті көздейтін қылмыстық әрекеттердің жаңа құрамы енгізілді.
- мас күйіндегі Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның құқық бұзушылықтың осы түрін қылмыстық теріс қылықтар санатынан жауапкершілікті күшейте отырып, онша ауыр емес қылмыстарға ауыстыру арқылы көлік құралын басқарғаны үшін жауапкершілік күшейтілді. Енді мұндай жүргізушілер өмір бойы басқару құқығынан айырылады.

-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
-
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ»
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

