• Басты
  • ІІМ: Учаскелік полицей инспекторының мәртебесі, балалар суициді және жол-көлік оқиғалары

ІІМ: Учаскелік полицей инспекторының мәртебесі, балалар суициді және жол-көлік оқиғалары

24 Мамыр, 2021 12:25

Елімізде апта ішінде 3306 қылмыс жасалып, оның 2272-сі тәулік ішінде ашылған. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.

Учаскелік полицей инспекторының мәртебесі

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз Ішкі істер министірлігінің басшысы мәжілісте учаскелік полицей инспекторының мәртебесін арттыратын заң жобасын ұсынғанын жеткізді. Оның айтуынша, осыған дейін учаскелік полиция инспекторының мәртебесін заңды түрде арттырып оған тиімді жұмыс істеу үшін қажетті өкілеттілікті беру тапсырылған. Бүгінде учаскелік полиция инспекторларға қоғамдық қауіпсіздікті қалыптасыратын кең ауқымды міндеттер жүктелген. Олар азаматтардың құқықтарын қорғау, отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық қауіпсіздігі, қоғамдық қауіпсіздік, жол қауіпсіздігі, көші-қон, қоршаған ортаны қорғау, аумақтарды абаттандыру және басқа да мәселелерді шешуге қатысады.

«Заңнамалық түзетулер құқық бұзушылықты жасауға себептер мен жағдайларды жедел жою үшін жеке және заңды тұлғаларға заңды дербес енгізуге учаскелік құқық беруді көздейді. Қазіргі уақытта мұндай ұсыныстарды енгізуге полиция органының бастығы ғана құқылы», - деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Бұдан басқа, ол заң жобасында қызметтің ажырамас буыны ретінде учаскелік полицияның көмекшісі мәртебесі бекітілетінін хабарлады. Оның айтуынша, көмекшінің болуы әсіресі ауылдық жерлерде өте маңызды болып табылады. Мұнда учаскелік полицей қызметкерлері биліктің жалғыз өкілі және көбінесе полиция бөлімшелерінен қашықтықта бірнеше елдімекенге қызмет көрсетуіне жол ашады. Сонымен қатар, бүгінде көмекші сотқа дейінгі тергеу бойынша учаскелік полиция қызметкерлері барлық өкілеттіліктерге ие.

«Соның ішінде, түзетулерді қабылдау, учаскелік полицейлерге қосымша өкілеттілікті беруге, қосымша жұмысының тиімділігін едәуір арттыруға, комиссарларды екінші кезектегі жұмыстан босатуға және негізгі міндеттерді алаңсыз орындауына мүмкіндік береді», - деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Ондағы негізі мақсат- азаматтардың қауіпсіздігі сондықтан полицейдің ұлттық сервистік моделінің тұлғасы, учаскелік инспектордың жұмысы үшін барлық жағдайды жалғастырады.

Ішкі істер министрлігі ресми өкілінің айтуынша, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен, сондай-ақ министр Ерлан Тұрғынбаевтің қатысуымен өткен қоғамдық қауіпсіздік мәселелер жөніндегі онлайн кеңес барысында полиция жұмысынына сервистік тәсілді енгізу жұмыстарының тұжырымдамасымен таныстырды. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бағдарламалық кеңсесінің қолдауымен енгізіліп жатқан полиция жұмысының сервистік моделінің пилоттық жобасы алдағы уақытта бақылаудан қызмет көрсетуге көшетінін айтып өтті. Ведомствоаралық топ азаматтардың қауіпсіздігі бойынша учаскелік полицейлер мен пәтер иелері корпаративтері үшін парақ алынған. Осы парақ негізінде құқық бұзушылыққа әсер ететін фактілерді анықтай отырып, өз ауласында қауіпсіздік деңгейін бақылауға болатынын жеткізді.

Нұрділдә Ораз өз сөзінде Ерлан Тұрғынбаевтың Еуропалық ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының консультациялық құрылымына қатысты Алматыда ведомствааралық топ құруды ұсынғанын жеткізді. Ол белгілі бір ауданның криминагендік жағдайын егжей-тегжейлі талдау қызметін өз мойнына алатын болады. Қауіпсіздік мәселелері бойынша жергілікті жұртшылықпен өзара нәтижелі қарым-қатынас орнатады. Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша жаңа тұжырымдама Алматының неғұрлым шағын аудандарында пилоттық режимде сынақтан өткізілетінін айтып өтті.

Балалар суицидінің саны артты

Қазақстанда кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтер саны бір жылда 15% — ға, өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің саны - 5% ға өскен. 2020 жылы республикада балалардың терезеден құлауының 108 жағдайы тіркеліп, 18 бала қайтыс болған.

«Кәмелетке толмағандардың өзіне-өзі қол жұмсауының 449 фактісі тіркелді. Әр екінші істің себебі түсініксіз болып қалады, өйткені жанжал отбасында орын алады», - дейді брифингте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Жол көлік оқиғаларын азайту жұмыстары

Жол көлік оқиғаларын азайту және жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын-алу үшін 17 мамырдан бастап «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Нұрділдә Ораздың мәлімдеуінше, қозғалыс іс-шарасы үшін автожолдардың авариялық қауіпті учаскелерімен жөндеу жұмыстары орындарында қосымша текеріс өтетін болады. Ондағы мақсат- жол көлік оқиғаларының негізгі себептерін алдын-алу. Осы ретте жылдамдық ережесін бұзу, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер жолымен өту, мас күйінде көлікті басқару және тағы да басқа құқық бұзулықты анықтау бағытындағы жұмыстар күшейтілді.

Сондай-ақ жол қозғалысын қадағалау кезінде 1 апта ішінде 49 мыңға жуық жол ережелерін бұзудың жолы кесілген. Оның ішінде, көлікті мас күйінде басқарғаны үшін көлік жүргізу куәлігінен айырылған 841 жүргізуші анықталған.

«Полиция жылдамдықты асырғаны үшін 7000 аса жүргізушіні, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 300-ден астам жүргізушіні, авариялық жағдай жасағаны үшін 600-ден астам және басқа бағдаршамның тыйым салатын сигналынан өткені үшін 1143 жүргізушіні жауапқа тартқан», - деді Нұрділдә Ораз.

Қоғамдық жолаушылар көлігі жүргізушілері арасында 776 ереже бұзушылық анықталған. Оның 687-сі заңсыз қайта жабдықтау фактісі болса, 56-сы рэйс алдындағы техникалық тексеруден өтпегені бойынша тіркелген.

Автожолдардың 7000 шақырымнан астамы апатты қауіпті учаскелер тілкеліп, 1197 жол белгілері қойылған.

Пәтер тонау мәселелері

Осы айдың 19-21 күндері аралығында елімізде «Пәтер» атауымен кең ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны өткізуге криминалдық және әкімшілік полиция қызметкерлері жұмылдырылып, 238 пәтер ұрлығының беті ашылған. Қылмыстық жауапкершілікке 294 пәтер ұрысы, оның ішінде 22 топ тартылған екен.

ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Базарбайұлының айтуынша, ұрланған заттар сатылатын 1 500-ден астам орын тексерілгенін жеткізді. Сондай-ақ, пәтер ұрлығы үшін іздеуде жүрген 8 қылмыскер, 67 күдікті ұсталған. Соның ішінде, Қостанай қаласында бұған дейін істі болған 2 жергілікті тұрғын қолға түскен. Олар пластик терезелерді бұзу арқылы 4 пәтерді тонағаны анықталған.

«Күдіктілер келтірген шығын 1,5 млн теңгеден асып түседі. Олар ұрланған алтын бұйымдарды ломбардтар арқылы бірден сатып жібергені белгілі болды», - деді Қанат Нұрмағамбетов.

Қанат Нұрмағамбетовдың айтуынша, әлеуметтік желілерді пайдаланатын азаматтар ұрыларды өз пәтерлеріне келуге өздері шақырады. Себебі олар үйінің орналасқан жерін, қандай машинада жүретінін, қазіргі уақытта қай жерде, қаладан тыс жерлерде немесе курортта екенін көрсетеді. Осы уақытта пәтер қараусыз қалатыны белгілі. Олардың өзі ықтимал қылмыскерлерге орналасқан жері туралы хабарлайды. Оның айтуынша, ұрылар адам өзімен бірге алып кетуіне болатын зергерлік бұйымдарды, ақшаны және басқа да ұсақ заттарды ұрлайды. Сондай-ақ, мұндай қылмыстар күндізгі уақытта, үй иелерінің өздері мен балалары жұмыста және мектепте болған кезде болатынын жекізді.

"Ең көзге түсетіндері - 1 және 2 қабаттарда орналасқан пәтерлер. Әсіресі, бұл пластикалық терезелер мен темір торлары жоқ терезелер болса. Сондай-ақ, егер есіктер ағаш болса және әлсіз құлыптармен жабдықталған болса тіптен қорқу керек. Үйдің кіреберісі мен периметрі бойынша бейнекамералардың болмауы да рөл атқарады, - деді криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары.

Барлық жаңалықтар